Әліппе. Тақырыбы: Дауыссыз б мен п

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Дауыссыз б мен п жайлы алған білімдерін пысықтау, бекіту.

Дамытушылық. Жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларға адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесін беру. Көркем, сауатты жазуға үйрету.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көренекілігі: Жылжымалы тақта, суреттер, ережелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1. Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достар!

Бүгінгі күн, міне,

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

124-жаттығу. Дыбыстық талдау жасау.

ІІІ. Өткенді пысықтау.

Балалар мына тақтада әріптер ілулі тұр еді. Қане іздейік.

Тақтада дауыссыз деген сөз жазулы тұрады.

«Кім білгір?»

1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

3.Жуан дауыстыларды ата.

4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

5. «Ата» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

ІV. Жаңа сабақ

Міне, балалар жоғалған әріптерімізді таптық. Қане бәріміз оқиықшы. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы дауыссыз б мен п дыбыстары.

Күннің жадын, тақырыбын жазамыз.

V. Оқулықпен жұмыс.

126-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Күзде қандай жұмыстар атқарылады?

Өлеңнің ішінен п дыбысына аяқталатын сөздерді көшіріп жазу.

Ереже шығару.

Автор Тұманбай Молдағалиев туралы мағлұмат беру.

Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады: мектеп, доп, кітап.

Орыс тілінен енген сөздерде б дыбысы жазылады.

VІ.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық

Қане, қанат жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық.

VІІ. Дәптермен жұмыс. Тақтамен жұмыс.

127-жаттығу. Көп нүктенің орнына п,б әріптерінң тиістісін қойып жазу.

VІІІ. Өз бетімен жұмыс.

Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзге сөйлем құрап жазу.

ІХ. «Кім шапшаң?» ойыны.

Суретпен жұмыс

Штаб,клуб сөздерін оқу.

Х.Ұйқасын тап ойыны.

Жеймін деп, көп қауынды,

Менің інім … (ауырды)

Арба сықырлап жүрді,

Ит арсылдап … (үрді)

Сүрініп кетіп құлады,

Аяғым деп … (Жылады)

ХІ. Баспалдақ ойыны

доп

әдеп

кітап

мектеп

ХІІ. Үйге тапсырма

130-жаттығу.

Тірек сөздерді пайдаланып, «мектеп» тақырыбына әңгіме құрау.

ХІІІ. Бағалау.

ХІV. Сабақты қорытындылау.









© 2010-2022