Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Уу дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы.

Мақсаты:

1. Білімділік: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру. У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылықтарын арттыру.

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Көрнекіліктер: суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: у дыбысының қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын түсіндіру. У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.

-Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

15-бет. 4-жаттығу.

3. Тақырыпқа көшу кезеңі:

-Дыбыс дегеніміз не?

-әріп дегеніміз не?

-Дыбыстардан не құралады?

-Дауысты және дауыссыз дыбыстарды атау.

4. Тақырыпты түсіндіру.

Алдымен у дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіреміз. Баған түріндегі сөздерді хормен оқу. ә)Тақтамен жұмыс: А-уа, ну, ту, ау. на-уа, уық, науат. б) Тау сөзіне дыбыстық талдау жасау
а
Тау сөзін қатыстырып сөйлем құрату. Адамдар, жан-жануарлар Өсімдіктер немен тыныс алады? -Ауамен.Ауа сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау.А-уа, а+у+а. Ту,ау сөздерін салыстыра отырып, у дыбысының бірде дауысты , бірде дауыссыз екенін түсіндіру. у-ту-дауысты, у-ау- дауыссыз.У- әріп таңбасымен таныстыру. Буындарды жаттату.Та па на ға ра ла уа

Сөздік диктант:үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық,, қуырмаш, сүргі.

5. Сабақты бекіту.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Оқулықпен жұмыс.

1, 2-жаттығулар (у әрпі бар сөздерді теріп жазып, буынға бөлу, у әрпінің дауысты және дауыссыз екендігін ажырату.

Ережемен таныстыру.

3-жаттығу, сөздерді оқып, буынға бөліп жазу.

6-жаттығу, көп нүктенің орнына ұ, ү, у әріптерінің бірін қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Сергіту сәті:

Үлкенге де Сіз!

Кішіге де Сіз!

Бар әлемнің баласын

Құрметтейміз біз!

6. Сабақты қорыту.

Не білдік, не үйрендік?

7. Үйге тапсырма.

17- бет. 4-жаттығу.

8. Бағалау.

Оқушылардың бағаларын күнделік пен журналға қойып шығу.

Қазақ тілі 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Уу дыбысының жазылуын пысықтау.

Мақсаты:

1. Білімділік: у дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.

2. Дамытушылық: ы, і дыбыстарына аяқталған сөздерге у әрпі жалғанғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатынын түсіндіру.

3. Тәрбиелілік: Оқушылардың сауаттылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, ойын

Көрнекіліктер: суреттер, әріп жазылған парақша

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - у дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру .Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

17-бет. 4-жаттығу.

3. Тақырыпқа көшу кезеңі:

Сөздік диктант жаздыру.

Үй, ұя, сұйық, суық, уылдырық, үйеңкі, уық, сұр, сүр, күлу, құрық, қулық, Ақтау, самұрық, қуырмаш, сүргі.

4. Тақырыпты түсіндіру. У әрпі жазылғанда ы, і әрпіне аяқталған сөздерге у әрпі жалғанғанда ы, і әріптерінің түсіп қалатынынымен танысады. Бұл ережені еске түсіру жұмысы 1-жаттығу арқылы жүзеге асырылады. Екі бағанды салыстыра отырып, у әрпіжалғанғанда, ы, і әріптерінің түсіп қалатынын байқайды. Осы жаттығу арқылы өздері қорытынды жасайды.

5. Сабақты бекіту.

«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.

Оқулықпен жұмыс.

2-жаттығу(у әрпі бар сөздерді теріп жазып, буынға бөлу, у әрпінің дауысты және дауыссыз екендігін ажырату.

3-жаттығу, сөздерді оқып, буынға бөліп жазу.

4-жаттығу, көп нүктенің орнына ұ, ү, у әріптерінің бірін қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Сергіту сәті:

Үлкенге де Сіз!

Кішіге де Сіз!

Бар әлемнің баласын

Құрметтейміз біз!

6. Сабақты қорыту.

Не білдік, не үйрендік?

7. Үйге тапсырма.

19- бет. 5-жаттығу.

8. Бағалау.

Оқушылардың бағаларын күнделік пен журналға қойып шығу.





Сабақтың тақырыбы: Ю әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: ю дыбысы бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыру.

