Әдебиеттік оқу. Өс, ұлан! Ө. Тұрманжанов

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Өс, ұлан! Ө.Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты:

1.Өлеңнің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру.Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, денсаулыққа дұрыс қарау керектігін түсіндіру.
2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, ақыл-ойын, тіл байлығын; сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.
3. Жақсы сөздерге мән бере отырып, баланы ұлттық дәстүрде тәрбиелеуге, әсемдікті түсінуге жетелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, плакат, бор, маркерлер, мақалдар, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру жұмысы

2. Үй тапсырмасын сұрау.

С.Үсенұлы «Нағыз байлық» мәтінің оқу.

3. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту.

Жақсы адам, жақсылықтық туралы мақалдар айтқызу.

Жақсының жақсылығын айт.

Жақсы-ісімен жақсы. т.с.с.

-Үйлеріңде кңм ерте тұрады?

-Ал ақын Н.Айтов кімнің ерте тұратынын «Ерте тұрды» деген өлеңде өте қызық жазған екен.

Мағынаны тану.

-Ал, балалар, ақын ағаларың Ө.Тұрманжановтың «Өс, ұлан!» деген өлеңінің жақсы мен жақсылыққа қандай қатысы бар екендігін оқып, танысып көрейік. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Автормен таныстыру.

Тұрманжанов Өтебай

Ө.Тұрманжанов 1905 жылът 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Ташкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927-ЗОжж.). 1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған қазақ секциясын басқарды. 1931 жылы өлкелік партия комитетінің шақыруымен Алматыға ауысады. КазПИ-де профессор міндетін атқарады. Кейін Казақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті", "Әдебиет майданы", "Жұлдыз" газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935-37жж.) болды. Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің соңғы жылдары "Жазушы" баспасында бөлім меңгерушісі кызметін аткарған. Тұңғыш жинағы "Таң өлендері" (1925ж.) Мәскеуден шықты. 1937 жылы - "Қошан кедей", 1929 жылы - "Таң сыры" т.б. 40-тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л.Н.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. "Казақтың мақал-мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Түрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды.Әдебиеттік оқу. Өс, ұлан! Ө.Тұрманжанов

5.Өлеңді түсініп, таңдаған мәнерінде оқы:

а)өлеңді бұйрық мәнерінде оқу дұрыс;

ә)өлеңді көтеріңкі көңіл күйде сыпайы сезіммен оқу дұрыс.

Сұрақтар:

Ақын жас ұланға дені сау болып өсу үшін қандай ақыл айтқан?

6.Ой толғаныс


Өлең соңында шыныққан, шымыр бала неге ұқсайды?

Бір-бірін тыңдау, толықтыру, жинақтау.

Ойтолғау.

Мақалдарды жинастыру

Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады,

Жай тұрсаң, алдыңнан түн шығады.

«Бес жолды өлең» стратегиясы

1-жолы өлең тақырыбы (көбінесе зат есім);

2-жолы - тақырып сипаты (екі сын есім);

3-жолы - әрекет (тақырыпқа қатысы бар үш етістік);
4-жолы сезім (тақырыпқа автордың көзқарасын білдіретін төрт сөзден
тұратын тіркес);

5-жолы (бірінші жолдың мағынасына сай қайталайтын синоним сөз).

1.Не?Кітап.
2.Қандай? Қалың, жаңа, әдемі.
3.Не істеді? Оқыды, ашты, үйренді.
4.Сөз тіркесі.Қалың кітап, кітапты оқыды, кітапты ашты.
5.Ерлан кітапты ашып оқыды.

7.Үйге тапсырма Өлеңді жаттау.

8..Бағалау



© 2010-2022