Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
  • 0

«№7 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ


«Пайдалы қазбалардың түрлері»

Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

3 «А» сынып

Өткізген: Кунанбаева Ж.Ж.


2015-2016 оқу жылы

«№7 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Қоршаған ортаны қорғайық!

Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

3 «А» сынып

Өткізген: Кунанбаева Ж.Ж.

2015-2016 оқу жылы







Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері.
Сабақтың мақсаты: а) Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.
ә) Дамытушылығы: Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілігі: Табиғатты аялай білуге, сүйіспеншілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер, слайд, карта интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
: Оқушылардың оқу құралдарын қадағалау. Назарын сабаққа аудару
ІІ. Қызығушылықты ояту.
«Алтын ережені» еске түсіру

1. Бір - бірімізді тыңдау, қатысу
2. Уақытты үнемдеу
3. Ойымызды еркін айту
4. Тақырыптан ауытқымау
5. Анық, нақты сөйлеу
ІІІ . Өткен сабақты сұрақ жауап арқылы сұрау.
«Дода» ойыны арқылы үй тапсырмасын бекіту.
ІV Жаңа сабақ
«Ойлы болсаң озып көр!»(жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу)
Түсі қара, сұйық зат
Тереңде жатады.
Қазсаң атқылайды
Жақсаң жанады
Пайдаға жарайды. (Мұнай)
Шахтадан оны қазамыз,
Пешке салып жағамыз.
Үлкен үйді жылытып,
Рахатқа біз батамыз.
Бұл не?
/Көмір/
Мөлдір, әрі түссіз,
Өзі табиғи отын. /Газ/
- Балалар, жұмбақтың шешулері не болды? Олар неге жатады?/Пайдалы қазбалар/
- Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалардың түрлерімен танысатын боламыз.
Жаңа сабақты тірек сызбалар арқылы түсіндіру
Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 3 топқа бөлінеді: Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

көмір, шымтезек, темір, қорғасын, гранит, әктас, мұнай, табиғи газ мыс, алтын, алюминий құм, саз, тұз


1. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
2. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады. Тас көмір - ең көп өндірілетін қазба. Сен тас көмірді тек отын ретінде ғана пайдаланылмай, одан басқа да көптеген заттар алынатынын білесің. Оны өңдеу арқылы дәрі - дәрмек, мата бояйтын бояу, әтір, қопарғыш зат, тыңайтқыш, нафталин, пластмасса және басқа көптеген заттар алынады.
Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл топты тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз т. б. құрайды. Олардың қайсысы болса да біздің жерімізде баршылық. Ал Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарды иеленеді. Фосфоритті ұнтақтап, фосфор ұны тыңайтқышын өндіреді. Гранит - өте қатты тау жынысы. Оның табиғи бүлінуі өте баяу, жүздеген жылдар бойы өтеді. Бірақ граниттің бәрінің бүліну процесі бірдей емес, ірі қиыршықтысы тез, майда қиыршықтысы өте баяу бүлінсе, ал сұр гранит бүлінбейді десе де болады. Құрылысқа қолданатын гранитті ысып жылтыратады, тегістейді, жөндейді. Бұл оны бүлінуден қорғайды.

ЕСТЕ САҚТА! Пайдалы қазбалар - жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады.
V. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар
Оқулықпен жұмыс:
Мәтінді тізбектей оқу

Оқулықтағы тақырыпты оқу, пайдалы қазбалардың негізгі топтарын бөліп көрсет.
Сипаттап, кестені толтыру.

Пайдалы қазба аты

Ерекшелігін сипаттау

Қолданылу, пайдалану

мұнай

көмір

әктас

гранит

саз

темір



Дәптермен жұмыс. Пайдалы қазбалардың шартты белгілерін салу
VІ. Оқушылардың өздік жұмыстары Іздеген жетер мұратқа. Картамен жұмыс
1) Кен орындарына тоқталу
2) Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру:

- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.