2. Дамытушылық: Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру , ойлау қабілетін арттыру

3. Тәрбиелілік: Оқушылардың сауаттылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру, ойын

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру , ойлау қабілетін арттыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

31-бет. 4-жаттығу.

III. Жаңа сабақ

1. Кіріспе бөлім

а) Тақтаға аю мен оюдың суреті ілінеді. Оқушылар аю, ою сөздерін дәптерлеріне жазады.

Аю мен ою сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.

Аю - екі буын, екі әріп, екі дыбыс.

А - жуан дауысты дыбыс.

Ю - дауысты дыбыс.

ә) «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға бірнеше кеспе әріптер батырмамен (кнопкамен) бекітіледі. Оқушылар дауыссыз дыбыстарды бір бөлек, жуан дауысты дыбыстарды бір бөлек және жіңішке дауысты дыбыстарды бір бөлек қояды.

- Қай әріп артық қалды?

- Ю әрпі.

- Неліктен?

- Ю - дауысты дыбыс. Бірақ ол екі дыбыстан (йу) тұрады.

2. Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.

ІҮ. Сабақты бекіту.

1. Жұмбақтар шешу.

Апанда алты ай ұйықтайтын, Білесің бе батырды?

Ұзын құлақ, қысық көз

Орғып-орғып сай кезген.

Аю, қоян сөздерін тақтаға бір оқушыға жазғызу. Дұрыс-бұрыстығын тексеру.

- Аю сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?

- Аю сөзінде «иу» дыбыс естілгенмен, ю әрпін жазамыз.

- Тағы ю әрпі жазылатын қандай сөздерді білесіңдер?

- Қоян сөзінде неше дыбыс бар? Неше әріп жаздық?

2. Оқулықпен жұмыс.

Осы сабақтағы жаттығулар я, ю әріптерінің жазылуына арналады.

3. Үлестірмелі қима қағаздары таратылып беріледі.

Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып.

Ү. Сабақты қорытындылау.

4. Сурет бойынша жұмыс.

Тақтаға бақшада жұмыс істеп жүріп, аяғын жарақаттап алған баланың суреті ілінеді.

- Сурет бойынша не айтуға болады?

- Балаға не болды?

- Бақшадағы құрттарды не деп айтуға болады? (Зиянкес).

- Аяқ, зиянкес сөздерін кім тақтаға жазып көрсетеді?

ҮІ. Үйге тапсырма беріледі.

ҮІІ. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: дыбыстардың дұрыс жазылу бойынша алған білімдерін тиянақтау

Дамытушылық мақсаты: сөз арасындағы дыбыстардың өзара ерекшеліктерін ажырата білу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: сауатты жазуға баулу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты Ю әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йу дыбыстары естілгенімен ю әрпі жазылатындығын түсіндіру , ойлау қабілетін арттыру.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІІ. Қайталау сабағы.

Таяқ, қияр сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.

Таяқ екі буын, төрт әріп, бес дыбыс.

т-дауыссыз дыбыс

а-жуан дауысты дыбыс

Я-дауысты дыбыс

қ-дауыссыз дыбыс

Проблемалық сұрақ:

Қоян және қияр сөздері төрт әріппен жазылады. Ал осы сөздердің айтылуында неліктен бес дыбыс болып тұр?

- Таяқ және қияр сөздеріндегі я дыбысы екі дыбыстан тұрады, йа естілгенімен я жазылады.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Өлең оқылып, мазмүны ашылады.

Қарамен жазылған «оянғаны, таянғаны» деген сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

Бұл сөздердегі я әрпінің қандай дыбыстардан құралғаны айтылады.

2-жаттығу. Мәтін оқылады. Берілген тапсырма бойынша мәтіндегі тиісті сөйлемдер көшіріліп жазылады. Я әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады.

Я әрпі бар екі-үш сөздің айтылуы мен жазылуын тақтаға жаздырып, салыстыру. Мысалы:

Оқушылар осындай жұмыстардың арқасында я дыбысының екі дыбыстан тұратындығын өздері түйіндейді.

Мұғалім я, ю дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін, сөзде йа, йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылатындығын айтып қорытындылайды.

Ережені пысыктау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі:

1. Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді.

2. Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады.

3. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.

