Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып)Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері.

Мақсаты: Мәтіннің түрлері туралы ұғымды талдау. Оқушылардың өз-ара байланыстырып сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру. Мәтін түрлерін бір- бірінен ажыратып, оны дұрыс құра білуге машықтандыру; Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайтудың жолдарын қарастыру; шәкірттерді өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйрету; ұйымшылдыққа, достыққа, білімді терең меңгертуге ынталандыру.

Әдістемелік бағыттар: сұрақ-жауап, талдау, проблемалық ізденіс, салыстыру, ойындар ойнау.

Көрнекілігі: мәтін түрлері, суреттер, кестелер.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

Психологиялық сәт: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

ІІ. Топқа бөліну: Дауыссыз дыбыстардың түрлеріне қарай 3 топқа бөліну. (23 оқушы)

1 топ: Үнді: л, м, н, ң, р, й, (у);

2 топ: Ұяң: б,в, г, ғ, д, ж, з;

3 топ: Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

.

Топ ережесін ұсыну.

  • Тәртіп сақтау;

  • Ой қосу;

  • Біреудің ойын тыңдау;

  • Ашуға жол бермеу;

  • Топты қолдап отыру.

(Жұмыс барысында тәртіп бұзған оқушыға ескерту беріліп, жақсы жауап берген оқушының жақсы бағаға ие болатынын хабардар ету.)

ІІ. Білімді тексеру:

Әр түрлі сөйлемдердің ішінен керекті сөйлемдерді таңдап алып, мәтін құрастыру.

Мысалы: Теміржол маңында байқа! Рельстерге отыруға болмайды. Жалбыздан дәрі дәрмек жасалады. Жүріп келе жатқан поездан түсуге, мінуге болмайды.

-Қай сөйлем артық?

-Сол сөйлемді алып тастасақ, қандай өзгерісті байқаймыз?

-Мәтін деген не?

-Мәтін құрылымын ата?

-Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі, соңы болады.

Мәтін бөліктері

  • Басы

  • Негізгі бөлім

  • Соңы

ІІІ.Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді дәптерге жазу. Көркем жазу жолдарын толтыру.

Жиырма жетінші қазан.

Х х

Хат хайуанат саяхат шах

( Х дыбысы сөздің басында, ортасында да, аяғында да кездеседі).

ІV. Мақсат қою кезеңі:

«Хатшы» ойынын ойнау. Мәтіннің түрлерін ажырату.

Әр топтан бір хатшыдан шығып үш түсті хаттың бірін алып тобына тапсырады.

Әр хатта жаңадан басталған сөйлем жолдары бар. Оқушылар топ болып сол сөйлемді сұрақ бойынша аяқтап, жазу керек. Соңында ереже шығарады.

  • топ

  • топ

III-топ

Дәулет мектептен келді. Әжесі аулада жүр екен.

Ол көмек

керек екенін айтты.

Біздің ауыл көлдің жанында

орналасқан. Балқаш көлі

Қайнамаған суды ішуге болмайды.

Дәулет не істеді?

Ол қандай көл?

Неліктен?

… … ….. ….

Әңгімелеу мәтіні.

… …. …. ……

Сипаттау мәтіні.

…… …… ……

Пайымдау мәтіні.

Ереже шығару:

  1. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?

  2. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?

  3. Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?

Мәтін түрлері

Әңгімелеу мәтіні

Не істеді?

Сипаттау мәтіні.

Қандай?

Пайымдау мәтіні.

Неліктен?

  1. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

149-жаттығу. Әңгімелеу.

-Мәтін не туралы?

-Мәтінге қандай ат қоюға болады?

-Мәтін неше бөліктен тұрады?

-Әр бөліктің қандай жолдан басталып жазылғанына назар аудару.

-Әр бөлігіндегі сөйлемге сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін ажырату.

Түрлері: Әңгімелеу Сипаттау Пайымдау.

