Сан есім

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың мақсаты: 1.Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін жетілдіру.Сөйлем ішінен сан есімді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Қай сөзбне байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. 2. Шығармашылық ойлау қаблетін дамытып, сөздік қорын, тілдерін жетілдіру. 3. Білімді, ынталы болуға, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Сематикалық карта, жұмбақтар, интерактивті тақта. Әдісі: СТО элементтері, ойын,сандар арқылы болжау. Түрі: Аралас сабақ. Пән аралық байланыс: Математика ,ағылшын,орыс тілі. Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Қазақ тілім,өз тілім,ана тілім, Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім. -Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып көп сынайды»деген қазақтың мақалы бар.Бүгінгі сабақта бар білімімізді ортаға салайық. II. Үй тапсырмасын тексеру. 8-жаттығу III. Үй тапсырмасын бекіту. IV. Жаңа сабаққа дайындық. Берілген әріптер ішінен сабақтың тақырыбы болатын сөзді табу.



АӘБДҒСАНИОР ПРСТЕСІМҚФ -Сан есім туралы кім не айтады? -Қазақ халқында қай санды киелі сан дейміз? -Ол туралы не айта аламыз? (7 ата,7шелпек,7жұт,аптаның 7күні,7керемет) Мұғалім: -Адам баласын таң қалдыратын ғажап дүниелер! Бұндай кереметтер біздің елімізде бар ма екен, анықтап көрейікші! Бүгінгі сабақта Қазақстанның 7 кереметіне не жатқызуға болатынын анықтаймыз.Ол үшін бізге сан есім туралы білімдеріміз қажет болады. Әрбір тапсырманы орындаған сайын бір керемет ашып отырмыз. -Ендеше, іске сәт! VI. Оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта, Теңселіп тербеледі адам соқса. Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен, Не пайда үндемейді адам жоқ та. -Домбыра -Домбыра туралы деректерімен танысу. (Жоба жұмысы) (Күй тыңдау) 1-кереметіміз - Домбыра. 2- жаттығу. VII. «Ойлан, тап!» 1.Сызықшаның орнына тиісті сан есімді қойып, мақал құрастыр. 2. Сандарды үш тілде айту (қазақша, орысша, ағылшынша). 1. Өнерлі баланың он саусағы тең, Өнерсіз баланың бір саусағы кем. 2.Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені. 2-кереметіміз-Айша бибі кесенесі. VII. Сергіту сәті: 3-4 жаттығу. 3-кереметіміз -Тайғазан. IX. Жұмбақтар шешу. 1-қатар: Бір,үш,бес,он, Жиырма, елу, жүз, екі жүз,мыңы бар. Әрқайсысының құны бар. Бұлар нелер? (теңгелер) 2-қатар: Білімі жетсе шамасы, Алатын бала бағасы Бір мен бестің арасы. Бұл не?(мектеп бағалары) 3-қатар: Үш жүз алпыс бес, Үш жүз алпыс алты, Әр жылдағы қалпы. Бұл не? (1жыл) 4-кереметіміз-Тамғалы кешенесіндегі жартасқа салынған суреттер. X. Өзіндік жұмыс. 5-жаттығу. 5-кереметіміз-Алтын адам.

Өткенді қайталау. XI. Жеке жұмыс. 1-карточка. Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді ата. 2-карточка. Қай айда 28 күн бар? 3-карточка.1 жұмыртқа 10 минутта піседі, 3 жұмыртқа неше минутта піседі ? 6-кереметіміз -Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. «Сиқырлы сандар» ойыны 7-кереметіміз-Күлтегін ескерткіші Қазақтың 7-кереметін анықтадық.

XIII. Қорытынды.

Семантикалық карта.

Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Оқыды

Ақылды

Төрт

Барып

Келді

Бесінші

Көк

Ағаш

XIV. Үйге тапсырма. 9-жаттығу.

XV. Бағалау.

Семантикалық карта.

Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Оқыды

Ақылды

Төрт

Барып

Келді

Бесінші

Көк

Ағаш

Семантикалық карта.

Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Оқыды

Ақылды

Төрт

Барып

Келді

Бесінші

Көк

Ағаш





1-карточка.

Ердос тоғыз жаста. Ол төртінші сыныпта оқиды.

Сыныпта жиырма сегіз оқушы бар.

2-карточка.

Қай айда 28 күн бар?

3-карточка.

1-жұмыртқа 10 минутта піседі,

3 жұмыртқа неше минутта піседі?



Ашық сабақ

Тақырыбы:

Сан есім

Орындаған: Аштаева. К.Қ

2014-2015 жыл

© 2010-2022