Ашық сабақ Мейірімділік асыл қасиет

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Адалдық пен әділдік»

Мақсаты:оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру;олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері: адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы,өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру; оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды адалдыққа,әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу;

Шаттық шеңбері

Қ.Нақысбековтың өлеңін мәнерлеп оқу.

Білім мен өнерді сүй,сусуында, Деп айтсын ел:!Осындай ер тусында!»

Арың-адал,әділ болсаң әрқашан Дүниенің бар бақыты уысыңда... Түспегені абзал ғой арға дақтың, Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың. Адал адам әрқашан-еңсесі тік,

Әділдікті ту еткін,қолғанатым.

АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттер. "Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі -қазақтың әулиесі сол". Абай.

Әділдік-шыншылдық;турашылдық, адалдық, дұрыстық. Әділдік - ізгіліктің ірге тасы. "Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ". Абай.

Әңгімелесу

"Ойланайық,пікірлесейік"атты айдарынан берілгенсұрақтарға әңгіме жүргізу. 1.Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?Неліктен? 3.Әділ болу оңай ма?

Мәтінмен жұмыс. ( Корей ертегісі )

«Адал бала»

"Адал бала" атты мәтінді интонациялық кідірістерді ескере отырып үлкен ықыласпен оқу. Мәтінді оқушылардың өздеріне оқыту,мазмұнын мұқият тыңдауды ұйымдастыру.Мәтіннің соңында берілген сұрақтар оқушылардың ойларын тұжырымдауға негіз блады.

Мақал-мәтелдер

Адамгершілік болмай, Әділдік болмас. Адамның ұяты бетінде , Адамгершілігі ниетінде. Кішіпейілділік - кісінің көркі. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Әділ айтқан жеңер.
Әділ айтсаң ағайынға жақпайсың,
Әзіл айтсаң маңайыңа жакпайсың. Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
Әділдіктен қашпа. Әділет қылышы кескен қол ауырмас.
Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.
Әділін айтсаң - әдемі айтқаның.

Жағдаятты талдау

Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көріп: -Менің қалтамда апам "самса алып жерсің" деп берген ақша бар. Кеттік,кино көрейік,-деді. Алмагүл:Үйден сұранып шыққан жоқпыз.Іздеп қалады ғой,-деп іркіліп қалды. -Ештеңе етпес, "мектепте болдық"деп айта саламыз.... Ажардың ұсынысына сендер қалай жауап берер едіңдер?

Тыныштық сәті

Оқушыларға «Тыныштық сәті»әдіс-тәсілін қолдану. -Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алулар-ыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаныңтұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді балалар көздеріңді ашып,бұрынғы қалпымызға келейік.

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңберге тұрып ,бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтады.

Оқушыларға "Уақыт" тренингін интерактивті тақтадан көрсету.

Сыпайы болу үшін біреудің жымиуын күтпеңіз...

Жақсы көру үшін, біреудің жақсы көргенін күтпеңіз..

Досыңыздың қадірін түсіну үшін, жалғыз қалуды күтпеңіз...

Жұмыс істеуді бастау үшін ең жақсы жұмысты күтпеңіз...

Кішкене бөлісу үшін көп болғанын күтпей-ақ бөлісіңіз...

Ақыл-кеңесті еске түсіру үшін қателесуді күтпеңіз...

Дұға ету үшін қайғы қатерге түсуді күтпеңіз ...

Көмектесу үшін реті келуін күтпеңіз...

Кешірім сұрау үшін біреудің жылауын күтпеңіз...

немесе татуласу үшін керекті жағдайды күтпеңіз…

Күтпеңіз... Өйткені қанша уақыт қалғанын білмейсіз.



© 2010-2022