Оқулықтағы 3-ші және 5-жаттығулар орындатылады.

Шығармашылық тапсырма:

Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана» тақырыбына өлең немесе шығарма жазғызылады.

Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың, мәпелейсің.

IV. Сабақты қорытындылау.

а) Алған білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Ю дыбысы қандай дыбыс?

2. Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

3. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

ә) Сөздік диктанты алынады. Я, ю әрпі кездесетін сөздердің астын сызады. Жазылуы мен айтылуын салыстырады.

Баспалдақ, ою, шытырман, шаю, қоян, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая.

Айтылуы Жазылуы

Айан тайау байау Аян таяу баяу

ҮІ. Сабақты қорыту.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

V. Үйге тапсырма беру.

4-жаттығу.

2-сынып, қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: дауыссыз дыбыстардың түрлерін қайталай отырып, білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: сөз арасындағы дыбыстардың өзара ерекшеліктерін ажырата білу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: сауатты жазуға баулу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: буклет

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты дауыссыз дыбыстардың түрлерін қайталай отырып, білімдерін қалыптастыру .

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

39-бет. 3-жаттығу.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Дөңгелектер ішінде орналасқан буындардан және әріптерден сөз құрастыр.

ла де не

дақ

дақ

қыл

Ға де

ққылыл

қыл

қыл

То ша бе


Құрастырылған сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, оларды үшке бөліп жаз

Қатаң:..., ...

Ұяң: ..., ...

Үнді: ..., ...

ІҮ. Тақырыпты түсіндіру

Қазақ тілінде дауыссыздар үннің қатысына қарай үшке бөлінеді. Оқушылардың осы жайлы алған білімдерін пысықтау үшінтақтаға төмендегідей кесте ілініп, оқушылар оны толтырады.

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: б,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: л,...

Ү. Сабақты бекіту.

«Адасқан әріптер» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға дауыссыз дыбыстардың бөлінуі көрсетілген кесте ілінеді. Кестеде қатаң, ұяң, үнді дауыссыздардың орындары ауыстырылып беріледі. Оқушылар дауыссыздардың бөлінуіне қарай дұрыс орналастырады.

Қатаң дауыссыз дыбыстар: ғ,д,ж,з,(у), ң,р,й.

Ұяң дауыссыз дыбыстар: к,қ,п,с,т,ф,х,һ, м,в,

Үнді дауыссыз дыбыстар: б, г,н,л,ш,щ,ц,ч

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау

2-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу. Қатаң дауыссыз дыбыстарды тауып, астын сызу. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыру.

Ережені пысыктау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі:

Оқулықтағы 3-ші және 5-жаттығулар орындатылады.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Не білдік? Не үйрендік?

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

VІІ. Үйге тапсырма

4-жаттығу. 41-бет

ҮІІІ. Бағалау.




Тақырыбы: Б, п әріптерінің жазылуы. Сабақтың мақсаты: түбірдің соңындағы п дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда п дыбысы б дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру; басқа тілден енген, соңында б дыбысы келетін сөздердің жазылуын естеріне түсіру. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақ. 1) Кіріспе бөлім. «Орфографиялық сөздікте қалай жазылады?» тапсырмасы. Тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады. көсі... қалы... клу... мекте... ғажайы... шта... - Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылады деп ойлайсыңдар? (Тақтаға оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті (п, б) жазады). Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту. - Балалар, осы сөздердің соңында б дыбысы естіліп түр. Ал сендер неліктен кейбір сөздердің соңына п, ал кейбір сөздердің соңына б әріптерін жаздыңдар? Сөз соңында б дыбысы естілгенімен, п әрпі және кейбір басқа тілден енген сөздердің соңында б әрпі жазылатындығы еске түсіріледі. П мен б дыбысына аяқталатын сөздерге мысалдар келтірту. - Б дыбысына аяқталатын сөздерді кім атап береді? (Штаб, клуб, араб, куб). - Б мен п әріптері туралы не айтуға болады? - Б - үяң дауыссыз дыбыс, ал п - қатаң дауыссыз дыбыс. - Олай болса, бүгінгі сабақта «Б, п әріптерінің жазылуын» есімізге түсіреміз. Негізгі бөлім. 1-жаттығу. Өлең оқылып, мазмұны ашылады. П әрпіне аяқталатын сөздер көшіріліп жазылады. 2-3-4-жаттығулар орындатылады. Мектеп, сынып, танып, зерттеп сөздерінде п әрпі, ал араб, клуб сөздеріне б әрпі жазылады. Клуб, араб сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу. клуб - үйірме араб - үлт - Тағы кандай сөздердің соңына б әрпі жазылады? Неліктен бұл сөздердің соңына б әрпі жазылады? - Штаб, куб. Бұлар - басқа тілден енген сөздер. Осы сөздердің жазылуын есте сақтауымыз керек. - Берілген сөздердің қайсысына ы, қайсысына і әрпін жалғаймыз? Сыныбі немесе мектебы деп жазуға бола ма? Сабақты қорытындылау. Тақтаға төмендегідей сызба ілінеді. 0 К ә ы П Е А і Р Т С У
Сызба бойынша оқушылар сөз (мысалы: торап, кәсіп, теп) құрайды. Ол сөздерге ы, і, у әріптерін жалғап айтады. Сөз соңындағы п әрпінің б әрпіне өзгеру себебін түсіндіреді. - Б дыбысына аяқталатын қандай сөздердің жазылуын есте сақтауымыз керек? - Сөз соңындағы п дыбысы қай кезде өзгеріске ұшырайды? Себебін түсіндіріңдер. Үйге 5-жаттығуды беруге болады.



