Әдебиеттік оқу сабағы Жазғытұрым

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жазғытұрым.

Сабақтың мақсаттары:

  • Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы мағлұмат беру; жыл мезгілі және ондағы өзгерістер туралы білімдерін кеңейту.

  • Танымдық белсенділігін арттыру, ойлау әрекетін дамыту, өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығаруға машықтандыру.

  • Экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте, техникалық құрал (бейне таспа), суретті үлестірмелі қима қағаз, кесте.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ.

І. Ой шақыру.

1. Қазір жылдың қай мезгілі? (көктем)

2. Бүгін аптаның қай күні? (сәрсенбі)

3. Бүгінгі ауа райы қандай? (ауа райы туралы айту)

4. Сендерге көктем мезгілі неліктен ұнайды? (күннің жылығаны, ағаштар бүршік атады, құстар келеді).

ІІ. Ой толғаныс.

(көктем мен қыс мезгілін Венн диаграммасы арқылы салыстыру)

Демек, қазір көктем мезгілі екен. Енді мына әртүрлі сурет қиындылары арқылы көктем мезгілін белгілейік:

а) күн

ә) ағаш, құстың ұясы, құс.

б) бала бейнесі (қолында күрегі бар)

Осы көріністен кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді анықтау. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы І.Жансігүровтың «Жазғытұрым» өлеңі.

  1. Тақырыпты ашу.

  2. І.Жансігүров туралы мағлұмат беру.

  3. Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру.

  4. Тіл дамыту жұмысы.

а) сөздік жұмысы: жер қарайды, желкілдейді көк майса, қыстау.

ә) Сөйлем құрау.

5. Оқу әдісі: а) іштей оқу; ә) дауыстап, мәнерлеп оқу.

ІІІ. Сергіту сәті. Бейнетаспадан көктем мезгілін тамашалау. («Жазғытұрым» өлеңінің мазмұнына сәйкес).

ІV. а) Көктем көрінісіне қайта оралу. (суретті қиындылар арқылы құрастырылған).

Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді анықтау. (бала, ағаш, күн, құс, ұя, күрек).

ә) сынып бөлмесіндегі кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін заттарды ата! (кітап, тақта т.б.)

б) Сурет бойынша жұмыс (оларға сұрақ қою)

- адам

- мамандық

- өсімдік

- жануар

V. Қазақ тілінде адам туралы сөздерге - кім? кімдер?, затқа, жануарларға - не? нелер? деген сұрақтар қойылады (бір шар - не?, көп шар - нелер? - салыстыру).

VІ. Орыс тілінде адамға, жануарларға (жанды заттарға) кім? (кто?), ал жансыз заттарға не? (что?) сұрақтары қойылады. Олай болса, бүгін біз заттың атын білдіретін сөздермен таныстық. Осы жүргізілген жұмыстарды қорыта отырып:

  • Оқушы өзі ереже шығарады.

  • Мысал келтіреді.

VІІ. Оқулықпен жұмыс, ережені оқу.

VІІІ. Жаттығулар орындау.

Сурет бойынша сұрақтарға жауап жазу.

- Кім? Қыз, ұл.

- Не? Ит, күшік, үй, тау, ағаш, шөп, аспан.

ІХ. «Көктем» суреті бойынша жұмыс (ауызша)

84-жаттығу (жазбаша орындау).

- Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазу. Керекті сөздердің орнына суреттер пайдаланылады.

Х. Суретті үлестірмелі қима қағаздар арқылы сөйлем құрау (кім? не?)

ХІ. Сабақты қорыту.

  1. І.Жансігүров кім?

  2. Жазғытұрым дегенді қалай түсінесіңдер?

Әдебиеттік оқу сабағы ЖазғытұрымӘдебиеттік оқу сабағы ЖазғытұрымӘдебиеттік оқу сабағы Жазғытұрымкім? не?

жӘдебиеттік оқу сабағы ЖазғытұрымӘдебиеттік оқу сабағы Жазғытұрымануар адам

кӘдебиеттік оқу сабағы ЖазғытұрымӘдебиеттік оқу сабағы ЖазғытұрымӘдебиеттік оқу сабағы Жазғытұрымімдер? нелер?

Әдебиеттік оқу сабағы Жазғытұрым

Әдебиеттік оқу сабағы ЖазғытұрымӘдебиеттік оқу сабағы Жазғытұрымқала өзен, көл аттары

мамандық

ХІІ. Сабаққа жақсы қатысып, белсенділік көрсеткен оқушылар бағаланады.

© 2010-2022