Тас көмір - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Мұнай- Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Газ- Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Темір - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Алтын - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Мыс - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Тұз - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Әктас - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Саз -Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Алюминий - А


VІІ. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз
Белге қолды қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға біз
Бір, екі, үш: бір, екі, үш.
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тыныш боп отырамыз.

Сен білесің бе?
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Қазақтың тұңғыш геологы кім еді?
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының Қ.И. Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.

Географиялық диктант.

1. Пайдалы қазба түрлері: ........ , ........ , ....... .

2. Жанғыш пайдалы қазбалар: ......... , ......... , ......... .

3. Кенді пайдалы қазбалар: ......., ........ , ........ , ..........

4. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар: ........... , ......... , .......... , ........... .

  1. ............. және ........... мыс кен орындары бүкіл дүние жүзіне әйгілі.

  2. .......... бұрғылау әдісі арқылы алынады.

  3. Қаратаудағы ............. кен орынының дүние жүзінде теңдесі жоқ.


VІІІ. Сабақты бекіту

Ойын : «Мен- саған, Сен -маған»

Пайдалы қазбалар мен оның қасиеттерін бағыттық сызықтар арқылы қос.

Мұнай сұйық

жанғыш

Газ газтәріздес

майлы

Темір қатты кенді

иісі бар

судан жеңіл

судан ауыр

Балшық иілгіш

балқығыш

ІХ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, түсінік айту. 70-71 бет Қосымша тапсырма: Ұялы телефонды, компьютерді жасау үшін қандай пайдалы қазбалар қолданылатынын білу
Х.Бағалау:





Пайдалы қазбалардың түрлері

  • ЖанатҚ

  • 7 желтоқсан 2012

  • 7472

  • 0

  • 0

Кайдакова Жанат Бекболатовна
«Сымбат» жеке мектебі
Ақтөбе қаласы

Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері
Сабақтың мақсаты:
1. Пайдалы қазбалар түрлері, қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу қабілетін дамыту; оқушылардың тіл байлығын дамытып, балаларды логикалық ойлауға,
салыстырып, қорытынды жасауға үйрету.
3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу, ел байлығын үнемдеп пайдалануға үйрету.
Сабақтың түрі:
Әдіс - тәсілдері: Хабарлау, сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау.

Сабақ барысы.
І. Қызығушылықты ояту.
Психологиялық дайындық
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күліп шықты бүгін күн!
Бәріміз дос болайық

ІІ. Миға шабуыл
Миды шынықтыру
Адамдар үй құрылысына қандай материалдарды
қолданады? (цемент, кірпіш, бетон, орман, құм)
Жол құрылысына? (ұсақ тас, асфальт, бетон)
• Көпір жасау үшін? (бетон, темір)
Адамдар үйді немен жылытады? (ағаш, көмір, газ)
Адамдар бұл материалдарды қайдан алады? (табиғат, жер)
Жауабы: ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР

ІІІ.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқы. 51-бет
2. Оқулықтағы тақырыпты оқу, пайдалы қазбалардың негізгі топтарын бөліп көрсет.
3. Сипатта
4. Кестені толтыр

Пайдалы қазбалар
Кенді Кенсіз
Темір кені Құрылыстық Жанғыш
Гранит, әктас, құм, саз
Көмір, шымтезек, мұнай, табиғи газ

ЕСТЕ САҚТА! Пайдалы қазбалар - жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады.
Слайд № 10 .Темір рудасы
1. Қатты
2. Қоңыр түсті
3. Мөлдір емес
4. Мықты
5. Өзіне темір заттарды тартып алады.