2-сынып, қазақ тілі. Тақырыбы: Дауыссыз Қ мен Ғ.

Сабақтың мақсаты:

1. Дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау

2. Қ, ғ дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.

3. Оқушылардың сауаттылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: суреттер.

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты дауыссыз дыбыстардың түрлерін қайталай отырып, үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

46-47-бет. 3-жаттығу.


ІІІ. Тақырыпты түсіндіру. (қайталау) Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастырып жаз. Қ дыбысына аяқталған сөздерге дыбыстық талдау жаса. Осы сөздерге дауысты дыбыс жалғап оқы.

  1. Емшісі, орман, тоқылдақ, болады.
  2. Аяғынан, қарлығаш, жараланыпты.
  3. Соң, кемпірқосақ, шығады, жаңбырдан.
  4. Бетінде, жапырақ, шық, етеді, жылт-жылт.
1-жаттығу.Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып жаз. Сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырып жаз. Топырақ, шырақ, жолағы, жорық, қуыршағы, аяғ, балағы, лағы. 2-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздегі ы әрпін тастап оқы. Қандай өзгерістер байқадың? Құлағы үсіп кетті, Үсіп, ісіп кетті. 3-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Қ дыбысына аяқталған қандай сөздерді пайдаландың? Сол сөздерге -ы әрпін қосып жаз.

ІҮ. Сабақты бекіту.

Түлкінің пайдасы.

Түйе - байлық,

Қой - мырзалық,

Ешкі - жеңілдік,

Жылқы - сәндік,

Сиыр - ақтық.

Қ әрпі бар сөздердің астын сыздыру.

Ү. Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады.

ҮІ.Үйге тапсырма.

49-бет. 4-жаттығу.

ҮІІ. Бағалау. 2-сынып, қазақ тілі. Тақырыбы: Дауыссыз л мен р дыбыстары. Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Л, р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру. 2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: суреттер.

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Л, р дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

51-бет. 5-жаттығу.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі. Қазақ тілінде дауыссыздар үннің қатысына қарай үшке бөлінеді. Тақтаға төмендегідей кесте ілініп, оқушылар оны толтырады.

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: б,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: л,...

ІҮ. Жаңа сабақ.

- Бүгін үнді дауыссыз дыбыстардың жазылу емлесіне тоқталамыз. Үнді дауыссыз дыбыстар қалай естілсе, солай жазылады. Бірақ кейбір үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуында ерекшелік бар. Ң әрпі сөз басында келе ме? Осыған мысал келтіре аласыңдар ма? (Аң, жаңғақ,...).

- Ң әрпі сөз басында еш уақытта жазылмайды. Сөздің ортасында, соңында келеді.

- Л, р дыбыстарына сөз ойлаңдар. Бұл дыбыстар сөз басында келетін болсын. (Рұқсат, лай,...).

