Математика пәнінен Көпбұрыштың периметрі ашық сабақ жоспарының үлгісі (2-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Математика. 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі.

Оқытудың негізгі мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларға периметр туралы түсінік беріп, көпбұрыштың периметрін табу ережесімен таныстыру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, жылдам, тез есептеуге баулу, топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды есеп шығару барысында шапшаңдыққа, жылдамдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Белсенді оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер: ОмОЖТ, СТОү, ОүБжОБ, ОЖЕСОжО, АКТ, ОБжК, Диалогтік оқыту.

Оқу нəтижелері: Периметр туралы түсінік алып, оны табудың жолын меңгеріп, сөйлеу дағдысы қалыптасады, бірлесіп жұмыс істейді.

Бағалау: Өзін - өзі бағалау "Бағдаршам", бірін-бірі.

Жұмыс формасы: Жеке, жұптық, топтық, күрделі тапсырма

Негізгі дереккөздер: АКТ, маркерлер, қарындаш, өшіргіш .

Сабақ кезеңдері

Уа-

қыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі









2 мин

Сабақта психологиялық көңіл күй орнату. Оқушылар шаттық шеңберін құрады. (Флипчарт №3)

Онда, әрқашанда талаптанып, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға дайын болып, сабағымызды бастаймыз.

Оқушылар шеңберге тұрып, тақпақты айтып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Мейірімді жүрекпен,

Бөлісемін бақытты.

Әрбір іске жауапты,

Бала болам талапты.

функцационалдық-орындаушылық кезең




























3 мин

-Балалар, бүгін біз «Пішіндер әлеміне» саяхатқа шығамыз.

«А» аялдамасы

- Алдарында жатқан , өздеріне ұнаған пішінді алып, өз топтарынды табыңдар.

1-топ: Үшбұрыш

2-топ: Төртбұрыш

3-топ: Шаршы

4-топ: Бесбұрыш

-Енді балалармен постерге топтарынның атына сай пішінді салып, оның қандай қасиеттерін айта аласыңдар? Соны ақ қағазға топпен ақылдасып жазыңдар.

-Үй жұмысын тексеру №5 -95 бет

Оқушылар өздеріне ұнаған фигураны таңдап алған соң, топтасып отырады.

-Әр топтағы балалар, фигуралардың қасиеттерін қағаз бетіне түсіріп, спикер дәлелдейді.

- Басқа балалар үй жұмысымен қандай байланысы бар екенін айтады. Бұрыш түрлерін ажыратады. 6 мин

«Білу»

«В» аялдамасы

Бағбан бақшасын қоршауы керек. Бақтың ұзындығы -5м,

Ені - 4 м. Бағбанға неше метр дуал керек?

(Дуал - жерді қоршауға арналған ағаш)

- Демек дуалдың ұзындығын табу үшін қабарғалардың ұзындығын қостыңдар. Бұл қосындыны периметр деп атаймыз.

Математика пәнінен Көпбұрыштың периметрі ашық сабақ жоспарының үлгісі (2-сынып) -Математика нақты пән болғандықтан, онда ұзын сөздер болмайды. Сондықтан ғалымдар периметр деген сөзді Р деп белгілеуге келіскен.

Р=а+b+а+b

Р=а+b+с

Р=а+b+с+d

Р=а+а +а+а

Оқушылар тапсырманы оқып, бағбанға қалай көмектесуге болатынын өз ойларын айтады.

- Бақтың ұзындығы - 5 м

Ені - 4 м

Неше метр дуал керек -?

Шешуі: Р=5 м+4м+5м+4м=18 м Жауабы: 18 м дуал керек.

-Көпбұрыштың периметрі - оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.

Флипчартпен жұмыс.

Математика пәнінен Көпбұрыштың периметрі ашық сабақ жоспарының үлгісі (2-сынып)Р-? 4 мин

«Түсіну»

«С» аялдамасы

Оқулықтағы №1 орындату.