Слайд № 11. Гранит бөлшектері
Кварц ------------------------- Слюда---------------------- Дала шпаты
(ақ түсті) --------------------- (сұр түсті)------------------ (қызыл түсті)
Құм
Саз

1. Қатты
2. Сұр немесе қызыл түсті
3. Мөлдір емес
4. Бөлшекті
5. Өте мықты
Слайд № 12. Әктас

1. Қатты
2. Ақ немесе ақшыл сұр тас
3. Мөлдір емес
4. Мықты
5. Бір тамшы қышқыл қосса қайнайлы (газ бөлінеді).
Слайд № 13 .Таскөмір
1. Қатты, морт сынғыш.
2. Қара түсті жылтыр.
3. Жақсы жанады және жылуды көп береді.
4. Суда ерімейді.
Слайд № 14 . Мұнай

1. Сұйық
2. Қоңыр түсті
3. Айрықша иісі бар майлы зат
4. Судан жеңіл
5. Жақсы жанады

Мұнайдан. Слайд № 15.
♦ Керосин
♦ Мазут
♦ Асфальт
♦ Синтетикалық каучук
♦ Спирт
♦ Лак
♦ Пластмасса
♦ Газ
♦ Мастика
♦ Бензил
♦ Автол
♦ Бензин
♦ Вазелин

Слайд №16. Сай
1. Тау жыныстарының үгілуінен пайда болады.
2. Ақ, қызғылт, сұрғылт, көкшіл түстес келеді.
3. Ол оңай үгіледі.
4. Суды тез жібермейді.

ІV. Сергіту сәті.
1, 2, 3, Қарлығаш болып ұш.
4, 5, 6, Қарлығаш болып шалқы.
7, 8, 9, 10 , Қарлығаш болып қон.

V. Көмектес картасы.
Атауы Қасиеттері Маңызы мен қолдану аясы
Таскөмір
І топ Жанғыш, судан ауыр, қара түсті, морт сынғыш. Үйде пеш жағуға, завод пен фабрикаларда, ауыл мектептері, монша т.б. жылу береді.
Мұнай
ІІ топ Жанғыш, сұйық иісі бар, судан жеңіл, қоңыр түсті. АЭС, машина, үй жылытуға, т.б. Жылу береді, қозғалыс күшін туғызады.
Саз
ІІІ топ Судан ауыр, созылмалы, су өткізбейді, қоңыр түсті Кесе, аяқ - табақ, құмыра, мүсіндер т.б.

Картадағы белгісін сал
Темір рудасы -
Мұнай -
Таскөмір -

VІ . Топтастыру стратегиясы.
Пайдалы қазбалар деп нені атаймыз?

Пайдалы қазбалар
Сұйық
Қатты
Газ түрінде
VІІ. Сабақты бекіту
5 жолды өлең құру.
1-топ: таскөмір
2-топ: мұнай
3-топ: саз
VІІІ. Үйге тапсырма
50 - 51 бет оқу, түсінік айту.