- Рұқсат, лай сөздерінің жазылуы мен айтылуы бірдей ме? Сөз басында қандай дыбыс естіліп тұр? Бүл сөздер естілуі бойынша жазыла ма?

Оқушыларға мысалдарды келтіргізе отырып, үнді дауыссыз дыбыстардың жазылуындағы ерекшеліктерді өздеріне айтқыздырту.

- Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, айтылуында олардың алдында ы, і, ұ, ү дыбыстары қолданылады. Сондықтан жазуда оны елемейміз.

Ү. Сабақты бекіту.

Жұмбақ.

Бұл қандай бұйым?

Сүртінсең,

Үлпілдеп денені

Лезде құрғатып береді.

Гүл өңін кірлетпей орнына

Іліп қой қайтадан сен оны. (сүлгі)

Қарамен жазылған сөздердің жазылуын салыстыру. Жұмбақтың шешуін қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.

1-жаттығуда берілген сөздерді оқыту. Л, р әріптерінен басталып жазылатын сөздердің айтылу ерекшелігіне тоқталу жөн.

2-жаттығу. Суреттің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі сөздер қалай табылды? Осы сөздерді баған түрінде жаз. қандай өзгеріс болды?

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Үнді дауыссыз дыбыстарды кім атап береді?

- Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, олардың айтылуында қандай дыбыстар қолданылады.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

54-бет. 3-жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау.

2-сынып, қазақ тілі.

Тақырыбы: Дауыссыз н мен ң дыбыстары. Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Н мен ң дыбыстарының жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру. 2. Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.

3. Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: суреттер.

Қолданылатын әдіс: қайталау, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау. Н мен ң дыбыстарының жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

57-бет, 5-жаттығу.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі. Қазақ тілінде дауыссыздар үннің қатысына қарай үшке бөлінеді. Тақтаға төмендегідей кесте ілініп, оқушылар оны толтырады.

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: б,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: л,...

ІҮ. Жаңа сабақ.

Дауыссыз н мен ң

- Енді балалар н, ң дыбыстары кездесетін бірнеше сөз ойлаңдар.

Оқушылардың келтірген мысалдарынан н, ң дыбыстары сөздің басында, ортасында келетіндігі анықталады. Оқушылардың айтқан сөздерін буынға бөлдіру. Мысалы: қаң-бақ, қо- ңыз. Кейбір оқушылар қоң-ыз деп буынға бөлуі мүмкін. Осыған байланысты оқулықтағы «Есіңде болсын» белгісімен берілген ережемен таныстыру. Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген жағдайда сөздерді буынға бөлген кезде, ң дыбысы келесі буынның басында келетіндігі түсіндіріледі. Түсінікті болу үшін бірнеше сөзді тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне тасымалдатып жазғызуға болады.

Ү. Сабақты бекіту.

(Терме диктант.)

Тақтаға бірнеше сөздер жазылады. Оқушылар олардың ішінен ң әрпі кездесетін сөздерді ғана теріп, тасымал түрін көрсетіп жазады.

Аңызық, қарындас, жаңғак, баспалдак, таңғы, кеңес, қуаныш, кеңес.

- Аңызық сөзінде ң әрпі екі дауысты дыбыстың ортасында келіп тұр? Осы сөзді ң әрпінен бастап тасымалдауға бола ма?

Бұл жерде сөздің а-ңы-зық деп буынға бөлінетіндігі, бірак а-ңызық деп тасымалдауға болмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу керек. Бір дыбысты буын тасымалдауға келмейтіні, яғни а-ны жалғыз жолға қалдыруға болмайтындығы айтылады.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. қарамен жазылған сөздерді салыстыр. Мағыналарының екі түрлі себебін түсіндір.

2-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, мағыналарының екі түрлі болу себебін түсіндір.н, ң әріптерінің астын сыз.

3-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқы. Н әрпімен аяқталатын сөздерді тап.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Үнді дауыссыз дыбыстарды кім атап береді?

- Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, олардың айтылуында қандай дыбыстар қолданылады?

- Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген сөздерді қалай тасымалдаймыз?

Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақ қорытындыланады.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

59-бет. 4-жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау.

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л..

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң дауыссыз дыбыстар: к,...

Үнді дауыссыз дыбыстар: л,...

