Есеп. (Қалдықты табу) Қосу және азайту 5 + 2, 7 – 2

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Математика 1 «б» сынып Сабақтың тақырыбы: Есеп. (Қалдықты табу) Қосу және азайту 5 + 2,7 - 2

Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға есептің шарты бойынша есеп шығаруды үйрету. Есептеу дағдысын арттыру. Балаларға есепті талдауға,оның шешуін табуға, жауабын дұры жазуға, теңсіздіктерді дұрыс орындай білуге, санға санды қосу және азайту, саннан санды азайтуды үйрету.

Сабақтың дамытушылығы: Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: санау материалдары

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік болсын бағамыз,

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз

ІІ. Өткенге шолу: Есеп дегеніміз балалар ол біздерге берілген тапсырмалар, ал сол тапсырманы дұрыс түсініп алмақ немесе дұрыс есептің мазмұнын түсінбесек біз есептің шешуін қате шғарамыз. Ол үшін есептің мәтінін дұрыс түсініп, оны дұрыс талдауға ұйренеміз. Соны текеру мақсатында мына есепті шғарып көрелік.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру Математикалық диктант.

5 + 2 = 7 2 + 2 = 4 7 + 2 = 9

4 + 2 = 6 1 + 2 = 3 8 + 2 = 10

3 + 2 = 5 6 + 2 = 8 0 + 2 = 2

ІҮ. Жаңа сабақ: Жаңа білімді қабылдауға дайындау

- Балалар біз бүгін +2, - 2 тақырыптарына есептердің шартын құрып, шығаруды үйренеміз.

Оқушыларға есептің шарты бойынша есеп шығаруды үйрету.

Ү. Жаңа білімді меңгерту

Оқулықпен жұмыс:

№ 1 - тапсырма. Оқы. Сурет бойынша түсіндірме жүргізу

Есеп. Дананың қолында 5 шар бар еді. Ол Сараға 2 шар берді. Данада неше шар қалды?

-Балалар есеп не жайлы?

-Шар

-Есепте не белгілі?

-Дана 5 шар болғаны

-Тағы не белгілі?

-Сараға 2 шар бергені

-Не белгісіз?

-Данада неше шар қалғаны

-Оны қандай амалмен табамыз?

-5 - 2

-Жақсы

-Балалар есептің шарты сұрағы шешуі, жауабы деген болады.

Бар еді - 5 шар

Берді - 2 шар

Қалды-?

Шешуі: 5 - 2 = 3

Жауабы: 3 шар қалды

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкентай ағаштан

Су құйғанда өседі

Дәптермен жұмыс:

№ 2 - тапсырма. Тура емес 2 теңсіздік және тура 3 теңсіздік жаз.

3 < 2 5 > 4

5 > 9 4 < 9

5 > 10 6 > 2

№ 3 - тапсырма. Тура емес 3 теңдік және тура 2 теңдік жаз.

5 + 2 = 6 6 + 3 = 9

9 - 8 = 3 10 - 5 = 5

3 + 5 = 10

№ 4 - тапсырма. Тиісті санды орнына қой. Шығар.

6 + 2 8 - 2 8 - 6 2 + 6

5 + 2 7 - - 5 2 +

ҮІ. Білімді меңгергенін тексеру Қосымша тапсырмалар орындату.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Логикалық тапсырмалар шешу











© 2010-2022