Пайдалы қазба түрлері

  • Гүлнара

  • 18 мам 2013

  • 22721

  • 0

  • 0

Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Алматыдағы геологиялық мұражайлар туралы мағлұмат беру;
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: Жұмыс тәртібі жазылған нұсқау, сабақтың ұраны, түрлі фигуралар (ұпай жинауға қажетті), «Ұяшық таңдау»ойыны (цифрлар), сызба - нүсқалар, түрлі суреттер және көмір, саз, құм, ас тұзы, мыс, алюминий, темір, әктас, Қ. И. Сәтбаевтың суреті, шартты белгілер, өлең шумағы «Бақытты ұлы Отан», Қазақстанның физикалық картасы
Техникалық құрал: слайд
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, әңгімелеу, көрнекілік, ой қозғау, тест
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, математика
Сабақтың түрі: практикум
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабақта қолданатын ұранымыз:
Дүниетану сөзі
Жер - Ана, кен - байлық, табиғатты сүйетін
Әрбір сабақ
Үйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын
Әрбір ісім
Тірлік, бірлік, адалдық пен шыншылдық
Әрбір күнім
Білімге зейін салатын,- дей отырып, сабақта үнемі есте боларлық ережені еске салып өтейін
1. Бір - бірімізді тыңдау, қатысу
2. Уақытты үнемдеу
3. Ойымызды еркін айту
4. Тақырыптан ауытқымау
5. Анық, нақты сөйлеу
Біз осы ережелерді сақтай отырып, бүгінгі сабақта өз білімімізді жан - жақты көрсете отырып, алатын бағамызды әрқайсысымыздың алдымызда тұрған түрлі фигуралардан ұпай жинау арқылы және ұяшықтарда берілген ұпай санын жинақтау арқылы алатын боламыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы туралы берілген мәтінді сұрап, эссені оқыту.
ІІІ. Өтілген материалды пысықтау
«Ұяшық таңдау» ойыны арқылы ұпайларды жинай отырып, өз білімімізді көрсетеміз және бүгінгі танысатын тақырыбымызды білетін боламыз.
10 20 30 40 50
10 20 30 40 50 60 70
10 - Тау жыныстары дегеніміз не?
10 - Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
20 - Тау жыныстары қалай пайда болды?
20 - Бос тау жыныстарына нелер жатады? Құмның түсі қандай?
30 - Табиғатта тау жыныстары неше күйде кездеседі?
30 - Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
40 - Гранит сөзі қазақшаға аударғанда қалай аталады? Гранит Қазақстанның қай жерлерінде көбірек кездеседі?
40 - Құмтас қалай пайда болады? Құм түйіршіктері бірігіп қатуы үшін нелердің ертіндісін араластыруы керек?
50 - Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, электр станциялары жұмыс істеуі үшін жұмсалатын қандай отын түрлерін білесіңдер?
50 - Үй жиҺаздары, түрлі машиналар, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қандай пайдалы қазбалар пайдаланылады?
60 - Адамдардың үй салғанын бақыладың ба? Қандай құрылыс материалдарын пайдаланылғанын көрдіңдер?
70 - Ең алғаш көмірдің табылуына өз үлесін қосқан, оны жылыну үшін жағып көрген кім еді?
«Қазба түрлері» деген сөз шықты.
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық
Мақсатымыз: Пайдалы қазбалардың түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз
«Ой қозғау»
- Көмір қандай зат? Оның қасиеті (жанады)
- Темір нелерден жасалады, қалай аталады? (металлдан)
- Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту үшін қандай қазбаның түрін қолданамыз?
Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, осы әрбір айтылған қазбаның түрлі топтарға бөлінетіндігін айту.
Ү. Жаңа сабақ
Мұғалім түсіндірмесі
Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді
(жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба)
Жанғыш - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ.
Кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)
Жанғыш пайдалы қазбалар
Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды.
Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.
Кенді пайдалы қазбалар
Бұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.
Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету.
Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде
Газ - Ақтау, Орал облыстарында
Алюминий - Арқалықта
Мыс кені - Жезқазғанда
Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде
Темір кені - Қостанай өңірінде
Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен
« Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі.
Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша - екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен»
«Бақытты ұлы Отан» әнін шырқаймыз.
Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен таныстыру
Тас көмір -
Мұнай -
Газ -
Темір -
Алтын -
Мыс -
Тұз -
Әктас -
Саз -
Алюминий -
Оқулықпен жұмыс
1. Іштей оқыту
2. Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелету
3. Сурет бойынша жұмыс
Оқулықтағы суреттер арқылы жұмыс жүргізу(суретті толықтыру арқылы қандай қазбадан жасалғанын айтқызу)
Дәптермен жұмыс
Пайдалы қазбалардың түрлерін жаздырту
Шығармашылық тапсырма
Пайдалы қазбалардың қажеттілігі туралы өз ойларынан өлең шығару
Көзге сергіту (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен.
Сабақты бекіту
Тест тапсырмалары бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, тексеру
Пайдалы қазбаларға................ жатады.
1. Темір кенінен алынған металл
2. Жер қыртысының қатты бөлігі
3. Тау жынысы
Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді.
1. Пайдалы, пайдасыз, жарамсыз.
2. Бағалы, құнсыз, жанатын.
3. Жанғыш, кенді, кенге жатпайтын.
Кенге жатпайтын пайдалы қазба.
1. Мұнай, газ.
2. Алтын, күміс.
3. Құм және саз.
Үйге тапсырма
Мәтінді оқу, мазмұндау. іздену. Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. Шартты белгілерін жатқа жаза білуге дайындық жасау.
Бағалау
Оқушылардың бағасын жинақтаған ұпай сандары бойынша мадақтаулар мен ескертулер жасай отырып бағалау


Сабақтың тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері.