Не істеді? Қандай? Неліктен?

Мәтіннің басқы бөлігін көшіріп жазу.

Оқушылар көшіріп болған соң барыс жайлы қосымша мәліметтер айту.

-Қазақстанда барыс Іле Алатауында мекен етеді. Барыстың саны тым азайып кеткендіктен Қызыл кітапқа енгізілген.

VІ.Сергіту сәті:

VII.Қорытынды бойынша түсінгендерін бекіту: Топтық жұмыс:

Әр топтың хатшылары өз тобына ашық хат әкеледі. Онда бір жануардың суреті бейнеленген тәж болады. Әр топ сол жануарды сипаттап мәтін құрап жазады да қорғайды. «Қандай?» сұрағын ескереді. Суреттер топтық ретке байланысты болмайды.

I-топ

II-топ

III-топ

Бүркіт

Ақ аю

Жолбарыс

… ….. …. …..

Мысалы: Бүркіт жыртқыш құс. Оның денесі ірілеу, көзі қырағы болады. Ол қанатын кең жайып ұшады.

…… …. …. …..

Ақ аюдың денесі ірі, терісі ақ түсті болады. Ақ аю жыртқыш аң.

….. ….. …. ….

Жолбарыстың терісінде қара жолақтар болғандықтан солай атаған. Оның тістері мен тырнақтары өткір болады.

VIІІ. Қорыту.

-Мәтіннің қандай түрлері болады?

-Мәтіннің қандай бөліктері болады?

-Мәтінді құру үшін не қажет?

Рефлексия:

  1. Үйге тапсырма: 153-жаттығу.

  2. Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен, тақтада және ауызша жаттығу жұмыстарын орындаған оқушыларды бағалап, мадақтау.

Күн 16.10.14ж Сабақ -2
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Ресурстар: Интерактивті тақта ,оқулық,маркер, стикерлер,бағалау бетшесі
Міндеті: • Мәтін туралы білімін кеңейту.
• Оқушылардың салыстыру,талдау, жинақтау, шығармашылық ойлауын дамыту;
• Қызығушылығын арттыру
Мақсаты: Мәтіннің түрлерімен танысып, түрлерін ажырата алу
Тапсырмалар 1-тапсырма. Мәтіндер берілген бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
16-ж,І -топ :Суретке қарай отырып,қай суретпен әңгімелеу мәтінін құрастыруға болады? ІІ-топ:Қай суретпен сипаттау мәтінін құрастыруға болады?ІІІ- топ:Қай суретпен пайымдау мәтінін құрастыруға болады? Құрастырған мәтіндерін бір-бірлеріне айтады.
2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

Сергіту сәті: Қарлығаш 3- тапсырма. «Менің сүйікті ауылым», «Мен демалысымды ауылда қалай өткіздім?», «Мен ауылымды неліктен жақсы көремін?» тақырыптарына қысқаша мәтін құрастыру
2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

Оқу нәтижесі: Сабақ аяғында оқушылар:
- Сипаттама бере біледі.
-Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, шығармашылық ойлауын дамытады.
Түйінді сөздер: Ақылды болу,еңбекқор болу,жігерлі болу

Сабақтың жүрісі:
Сабақтың этаптары: Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті Модульдер мен уақыт
Ұйымдастыру
Сыныппен байланыс орнату

Өткен сабақты еске түсіру

Топқа бөлу

Сыныптың білім деңгейін анықтау

Жаңа сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Көк аспан"
Амансың ба Достарым!
Сендерді көрсем қуанам!


Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақта немен таныстық?
14-ж,Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап,мәтінді қайта құрастыру?
-Сонымен мәтін дегеніміз не?

