План внеклассного урока на тему Ғарыш әлеміне саяхат

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлер күні туралы мағлұмат беру. Ғарыш әлеміне саяхат арқылы оқушылардың ғарыштың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын көбейту, ой-өрісін, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушы бойындағы сыйластық достық, бір- бірін құрметтеу қасиеттерін, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд «Аспан әлемі», плакаттар, ғарышкерлердің суреттері.

Қажетті құралдар: Қорапша, конверттер, қағаз бен түрлі-түсті қарындаштар.

Әдісі: Топтық жұмыс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз 12-сәуір Ғарышкерлер күніне арналады. Сабағымыз «Аспан әлеміне саяхат» деп аталады. Бүгінгі сабағымызда біз ғарышқа ұшамыз, ондағы өмірді өз көзімізбен көреміз.

Аспан әлемінде 9 аспан денесі айналып жүреді. Олар планета деп аталады. Планета - грекше «адасушы жұлдыз» деген мағынаны білдіреді екен.

План внеклассного урока на тему Ғарыш әлеміне саяхат

Кіріспе бөлімі.

Мұғалім: Сонымен, оқушылар, ең алдымен, ғарышқа ұшпас бұрын, біз ғарыш әлемі және Ғарышкерлер күні туралы біраз мәлімет аламыз.

Күн - жерге ең жақын жұлдыз. Оның төңірегінде Жерді қоса есептегенде 9 планета қозғалады. Планеталар - өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Дегенмен түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Планетаның олай көрінуі бетіне түскен күн сәулесінің шағылысуынан.

План внеклассного урока на тему Ғарыш әлеміне саяхат



Күн оны айналып жүретін планеталар мен оның серіктері Күн жүйесі әлем кеңестігінің немесе ғарыштың бір кішкене мүшесі ғана. Ол галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді.

Ғарыш. Ең алғаш ғарыш әлеміне жол ашқан адам бұрынғы Кеңес Одағының ұшқыш-ғарышкері Юрий Гагарин. Ол әлемге ең бірінші болып 1961 жылы 12-сәуірде Восток деп аталатын ғарыш кемесінде Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш аймағынан Жер шарын айнала ұшты. Яғни, 12 сәуір - Ғарышкерлер күні деп аталуы сондықтан. Өйткені бұл күні адам баласы бірінші рет ғарышқа ұшты және де бұл күн тарихқа Ғарышкерлер күні деген атпен енді.

План внеклассного урока на тему Ғарыш әлеміне саяхат

Ал әлемдегі ең бірінші әйел - ғарышкердің есімі Валентина Терешкова. Ол өзінің ең алғашқы «ғарышқа сапарын» 1963 жылы маусым айында орындады.

План внеклассного урока на тему Ғарыш әлеміне саяхат

Қазақстандық ғарышкерлерге келетін болсақ, Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қазақтың тұңғыш ғарышкері. Ол ең алғаш рет 1991 жылы 2-қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ -13» кемесімен Жер төңірегіне самғады. Ол 1946 жылдың 27-шілдесінде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының 1-Май колхозында өмірге келген. Колхоз ұстасының ұлы, жастайынан ұшқыш болуды армандаған. Өзінің еңбек жолын Теміртау құю заводында токорь болып бастайды.

План внеклассного урока на тему Ғарыш әлеміне саяхат

Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Ол ғарышқа екі рет, 1994 және 1998 жылдары болып қайтты. Ол 1951 жылы 7-қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында туған. Қ Р және РФ ұшқыш - ғарышкері.

План внеклассного урока на тему Ғарыш әлеміне саяхат

Енді біз ғарышқа ұшуға дайындаламыз. Ғарышқа ұшу үшін бізге ең біріншіден не қажет? Әрине, зымыран. Онсыз біз ғарышқа аттана алмаймыз. Ендеше біз өз қолымызбен зымыран құрастыруымыз керек. Қазір мен сендерге, әр топқа бір зымыраннан беремін.(әр топқа конверттің ішіне салынған зымыранның суреті берііледі). Енді сендердің міндеттерің, зымыранның кесілген бөлшектерін жинап, толық зымыранды құрастыру. (оқушылар 1 минуттың ішінде зымыранды жинау керек). Енді зымырандарымыз дайын, ғарышқа ұша беруімізге болады. Бірақ та, ұшпас бұрын сендер әрқайсысың өздеріңмен бірге бір ғана нәрсе алуларыңа болады. (оқушылар таңдап алған нәрселерін қағазға жазып мұғалімге жазып тапсырады). Естеріңде болсын, бізде тек 45 минутқа жететін ауа бар. Сондықтан да ауа таусылмай тұрып, жерге оралуымыз керек. Сонымен, балалар, қайда ұшамыз? (Оқушылар таңдауы бойынша бір планетаға ұшады).

