Ашық сабақ Балмұздақ (2 класс) Әдебиеттік оқу

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу Тақырыбы: Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы. Мақсаты: Оқушыны Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесімен таныстыра отырып, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін,алған білімдерін өмірмен байланыстыруын, шығармашылық ойлауын дамыту. Адамгершілікке, шыншылдыққа, адалдыққа ,еңбек етуге тәрбиелеу Түрі: аралас сабақ. Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, іздену, топтық-жұптық жұмыс, шығармашылық жұмыс, "Ой қозғау", "Бес жолды өлең" Көрнекілігі: суреттер, кесте,интерактивті тақта, бейнетаспа балмұздақтың жасалу жолдары. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Әскербектің әтеші туралы әңгіменің мазмұнын айтқызу.Сұрақтарға жауап алу арқылы бекіту 1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің? ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру. Ұнатары баланың - Балдай тәтті тағаммын. Ортаңғы буын алынса, Сүйеніш боп қаламын. ( бал-мұз-дақ) Ү. Жаңа сабақ: Ермек Өтетілеуұлы - балаларға арнап көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған жазушы. Оның «Өсіп келе жатырмыз» деген өлеңдер жинағы, «Жанашыр» деген әңгімелер жинағы, т.б. кітаптары бар. Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесінен Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқаны жайлы білеміз. Әңгімені әр қатарға бөліп, мәнерлеп оқиды. 1-қатар оқып, 2-3 қатарға сұрақ қояды. Сөздік жұмыс Лоторея билеті - ұтыс қағазы ҮІ.Түсінгендерін тексеру: "Кім қандай балмұздақты ұнатады?" ойыны Балалар не тауып алды? Мирас не істеді? Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты? Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты? Әңгімені өз ойыңмен аяқта. ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Әңгіменің тәрбиелік мәнін ашу. Шығармашылық жұмыс Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің? Бес жолды өлең "Балмұздақ" Бейнетаспадан балмұздақ дайындау жолдары көрсетіледі. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.



© 2010-2022