Оқушылар мәтін түрлері арқылы 4 топқа бөлінеді.
Сынып ережесін шығару.
-Мұғалімді тыңдау
-Бірін- бірі тыңдай білу,
-Уақытқа бағыну
-Қысқа-нұсқа сөйлеу
-Марапаттау

Мұғалім:
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Мәтін дегеніміз не? Мысал
Оқушы:
-Оқушылар білетін ережелерін айтты.
- Сөйлемнің түрлерін атады.
-Мәтіннің ережесін айтып,мысалдар келтірді

Мұғалім:
-Оқушыларға сөйлем және мәтіндерді беру оны ажырату.-Мәтінмен сөйлемнің қандай айырмашылығы бар?

Оқушы: Өз ойларын,білетіндерін ортаға салды

2-минут.1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.



4 минут. 1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалог

2-минут.1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Топқа бөлу

4 минут. 1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалог

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Сабаққа кіріспе
Сабақ әрекетін
қызықтыру.

Сабақ мақсатын анықтау.

Оқулықпен
жұмыс

Түсіндірме /оқушылардың түсініктерін байқау мақсатында/ Тұсаукесер .
Сөзжұмбақ шешу: Мәтін
-Оқушыларға суреттер беріп мәтін құрастырту.
-Олай болса бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыздың қандай тақырыпта болады деп ойлайсыздар?

Оқушы:-Мәтінге қатысты екенін айтады.
Үйрену мақсаты мен табыс критерийін анықтау
Мұғалім мен оқушылар бірге сабақ мақсаты мен критерийлерін құрады.
-Таза көркем жазу
-Жаттығуларды түсініп,қатесіз орындау
-Өз ойын жүйелі жеткізуі
-Топта белсенді жұмыс жасауы
-Сұрақтарға қысқа нұсқа жауап беруі

Ережелермен,жаттығу жұмыстарымен танысу

Мұғалім:
- Мәтін дегеніміз?
-Мәтіннің түрлерін ата?
- Сипаттау мәтініне мысал келтіру?


5-минут. АКТ модулі.
Интерактивті тақта

5-минут. 6-модуль Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

2 минут. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалог.
(топтық әңгіме)

10 минут. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалог.
(топтық әңгіме)

Сабақ мақсатының жүзеге асуы
Түсіну кезеңі
Талдау

Сергіту сәті

Қиындықтар мен түсінбеушіліктер

Формативті бағалау:
15-ж,Мәтіндер берілген бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Мәтінмен жұмыс.
16-ж,І -топ :Суретке қарай отырып,қай суретпен әңгімелеу мәтінін құрастыруға болады? ІІ-топ:Қай суретпен сипаттау мәтінін құрастыруға болады?ІІІ- топ:Қай суретпен пайымдау мәтінін құрастыруға болады? Құрастырған мәтіндерін бір-бірлеріне айтады.
17-ж, І топ:«Менің сүйікті ауылым», ІІ топ:«Мен демалысымды ауылда қалай өткіздім?»,ІІІ топ: «Мен ауылымды неліктен жақсы көремін?» І топ: «Өзің қалаған тақырып»тақырыптарына қысқаша мәтін құрастыру

Оқушылар мұғаліммен бірге сергиді.

Түзету жұмыстары , сұрақтар


Оқушы өзін -өзі, топты бағалайды, мұғалімнің жеке оқушыны бағалайды. 5-минут. 5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

5-минут. 2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

2-минут. 6-модуль Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

1минут.3- модуль. Оқыту үшін бағалау модулі.
Рефлексия Оқушылардың назарын сабақтың мақсатына және өздерінің жетістік деңгейін бағалауға аудару.Өз білімдерін смайликтер арқылы көрсету 2 -минут. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Қалай оқытуды үйрету.
Келесі тапсырма 19- ж,ереже жаттау 1 -минут. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Қалай оқытуды үйрету.

