Баяндама «Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар»

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коммуналдық мемлекеттік мекеме

Ортақ орта мектебі













«Баланың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар»

баяндама





Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

С.Е.Кабдрахманова



2015-2016 оқу жылы

Баланың ойлау қабілетін дамытуға
арналған логикалық ойындар.


Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор , ересек адам үшін еңбектің, жұмыстын,қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын - баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Жалпы, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Математика сабағында қазақтың ұлттық ойындары қолданылады. Мысалы: «Сақина салу», «Ақсүйек» ойыны белгісіз санды табуға арналған ойын. Ойынға толық сынып қатысады. Кестедегі белгісіз сандардың орнына «ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Кім ақсүйекті көп тапса, сол ұтады. Өтілген тақырыптардағы сабақ материалына лайықталған ойын есептерін алып, тек ғана оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз. Мұндай ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары және жолдары және оларды қолданудың тиімді бөліктері жан-жақты ойластырылуы керек. Ойын үрдісінде балалардың білімі тереңдей түседі, осыған дейінгі білімдері мен түсініктері баянды болып жаңа білім игеріледі.

Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлау мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.

Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балаларды көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданылатынын байқау қиын емес. Ойын айналадығы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.
Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстараға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болшаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Баланың ақыл ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, ііскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Сәлемдесу.

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы күн балалар!

Қайырлы күн қонақтар!

Жобаның мақсаты:

  • Баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Жобаның тапсырмалары:

Жұмбақтар, суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі тапсырмалар және санамақтар.

Сабақтың түрлері:

Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында

Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту

Семинар сабақ - оқушының білімін тереңдету

Сайыс сабақ - оқушылар оларының жүйріктігін байқау

Ойын, жұмбақ - оқушылар зейінін дамыт.

Сахналау сабақ - оқушылар шығармашылығын дамыту

Ертегі сабақ - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Дәстүрлі емес сабақтың бір түрі - ойын сабақ.

Сабақтың бұл түрі - баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. «Сөзжұмбақ» оқушылардың ой-өрісін, білім көкжиегін тексерумен қатар өтілген материалды қаншалықты меңгергенін тексеруге өте қолайлы. Логикалық тапсырмалар оқушының психологиялық және жс ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Қазіргі педагоктардың пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Жұмбақтарды шешуойларын бір жүйеге жүйелейді.балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді. Жұмбақ шешу шығармашылық үрдіс. Сөзжұмбақты шешу кезінде оқушыларға сызу қиындық туғызады, сондықтан сөзжұмбақты алдын ала тақтаға сұрақтармен қосып жазып қойған дұрыс. Сөзжұмбақты кішкентай қалташалар арқылы жасауға болады. Қалташаларға салынған кеспе қағаздардың беті өзіңе қарай қаратып жазып, екінші жағына тапсырмалар жазуға болады. Тақырып бойынша құрастырылған сөзжұмбақты балалармен жеке жұмыс жасағанда да қолдануға болады.

Жұмбақтар

Қызықтырып әркімді-ақ

Суда жүзер жылтылдап.

«Б» әрпінен басталар,

Сол жәндіктің атын тап. (.............)

Отыз екі мықты.

Қаз-қатар боп шықты

Он алтысы үсті

Он алтысы асты (................)

Математика сабағындағы шығармашылық қабілетін дамыту.

Логикалық есеп

  • Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?

  • Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  • Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?

  • Бөлмеде 2 орындық тұр. Әр қабырғаның жанында бір-бір орындық болуы үшін орындықтарды қалай қоюға болады?

Ойлан, тап!

Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр.

Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу.

Мақсаты: оқушылардың амал таңбаларын тағайындай білу дағдыларын дамыта түсу.

(14*6)*10=10

Математикалық тест

4+3 9, 10, 7 10-3 7, 8, 9

6+3 9, 6, 4 9-2 5, 6, 7

Логикалық ойын

  1. Екі сиырдың мүйізі қанша?

  2. Бір мысықтың аяғы қанша?

  3. Бес қойдың басы нешеу?

  4. Үш адамның қолы нешеу?

Маймылдың не айтқысы келетінін білгің келе ме?

Онда әріптерді түсіне қарай таңдап, құйрығына жазып шығар.

Сергіту сәті

Ал санайық, санайық,

Санын біліп алайық

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу

Қолымда сонда саусағым нешеу?

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Санамақтар

Тауық, жөнін тауып,

Он жұмыртқа басты,

Өздерінше мықты

Төрт балапан шықты

Қанша қалғанын

Есептей алмай отырмын.

Он екі үйрек көріп ем,

Төртеуі суға түсіп кетті

Айтпауға сөз қалмады.

Қаншасы орнынан қозғалмады?

Үш алманы бақтағы

Кірпі алып жинады

Ең әдемі біреуін

Ақ тиінге сыйлады.

Ыдыстағы алманың

Санап көрші қалғанын

Суреттегі үшбұрыштың санын табу

Әріптердің құпиясы

Кестенің көмегімен жасырын сөйлемді оқы.

САҚНМДПОЛРБЖ

О - ел

Н - Қазақстанның

Д - құдіретті

Ж - жатыр

А - әлемдегі

Л - бірлігінде

Б - татулығында

Р - ұлт

М - бүгінгі

Қ - жаңа

С - Жаңа

П - күші

Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Не үйрендік?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Дамыту жолдары:

Ойлау және оқыту үрдісінде оны дамытудың жолдары.

Ойлау процесі обьект пен субьектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз - оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік береді, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау - сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс - әрекеттері нәтижесінде пайда болып , тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

Ойлау - адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байлыныстарды ашатын психикалық процесс.

Ойлау - аса күрделі психикалық процесс. Оны зерртеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын , яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің зандылықтарын қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой прцесіннің сатысы ретінде зерттеу , ойлаудың білім мен тікелей байланысты екндігін қөрсетеді.

Ойлауды дамыту - оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.

  1. Практикалық іс-әрекеттілік.

  2. Көрнекі - бейнелік.

  3. Сөздік - логикалық.

Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.

  • /Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту/практикалық әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/.

  • /Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру/анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификациялау/т.б.

  • 3/ Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.

  • 4/ Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.

  • 5/ Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.

  • 6/ Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.

  • 7/ Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.

  • 8/ Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.

  • 9/ Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.

  • 10/ Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.

  • Қорытынды:

Ойымызды қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды-деп ой түйіндейміз.


© 2010-2022