Сабақтың мақсаты: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру. Адам

өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.
Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге,

өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық

қабілетін дамыту.

Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп

пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс,

сұрақ -жауап, ойын, кесте толтыру.

Сабақтың көрнекілігі: Пайдалы қазбалардың түрлері, кесте, суреттер,

слайд

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  • Психологиялық дайындық.

  • Қайырлы күн деп айтамыз

  • Түсте бірге қайтамыз

  • Отбасының гүліміз

  • Көңілді өтер күніміз

3топқа бөлу

  • 1 топ - «Әктас», 2 топ - «Күміс», 3 топ - «Қола».

Өткен сабақты еске түсіру

Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Есте сақта!

«Пайдалы қазбалар - жер қойнауынан немесе жер бетінен қазып алынатын тау жыныстары. Бұл табиғат байлықтары адамның қажетіне жаратылады»

ІІІ Жаңа сабақ

Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай үшке бөлінеді

Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

  1. Жанғыш пайдалы қазбалар


  1. Кенді пайдалы қазбалар


  1. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар

  • Қазақтың тұңғыш геологі Қаныш Сәтбаев
    Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелеу

- Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, Жезқазған мыс рудасын ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.

Қазақстанның кең байтақ жерінде пайдалы қазбаның барлық түрі кездеседі. Солардың кейбірі мыналар:мұнай, көмір, газ, қорғасын, алюминий, күміс, алтын т.б. Осының ішінде біздің Ақтөбе өңірінде Жем, Кеңқияқ, Жанажол аймақтарында мұнай және газ өндіріледі. Алтынды елді мекені аймағында алтын өндірілсе, Хромтауды хромның кен орны деп мақтан етеміз.
Оқулықпен жұмыс:

Мәтінді оқыту (3 минут)

І топ: Жанғыш пайдалы қазбалар.

ІІ топ: Кен пайдалы қазбалар.

ІІІ топ: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

Мәтіндегі оқығаны бойынша әңгімелеу

Сурет бойынша жұмыс

Суретті толықтыру, қандай қазбадан жасалғанын айту.

Пайдалы қазбалардың шартты белгілерімен таныстыру:

- Әрбір пайдалы қазбаның өзіне тән мынадай шартты белгілері бар.

Тас көмір - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Мұнай- Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Газ- Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Темір - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Алтын - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Мыс - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Тұз - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Әктас - Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Саз -Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері» Алюминий - А

Дәптермен жұмыс:

Пайдалы қазбалардың атын жазу, шартты белгілердің суретін салу

Ойын «Сен -маған, мен-саған» сұрақ қою
ІV. Сабақты қорытындылау: Ұсынылған тізімдегі қазба байлықтарды қасиеттерімен байланыстар. Нұсқалармен жұмыс.
1. Жанғыш 9. Су өткізгіш 2. Қатты 10. Сусыма 3. Сұйық 11. Судан жеңіл 4. Судан ауыр 12. Газтәріздес 5. Қара түсті 13. Ақ түсті 6. Сары түсті 14. Ериді 7. Морт сынғыш 15. Созылмалы 8. Иісі бар 16. Су өткізбейді 17. Қоңыр түсті Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»Урок на тему «Пайдалы қазбалардың түрлері»

көмір, шымтезек, темір, қорғасын, гранит, әктас, мұнай, табиғи газ мыс, алтын, алюминий құм, саз, тұз
V. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, Қазақстан картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. VІ. Оқушыларды бағалау.


























© 2010-2022