Апта Күн 30.09.14ж
Сабақтың тақырыбы: Көбейту амалы бар теңдеулерді шешу
Ресурстар: Интерактивті тақта ,оқулық,маркер, стикерлер,бағалау бетшесі
Міндеті: • Көбейту амалдары бар теңдеулерді шеше алу

Мақсаты: Көбейту амалы бар теңдеулерді шығаруды түсіну
Тапсырмалар 1-тапсырма. №2 Теңдеулерді шешу № 3-8 Сынық сызық сызу
5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

2-тапсырма №5-6-7 Шартты есептерді шығару
2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау

Сергіту сәті. Қимыл-қозғалыс жасау 3- тапсырма. № 11 тест түрінде берілген тапсырмалар
2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау модулі.

Оқу нәтижесі: Сабақ аяғында оқушылар:
- Көбейту амалы бар теңдеулерді шеше алады
-Салыстыру, талдау, жинақтап қорыту, дәлелдер келтіру, шығармашылық ойлауын дамытады.
Түйінді сөздер: Көбейту кестесін білу

Сабақтың жүрісі:
Сабақтың этаптары: Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті Модульдер мен уақыт
Ұйымдастыру
Сыныппен байланыс орнату

Өткен сабақты еске түсіру

Топқа бөлу

Сыныптың білім деңгейін анықтау

Жаңа сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Көк аспан"
Амансың ба Достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

Үй тапсырмасын сұрау:
Көбейтудің белгісіз компоненттерін қалай табамыз?
- Көбейтудің белгісіз компоненттерін табуға мысал келтір?

Оқушылар фигуралар арқылы 5 топқа бөлінеді.
Сынып ережесін шығару.
-Мұғалімді тыңдау
-Бірін- бірі тыңдай білу,
-Уақытқа бағыну
-Қысқа-нұсқа сөйлеу
-Марапаттау
Мұғалім:
-2 см шаршының периметрін тап?
-2-ні 2 рет қос?
-2 мен 2 нің көбейтіндісі?
Оқушы:
-Оқушылар шаршының периметрін тапты
- 2 ні 2 рет қосып,4екенін айтты
-2 мен 2 нің көб-сі 4 екенін айтты

Мұғалім:
-Тапсырмалар беру:
-Екі-екіден неше рет бар?компаненттерін ата
6 да үш-үштен неше рет бар?Не шықты

Оқушы: Өз ойларын,білетіндерін ортаға салды

2-минут.1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

4 минут. 1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалог

2-минут.1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Топқа бөлу

5 -минут. 1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Сабаққа кіріспе
Сабақ әрекетін
қызықтыру.

Сабақ мақсатын анықтау.

Оқулықпен
жұмыс

Түсіндірме /оқушылардың түсініктерін байқау мақсатында/ Тұсаукесер .
Сөзжұмбақ шешу
Көбейту амалына берілген теңдеулер көрсету.
Слайдты тамашалап, сұраққа жауап беру.
-Олай болса осы көріп отырғандай бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыздың мазмұны қандай тақырыпта болады деп ойлайсыздар?
Оқушы:-Көбейту амалына қатысты теңдеу екенін айтады.
Үйрену мақсаты мен табыс критерийін анықтау
Мұғалім мен оқушылар бірге сабақ мақсаты мен критерийлерін құрады.
-Жүргізіп,түсініп оқуы
-Өз ойын жүйелі жеткізуі
-Топта белсенді жұмыс жасауы
-Сұрақтарға қысқа нұсқа жауап беруі

1 .Теңдеуді шешу:
2 .Өрнек құру : 3. Шартты есеп 4. Сынық сызық сызу

Мұғалім:
-Көбейту амалдары бар теңдеулерді қалай шешеміз?
-Мысалдар келтіру?
-Компаненттерін айту?
5-минут. АКТ модулі.
Интерактивті тақта

5-минут. 6-модуль Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

2 минут. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалог.

10 минут. 1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалог.