А)Үшбұрыштың қабырғаларын өлше. Оның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын жаз.

Ә)Төртбұрыштың қабырғаларын өлше. Оның барлық қабырғалары ұзындықтарының қосындысын жаз.

Б) Қабырғаларының ұзындықтары: 8 см, 3 см, 4 см,5 см, 2 см көпбұрыштың периметрін тап.

Оқушылар №1 тапсырманы оқып, дәптерге орындайды.

А) Р=2 см+2 см+3 см=7 cм

Р=7 cм

Ә) Р=3 см+3 см+4 см+ 2см=12 cм

Р=12 cм

Б) Р=8 см+3 см+4 см+5 см+2 см=22cм

Р=22 cм 7 мин

«Қолдану»

Электронды оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма: Көпбұрыштың периметрін табу.

2-тапсырма: Тік төртбұрыштың периметрін табу.

Сергіту сәті (геометриялық конструктор)

Оқулықпен жұмыс.

№5 есеп құрастырып, шығару.



Оқушылар тапсырманы оқып, дәптерге орындайды. Р=1 см+4см+3см+3см+2см=13 см Р=13 см Р=4 см+1см+4см+1см=10 см Р=10 см Оқушылар геометриялық фигураларды қолданып, пішін құрастырады. Қандай фигураларды қолданғандарын айтады. ҚМатематика пәнінен Көпбұрыштың периметрі ашық сабақ жоспарының үлгісі (2-сынып)алам- 50 теңге ? теңге ДМатематика пәнінен Көпбұрыштың периметрі ашық сабақ жоспарының үлгісі (2-сынып)әптер - ?, 40 теңге арзан Шешуі: 50+ (50+40)=140 теңге. Жауабы: Барлығы 140 теңге.
2 мин

«Талдау»

«Д» аялдамасы

№4 Теңдеуді шешу.

Оқушылар теңдеудің шешуін тауып, математикалық тілде шешуін табу жолын түсіндіреді. 60+а=65 49-а=43 97-а=7 а-5=90 5 мин

«Жинақтау»

«Е» аялдамасы.

Сабақ басында берілген фигуралардың периметрін табу.

Сыныптың бөлмесінің ұзындығын метрмен өлшетіп, Р тапқызу. Өмірмен байланыстыру: құрылысшылар еденнің жиегіне қағатын ернеулікті сатып алу үшін, еңбек сабағында аппликациялық жұмыстар орындау үшін, ...

Оқушылар қолдарындағы фигуралардың қабырғаларын өлшеп, периметрін табады.


3 мин

«Бағалау»

-Сонымен бүгінгі сабақта қайда саяхат жасадық?

-Біздің жүрген жолымыз қандай фигураға ұқсайды екен?

- Егерде жүріп өткен жолымыз әр аялдамада 1 м артып отырса. Бүгін біз қанша м жол журген екенбіз?

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, логикалық тапсырманың шешуін табады.

Р=3+ (3+1)+(4+1)+(5+1)+(6+1)=25 м


Рефлексия




3 мин

Бүгін сабақта не білдік?

Не қиын болды? Сабақта не ұнады?

Үй жұмысы:

Өзін-өзі бағалау: Бағалау парағына оқушылар үш түрлі смайликті жапсырады. «Жасыл» - түсіндім, «сары» - түсіндім, бірақ сұрақтарым бар, «қызыл»- түсінбедім.

Топ басшысы: Тобындағы белсенді қатысқан оқушыларды атап өтеді.

Мұғалім: жақсы меңгерген топтың бағалау парағын кеменің жоғары желкеніне орналастырады, ризашылығын білдіреді.

Оқушылар ойларын ортаға салып айтады.

96 беттегі №3, және 1 көпбұрыш сызып Р-?

Оқушылар бағалау парағына смайликтерді жабыстырады.

© 2010-2022