Ашық сабақ Дауыссыз Қ мен Ғ

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың атауы

Дауыссыз қ мен ғ

Мақсаты

Білімділік: Жалпы дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Сөздерде қ мен ғ дыбыстарының қолдануы туралы түсініктерін кеңейту. Жаттығулар орындау арқылы ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін дамыту.

Дамытушылық: Өз бетімен жұмыс істеуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сөздік көрнекілік, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, ойын әдісі.

Көрнекіліктері: «Әріптер әлемі» ертегісіне арналған сурет, тест,

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Армысың, асыл күн

Армысың, асыл жер,

Армысың, көк аспан,

Армысыздар құрметті қонақтар,

Армысың, асыл досым

Жылуыма-жылу қос

Міне менің қолым.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Негізгі бөлімі: жаңа сабақ

«Әріптер әлемі» ертегісін баяндау арқылы проблемалы сұрақ қойып, сабақтың тақырыбын логикалық ойлату.

Ерте заманда әріптер барлығы бірге өмір сүріпті. Олар барлығы бір түсті болыпты. Тату- тәтті өмір сүріпті. Бір күні қатты дауыл соғады. Желдің қатты соққаны соншалық әріптердің барлығы жан- жаққа шашырап ұшыпты.

А, ә, е, и, о, ө, ү, ұ, ы, і, э, ю, я- дыбыстары күнге қонып күйіп қып-қызыл болыпты.

Б, в, г, ғ, д, ж, з- дыбыстары ағашқа қонып (ұяң) болып қалыпты.

К, қ, п, с, т, ф, х, ... ц, ч, ғ, ш, щ- дыбыстары ағаштың діңіне қонып (қатаң) болыпты.

Л, м, н, ң, р, й, (у)- дыбыстары бұлтқа қонып (үнді) болыпты.

Олар күні бойы қайғырып - жылап, «Не істейміз?» дейді. Ең жоғарыда тұрған дауысты дыбыстар болған соң, бәрін көріпті. Ортақ шешімге келіпті. Бұларды біз бітірейік- деп, келіседі. Одан кейін олар әріптерден буын, сөз, сөйлем құрапты.

Бүгін дауыссыз қ мен ғ дыбыстарын өтеміз

Қ- дауыссыз қатаң

Ғ- дауыссыз ұяң


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Кітаппен жұмыс

Шығармашылық тапсрма

  1. Топ

Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Топыра..., шыра..., жола...ы, жоры..., қуырша...ы, ая..., бала...ы, ла...ы.

Көшеде лақ жүр. Айгүлдің қуыршағы әдемі.

  1. Топ

Жаңылтпашты жатқа жаз.

Құлағы үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

Құлағы- құлақ.


Сергіту сәті

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді болып жүрейік.

Кел балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік!


Ой толғаныс

Ойын: «Артық сөзді тап» неге ол сөз артық деп ойлайсың? Дәлелдеуге тырыс.

а) Шай, сүт, нан, айран, кітап, сыр, кәмпит, балық, май.

ә) Сөйледі, жазды, отырды, Асқар, оқыды.

б) Алма, қызанақ, қияр, алмұрт, бидай, апельсин.

Қорытынды: Карточка және тесттік жұмыс.

Тест.

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді.

а) 2 ә) 3 б) 4

2. Жуан дауысты дыбыстардың әріптерін тап

а) а, ү, о, ұ ә) ы, ұ, а, у б) а, о, ы, ұ

3. Жіңішке дауысты дыбыстардың әріптерін тап

а) а. е, о, ү ә) ә, ө, е, і, ү б) о, ә, а, е, ү

4. Жуан айтылған сөзді тап?

а) әже ә) ата б) әке

5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап

а) ө-зен ә) өз-ен б) өзе-н

6. Төмендегі сөздің қайсысы дұрыс жазылған

а) омар ә) Болат б) әлия


Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Рефлексия:

  • Сабақ өте ұнады қызыл

  • Сабақ ұнады жасыл

  • Сабақ ұнамады сары

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Ашық сабақ Дауыссыз Қ мен ҒАшық сабақ Дауыссыз Қ мен Ғ

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022