Сабақ мақсатының жүзеге асуы
Түсіну кезеңі

Талдау

Сергіту сәті

Қиындықтар мен түсінбеушіліктер
Формативті бағалау: 1-тапсырма.
І топқа. Теңдеу шешу
ІІ топқа. Өрнек құру
ІІІ топқа. Кесте толтыру
ІV топқа Сынық сызық сызу
V топқа Амалдарды орындау

№5-6-7 Есеп шарттарын құру,талдау ,шығару

Оқушылар мұғаліммен бірге сергиді.

Түзету жұмыстары , сұрақтар


Оқушы өзін -өзі, топты бағалайды, мұғалімнің жеке оқушыны бағалайды. 5-минут. 5- модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.
.

2-минут. 6-модуль Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

инут.3- модуль. Оқыту үшін бағалау модулі.



І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау:

Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім !

-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ тілі сабағы.

Қызығушылықты ояту

Бір бет қағазға мәтін жазылып, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып жайылып қойылады. Мазмұны жағынан әртүрлі мәтін беруге болады.

  • Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай ретін тауып құрастырыңдар

Мағынаны тану кезеңі

-Сөз неден құралады?

-Сөйлем неден құралады?

-Мәтін дегеніміз не?

-Абзац дегеніміз не?

-Жоспар қалай құрылады?

Сергіту сәті «Жапырақ теру» ойыны. Әр жапырақтың артында тапсырма бар. Тапсырмаларға дұрыс жауап берсе, жапырақты себетке салу.

1. сұрақ: Жуан дауысты дыбыстарды ата.

2. сұрақ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.

3. сұрақ: Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.

Кітаппен жұмыс.
1-жаттығу «Жайлаудағы бір күнім» тақырыбында әңгімелеу мәтінін құрастырады.

2-жаттығу «Сұлтан Бейбарыс» мәтіні бойынша жұмыс

3-жаттығуда берілген жоспар бойынша мәтін құрылады.

Сабақты бекіту:

  • Енді, балалар бүгінгі сабағымыздың қорытындысын шығарып көрейік

  • Мәтін дегеніміз не?

Бағалау.

Үйге тапсырма.

загрузка...


Соңғы жарияланған материалдар тізімі


Мәтіннің құрылымы


Мәтін.


Дауыссыз л мен р


Мәтін түрлері


Мәтіннен өткенді қайталау


Буын түрлері


Хабарлы сөйлем


Сөйлем мүшелері


Әр алуан мәтін түрлерін ажырату


Әр алуан мәтін түрлерін ажырату


Бөлім: publ / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 239 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:

Начало формы

Имя:*

E-Mail:

Қазақ тілі, 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Мақсаты: Оқушыларды мәтіннің түрлерімен таныстыру.
Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру. Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздерді қолдану ерекшелігі арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.
Табиғатты зерделей білуге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
әдістері: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, талдау, шығармашылық - ізденушілік әдістері.
көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, тірек - сызба, оқулық.

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды үш топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 197 - жаттығу. Мәтінге жоспар құру керек.
Алдымен әр топтан бір - бір оқушы мәтінді кезектесіп, тізбектеле оқиды. Сосын әр топ өздерінің құрған жоспарларын оқиды.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту. Сұрақ - жауап:
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіннің қандай бөліктері болады?
- Мәтіндегі сөйлемдердің орындарын ауыстырып айтуға бола ма?
ІV. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа сабақ
1) Бірінші мәтін бойынша жұмыс
- Мен сөз жасырдым. Бұл сөз екі сөзден құралып тұр.
Бір таңбалы сан + адам дене мүшесі = суда тіршілік ететін жәндік.
Жауабы: сегізаяқ (интерактивті тақтадан сегізаяқтың суреті және мәтін көрсетіледі.) Ендеше бірінші мәтін «Сегізаяқ» деп аталады.
- Бұл мәтін не туралы? - Тақырыбы қалай аталады?
Мәтіндегі сөйлемдерге қандай сұрақтар қоюға болады.
(Оқушылар жауабы: - Сегізаяқ не істейді? - баяу қозғалады.- Жауын көргенде қайтеді?- құтылып кетеді. Аяқтарын төмен салбыратса не істейді?
Ұйқыға батады, ұйықтай береді
- Яғни осы аталған сөздер бұл мәтіндегі тірек сөздер. Осы тірек сөздер мәтіндегі сөйлемдер арасында байланыс жасап тұр. Бұл мәтіннің - әңгімелеу түріне жатады. Себебі, бір оқиғадан соң екінші оқиға айтылады. (Сөйлемдердің орындарын ауыстыруға болмайды. Егер құрылымы бұзылса мәтінде не туралы айтылғанын ұғу қиын болады.)
Әңгімелеу мәтінінің ерекшелігі: 1) Мәтін «не істейді, не істеді» деген сұрақтарға жауап береді. 2) Тірек сөздері - етістіктерден болады. 3) Сөйлемдер тізбектеле байланысады. Мәтін соңына қарай негізгі ой айтылады. (1 - тірек - сызбада көрсету)

