Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Ашық сабақ: «4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру»Бекітілді

Оқу ісінің меңгерушісі: Қайырқұл. Ш. С

Математика. 22.10

Сабақтың тақырыбы: 4 - ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға 4 -ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру, және көбейту мен бөлу амалдарына есептер шығаруға машықтандыру. Өзін - өзі тексеру дағдысын қалыптастыру.

ә) оқушылардың білім - білік дағдыларын кеңейту, ой - өрістерін шығармашылығын киялдау қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) оқушыларды тапқырлыққа, тазалыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Типі: Жаңа білімді жетілдіру

Түрі: Ойын сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі: сюжетті суреттер, мультимедиялық проетор, тақта, слайд, тест тапсырмалары

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар, мұғалімдер қатысып отыр.

  1. Психологиялық дайындық.

1 слайд.

Бұл қай кезде болады?

Бұлттар төніп

Жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай

Денең мұздап тонады.

Айтыңдаршы , балалар

Бұл қай кезде болады?

Ш. Ахметов

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз айларын айтайықшы?

(қыркүйек, қазан, караша)

  • Олай болса, біз бүгінгі математика сабағымызда «Күздің кереметтерін тамашалауға серуенге шығамыз ».

2 слайд.

Ширығу стратегиясын пайдаланып хормен айту.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізеді біздерді

Математика сырына.

3 слайд.

Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал.

Тестпен жұмыс.

  1. Ұзындық өлшемдерін белгіле?

а. литр

ә. грамм

б. Метр

2. Мына сандардың қайсысы 3 - ке бөлінеді?

а. 17

ә. 31

б. 18

3. Баласы 21 - жаста, ал әжесң одан 40жас үлкен. Әжесі неше жаста?

а. 40 жаста

ә. 61 жаста

б. 51 жаста

4. Санды 0 - ге көбейткенде мәні неге тең?

а. 1

ә. 0

б. 4

5. Әріпті өрнекті белгіле

а. с+70

ә. 90-43

б. 20+70

6. Килограммен өрнекте: 7ц 6кг

а. 76

ә. 706

б. 760

7. Көбейткіш 7, көбейткіш 3 көбейтіндінің мәнін тап

а. 10

ә. 14

б. 21

8. Қабырғасы 4см шарашының периметрін тап.

а. 14см

ә. 8см

б. 16см

4 слайд.

Үй тапсырмасын тексеру.

6 - тапсырма.

Динарада 200 теңге болды. Ол 5 теңгеден 3 шар сатып алды. Динараға неше теңге қайтарады?

7 - тапсырма.

5, 7, 9 цифрларынан ең үлкен және ең кіші сандар құрастыр. Олардың айырмасын тап. Шыққан айырманың мәнінен ең үлкен және ең кіші сандар құрастыр. Тағы да олардың айырмасын тап.

5 слайл.

Күз дегеніміз не?

Күздің тапсырмасы: 4 қаз ұшып барады

Биіктен төмен қарай

Аяқ нешеу, бас нешеу?

Жауабын кім табады?

(8 аяқ, 4 бас)

6 слайд.

Жаңа сабақ. (Тақтаға күннің жадын жазу)

Әрбір секіруде 4 бірлік бар.

2, 3 секіруде қанша бірлік бар?

7 слайд.

4 бағаннан тұратын 4 - ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.

4*4=4*3+4=16 16/4=4

4*5=4*4+4=20 5*4=20 20/4=5 20/5=4

4*6=4*5+4=24 6*4=24 24/4=6 24/6=4

4*7=4*6+4=28 7*4=28 28/4=7 28/7=4

4*8=4*7+4=32 8*4=32 32/4=8 32/8=4

4*9=4*8+4=36 9*4=36 36/4=9 36/9=4

8 слайд.

Бәріміз білеміз күзде құстар жылы жаққа ұшады. Сол құстардың тапсырмасы:

Кітаппен жұмыс

Оқулығымыздың 83 бетін ашып, 2тапсырмасын орындаймыз.

Есептердің шешуін жаз.

Бәріміз іштен түсініп аламыз.

9 слайд.

«Сәйкестендіру» ойыны.

3*6= 27

6/3= 8

9*3= 18

4*2= 2

12/3= 24

8*3= 4

10 слайд.

Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түседі.

Жапырақтар тапсырмасы.

4, 5 тапсырмалар

4 - тапсырма. Дәптерге сызу.

5 - тапсырма. Өрнектер құрастыр және олардың мәндерін тап.

а. (9*3)-8=19

ә. (829-732)+(18/2)=106

б.(508-502)*3=18

11 слайд.

Сергіту сәті.

Күз туралы өлең айту.

(шашылған жапырақтарды жинау)

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан - алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Ой, алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ.

(жапырақ астындағы мысалдарды оқу).

12 слайд.

Күнді бұлттан құтқару ойыны

(күзде ауа - райы өзгеріп тұрады, күн бұлттанып жиі жаңбыр жауады).

6 - тапсырма. (ауызша шығару).

13 слайд.

Күздің кереметінің тапсырмасы.

Топтастыру.

3

14 слайд.

Нені үйрендік?

Өлең құрастыру

Біздер тату баламыз

Өсіп алға барамыз

Есептерді шығарып

Білімді оқушы боламыз

15 слайд.

Күзгі жапырақтардың орнына тиісті сандарды қой.

а

1

3

6

5

7

9

3 есе арттыр

4 ке арттыр


Үйге тапсырма: 3, 7 тапсырма

Бағалау

Сабақ аяқталды.



© 2010-2022