Ал, енді бәріміз көзімізді жұмып, қолдарымыздан ұстап, ғарышқа ұшамыз. Ұшардың алдында 10-нан кері қарай санақ жүргіземіз. (10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0 кеттік!). Біз аспан әлемінде ұшып келеміз. Юпитерге жету үшін біз басқа планетадан өтуіміз керек. Олардан өту үшін біз олардың сұрақтарына жауап бере, сонда ғана ары қарай Юпитерге өте аламыз.

План внеклассного урока на тему Ғарыш әлеміне саяхат

1-тапсырма.

Планеталардың сұрақтары:

Меркурий: Қандай ғарышкерлерді білесің?

Шолпан: Ғарышкерлер күні қай күні аталып өтіледі?

Марс: Планета грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

Жер: Ю.Гагарин ұшқан ғарыш кемесі қалай аталады?

Сатурн: Жерге ең жақын жұлдызды ата.

Нептун: Т.Әубәкіров қай жылы ғарышқа ең алғашқы сапарын жасады?

Плутон: Тоқтар Әубәкіровтен кейін ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері кім?

Уран: Ең алғаш ғарыш әлеміне адам баласы нешінші жылы ұшты?

Юпитер: Аспан әлемінде неше планета бар?

План внеклассного урока на тему Ғарыш әлеміне саяхат

Біз енді Юпитерге келіп қондық. Бұл планетада да бізді бірнеше белестер мен тапсырмалар күтіп тұр. Біз оларды орындауымыз керек.

Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, басқа планеталарда өмір сүру мүмкін бе? Неліктен біз бұнда тіршілік етпейміз? Планеталарда тіршілік көздері жоқ дегенді қалай түсінесіңдер? Тіршілік көздері деп отырғанымыз нелер?

Енді, осы сұрақтарға топпен ойласып жауап беруге тырысып көрейік! (Әр топтың пікірлерін тыңдау).

2-тапсырма:

Ендігі сендердің міндеттерің сурет салу. Сендер осы планетада қалу үшін бұл жердің өмірі қандай болғанын қалар едіңдер?

Соны топпен қағазға сурет етіп салып, тақтаның алдында екі оқушы шығып, салған суреттерін көрсетіп, ұсыну керек. Суретті салуға бір минут уақыт беріледі. (Тақтаға әр топ өздерінің суреттерін іледі).

3-тапсырма:

Ал ендігі біздің міндетіміз хат жазу. Ол үшін сендер алдарыңда жатқан ақ парақтарға бізден кейінгі осы планетаға саяхатқа шығатын адамдарға өз ойларыңды, Айда алған әсерлеріңді, оларға деген тілек-ұсыныстарыңды жазу керексіңдер. Осы хаттарды планетаға қалдырып кетеміз. Барлық топқа хат жазуға 5 минут уақыт берілді. Жазып болған соң, әр топтан бір оқушы шығып, өздерінің жазған хаттарын оқып береді. 3 топтың хаттарын бір қорапшаға жинаймыз.

Жерге қайтпас бұрын мен сендерге достарың өздерімен бірге әкелген нәрселерін оқып берейін, ал сендердің міндеттерің болса ақылдасып, сол нәрселердің ішінен тек біреуін ғана таңдап алу. Сол таңдап алған нәрсені біз айда қалдыруымыз керек және де ең бастысы, ол нәрсенің бізден кейінгі келетін адамдарға қиын жағдайға түсіп қалған кезде, көмегі болу керек.(Оқушылар неліктен сол нәрсені таңдап алғандарын түсіндіреді, оның қандай көмегі тиюі мүмкіндігін айтады.)

Қорытынды. Ал енді бәріміз қайтадан қолдарымыздан ұстасып, жерге қайтып ораламыз. Өйткені біздің ауамыз таусылуға жақын. (10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0). Сонымен, біз жердеміз. Барлығыңа рахмет! Қош сау болыңыздар!



© 2010-2022