Әңгімелеу мәтінін түсінгендерін байқау.
Ақбөкен
Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ - тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарайды. Қауіп төнгенде пысқырып дауыс береді.
- Бұл мәтіннің қай түрі?

2) Топпен жұмыс.
- Осы мәтіндегі тірек сөздерді табыңдар.( мекендейді, жайылады, қарауыл қарайды, дауыс береді)
3) Екінші мәтінмен жұмыс. Оқулықпен жұмыс «Лашын»(70 бет)
- Мәтінге сұрақты қалай қоюға болады? - Мәтінде лашынды қандай деп сипаттайды? - Лашын қандай құс? - Оның арқасы, алқымы қандай?
- Көзі қандай?- Қанаты қандай?
Бұл - сипаттау мәтіні.
Сипаттау мәтінінің ерекшелігін өздерің тауып айта аласыңдар ма? (Әр топтың жауабын тыңдау).
Сипаттау мәтінінің ерекшелігі: 1) Сөйлемдер заттың түр - түсін, қасиетін суреттейді. 2) Сипаттау мәтіні « Қандай?» деген сұраққа жауап береді. 3) Тірек сөздер - сын есімдерден болады.( 2 - тірек - сызбада көрсету)

4) Үшінші мәтінмен жұмыс.
(Интерактивті тақтадан қайыңның суреті мен мәтін көрсетіледі.)
Қайың.
Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады. Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.
Бұл - мәтіннің қай түрі болады деп ойлайсыңдар? НЕ себепті? - Немен дәлелдейсіңдер? Бұл - пайымдау мәтіні. Себебі, бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді. (3 - тірек - сызбада көрсету)

Пайымдау мәтінінің ерекшелігі:
1) Пайымдау мәтіні « Неліктен?» деген сұраққа жауап береді. 2) Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.
3) Тірек сөздері - "өйткені", "себебі", "біріншіден ", "екіншіден,"--- деген сөздер
VI. Түсінгендерін тексеру
1) Тірек сызбаны пайдаланып мәтін құрау. Әр топқа тапсырма беру.
Үш топта "Түйе" тақырыбына мәтін құрайды.
1 - топқа:
Мәтін "Түйе - төрт түлік малға жатады"- деп басталады. Тірек сөздері не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап береді. Әңгімелеу мәтіні болу керек.
2 - топқа:
Мәтін "Түйе - сирақтары ұзын, өркешті жануар"- деп басталады. Тірек сөздері қандай? деген сұраққа жауап береді. Сипаттау мәтіні болу керек.

3 - топқа:
Мәтін "Түйе адамға пайдалы, себебі, "- деп басталады. Тірек сөздері неге? неліктен? деген сұрақтарға жауап береді. Пайымдау мәтіні болу керек.

VII. Сабақтың қорыту кезеңі.
- Бүгін сабақта не үйрендіңдер?
- Білетін ережелеріңді, ұғымдарды кестеге жазу.
Мәтін туралы не білетін едік?
Бүгін тағы нені үйрендік?

1. Мәтін мағына жағынан өзара байланысқан, екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.
2. Мәтіннің тақырыбы болады.
3. Мәтіннің басы, ортасы, соңы болады.
4. Мәтінде тірек сөздер болады.
Мәтіннің негізгі ойы болады.
• Мәтіннің түрлерін білдік:
1. әңгімелеу
2. сипаттау
3. пайымдау
•осы түрлерінің ерекшелігін білдік.

Оқушылардың білімін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру. 201 - жаттығу. Күнбағыс жайлы сипаттау мәтінін құрау. Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Кері қайту

Материал рейтингісі:

  • 0

барлық дауыс бергендер: 0

Ілмек сөздер: Қазақ тілі, 2 сынып, мәтіннің түрлері, ашық сабақ бастауыш сын

азақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды мәтіннің белгілерімен, оларды тиісті дауыс ырғағымен оқуға, мағынасын түсінуге үйрету;
Сабақтың дамытушылығы: мәтінді талдау арқылы ой тұжырымын жасауға, өз ойларын дәлелдеуге дағдыланады; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл - ойын дамыту;
Сабақтың тәрбиелігі: адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену, көрнекілік.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Психологиялық дайындық
Қазақ тілі - өмірің де өлең де
Қазақ тілі - тамыр жайған тереңге
Қазақ тілі - - болашаққа жетелеп
Ұрпақтарды танытады әлемге

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3 - жаттығу тексеру, оқу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Негізгі ой
Түрлері Мәтін Тақырыбы
Мазмұны Бөлімдері

ІҮ. Жан - жақты білімдерін тексеру.
- Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады.
- Мәтінге ат қою - оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды қысқаша атау. Тақырып - мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Мәтіндегі негізгі ой - автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір - бірімен тығыз байланыста болады.
Мәтін дегеніміз не? Тірек сызбаға сүйене отырып мәтіннің мағынасын ашу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
а). Оқулықпен жұмыс.
ә). Дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.
4 - жаттығу. Терең ойлау тапсырмалары. Тақтамен жұмыс.
Көргені бойынша жазып шыққан қыздың әңгімесін ретке келтіріп жаз.
Әңгімең қалай болып шықты? Көшіріп жазып, оқы.
5 - жаттығу. Көркем жазу. Терең ойлау тапсырмалары.
Суреттерге қара. Бұлар қай ертегі бойынша салынған?
Төмендегі сөйлемдердің берілу реті сурет мазмұнына сәйкес келе ме?
Сурет реті бойынша сөйлемдерді көшіріп жаз.
6 - жаттығу. Ертегі мазмұнын әңгімелету. «Түлкі мен ешкі» ертегісін айтуға дайындал:
1). Суреттер мен сөйлемдер арқылы;
2). Суреттердің көмегімен;
3). Есіңде қалғаны бойынша.

Сергіту жаттығуы
7 - жаттығу. 5 - жаттығуда қарамен жазылған сөздерді ертегі мазмұнының ретіне қарай көшіріп жаз. Неліктен бұл сөздер тірек сөздер бола алатынын ауызша түсіндір.
8 - жаттығу. Ертегіні оқы. Түлкі мен құмыра
Сөйлемдердегі сұрау сөздерінің көмегімен тірек сөздерді тауып жаз.
1. Әйел шөптің арасына нені қойды?
2. Сүті бар құмыраны не көріп қалды?
3. Түлкі басын қайда сұқты?
4. Құмырадан басын шығара алмаған түлкі қайтті?
5. Түлкі немен бірге суға батып кетті?
Тірек сөздерді пайдаланып, ертегінің мазмұнын айтып бер.

ҮІ. Бекіту:
ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
ІХ. Оқушыларды бағалау

ШЫҚ САБАҚ


Сабақтың тақырыбы :


Негізгі және туынды етістік


3а-сынып қазақ тілі пәні


Бастауыш сынып мұғалімі

Қалдыгөзова Бағила Ахметқұлқызы


Сабақтың мақсаты :


Білімділік: Оқушыларға негізгі және туынды етістікті меңгерту.

Дамытушылық: ой өрісін, есте сақтау қабілетін, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік мәні: оқушыларды ұқыптылыққа,ізденімпаздыққа,

сауаттылыққа,көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,жұмыс дәптері,тест

Сабақтың типі: жаңа тақырып таныстыру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,жазбаша жұмыс


Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Әрбір адамның алдына қойған мақсаты болады,сол мақсатқа жету үшін көп еңбек етеді.Сол сияқты біздің де алдымызға қойған мақсатымыз бар.


Біздің мақсатымыз :"Білім алу"

Біздің міндетіміз : "Еңбек ету, 5-ке қолды жеткізу."


1,2,3

Бойға жинап күш,

Қазақ тілін бастаймыз

Білімнен біз қашпаймыз.


І. Үй тапсырмасы: өткенді қайталау

Ережелерді еске түсіру

1. Етістік дегеніміз не? Мысал келтір

2. Дара етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

3. Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.

ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындық

ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындық

Ой- ойла

ем- емде

ақ- ақта

таза-тазала


Арқан-арқанда

үтік -үтікте

ән-әндет

гүл-гүлден


Осы сөздерден қандай ерекшелік байқадыңдар?

Етістіктер зат есім , сын есімнен де жасала береді.

Етістік негізгі және туынды болып бөлінеді.

Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз.

Мысалы: оқы, көр , күт , жаз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік дейміз.

Мысалы: шегеле, ақылдас , ойлан, әдеміле.

Бірінші наурыз

Сынып жұмысы

Негізгі және туынды етістік.

Оқулықпен жұмыс


Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып)


Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып)


Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Мойнымызды бұрайық.

Оңға,солға иіліп,

Қолымызды созайық.

Жел сияқты қалықтап,

Денемізді бұрайық.


Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып) Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып)


"Сөз ойла, тез ойла" ойыны


Суреттегі заттардың атауымен туынды етістік жасау.


Сөйлем құрау.


Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып) үтікте Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып) гүлдеді


Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып) сабында Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып) бұрғыла


Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып) сырла


Ағаш басындағы етістіктерді теріп жазу



көзде


жырла

қапта

суретші

баста

қар

қолда


Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып)




"Ребустар шешу"


, Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып)

Қазақ тілінен сабақ жоспары Мәтін түрлері (3-сынып) ,


Ребус шешу


К 50,

8,,, 2 Р


Сабақты қорытындылау :

Жаңа сабаққа байланысты тест жұмысы.

1. Етістіктің қандай түрі болады?

а) ашық,тұйық , бітеу

ә) жекеше және көпше

б) негізгі және туынды

2. Негізгі етістікті тап

а) биле

ә) жүр

б) ақта

3. Туынды етістікті тап

а) күт

ә) арқанда

б) бар

4. Аяғың ауырса, ...

а) сусын ішіңіз

ә) бәрін білесің

б) көп жүрме

5. Негізгі етістік дегеніміз не?

а) түбір сөзден болған етістікті айтамыз

ә) түбір сөзге жұрнақ қосылу

арқылы жасалатын етістік


Үй тапсырмасы

341-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу. Туынды етістіктерді табу.

Ережені жаттау.

Бағалау

1. Элмира

2.Арайлым

3 Гүлназ

4. Рахат

5. Ахметжан

6. Марлэтта

7. Мейірім

8.Айгерім

9.Ардақ

10.Дәулет

11. Аяжан

12. Батырғазы

13.Ұлбосын

14.Қарасай



© 2010-2022