Ұяң дауыссыз дыбыстар: б,...


2-сынып, қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді бекіту.

Сабақтың мақсаты:

1. дауыссыз дыбыстар туралы алған теориялык білімдерін бекіту.

2. қатаң, үяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

3. оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Көрнекілігі: кесте.

Әдісі: сүрақ-жауап, түсіндіру.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты дауыссыз дыбыстар туралы алған теориялык білімдерін бекіту. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

61-бет 3-жаттығу.

ІІІ. Тақырыпты еске түсіру.

Терме диктанты. Берілген сөздердің ішінен н мен ң әріптері кездесетін сөздерді теріп жазады.

Мәтел, мән, Маңғыстау, майлық, мұнара, Маңғышлақ, марал, машина.

Үй тапсырмасын бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Н мен ң дыбыстары дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

2. Н мен ң дыбыстары кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

3. Мен, мең, кен, кең, сен, сең сөздері пайдаланылып, өлең құрастырылады. Бұл сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі.

Мең - адам денесінде болатын дақ.

Сең - өзендегі қатып жатқан мұздың бұзылып жүруі.

Кен - пайдалы қазба.

Үлгі:

Мына тұрған - мен,

Бетім толған - мең.

Білесің бе, сен?

Өзенде жүрді сең.

Дала толы - кен,

Дүние неткен - кең.

ІҮ. Өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту.

4. «Адасқан дауыссыздар» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға дауыссыз дыбыстардың бөлінуі көрсетілген кесте ілінеді. Кестеде қатаң, үяң, үнді дауыссыздардың орындары ауыстырылып беріледі. Оқушылар дауыссыздардың бөлінуіне қарай дұрыс орналастырады.

Қатаң дауыссыз дыбыстар: ғ, д, ж, з, (у), ң, р, й.

Үяң дауыссыз дабыстар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, м, в,

Үнді дауыссыз дыбыстар: б, г, н, л, ш, щ, ц, ч.

Оқулықтағы жаттығулар орындатылады. Жазба жұмыстары арқылы төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

• Дауыссыз дыбыстарды бөлінуіне қарай топтап жазады.

• Б дыбысына аяқталатын сөздерге мысал келтіреді. Сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.

• П, қ-ға аяқталған сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап жазады.

• 5-жаттығуда берілген сөздердің алдына бір әріп қосып, басқа сөз құрайды. Мысалы, өрік, көрік, бөрік, есік, тесік, бесік, т.б.

• Сөз басында л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, ы мен і жазылмайтындығы еске түсіріліп, 6-жаттығу орындатылады.

Ү. Сабақты қорытындылау.

Төмендегі үлгідей тест тапсырмаларын алуға болады:

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет.

а) к, қ, п, с, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

ә) б, в, г, ғ, д, ж, з.

б) л, м, н, ң, р, й, (у).

2. Қатесіз жазылған сөздер қатарын көрсет.

а) Танғы, түңгі, таншы.

ә) Таңғы, түнгі, тамшы.

б) таңғы, түңғі, таңшы.

3. Жауап сөзіне ы дыбысын қосып айтқанда шығатын сөзді белгіле.

а) жауабы

ә) жауапы

б) жауабы

4. Б дыбысы қандай дауыссыз дыбыс?

а) Қатаң

ә) Үнді

б) Ұяң

Қатесіз жазылған сөзді көрсет.

а)ілеген

ә) ылеген

б) леген

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

ҮІІ. Бағалау.

2-сынып, қазақ тілі.

Тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты:

1. мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.

2. оқушылардың шығармашылығын арттыру.

3. оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі:суреттер.

Әдісі: сүрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

61-бет 4-жаттығу.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға төмендегідей мәтін жазылған плакат ілінеді.

Кірпі.

Жаз айы. Ауыл маңында ойнап жүргенбіз. Бір кезде қасымызға Есімбек келді. Танауы делдиіп кетіпті. Қолында кірпі. Өзен бойынан тауып алыпты. Кірпінің аяғы жаралы екен. Жібере салуға обалсындық. Аяғы жазылғанша бағуды жөн көрдік. Түс қайта үйге қайттық. Есімбек кірпіге қағаз қораптан үйшік жасады. Мен сүт бердім. Кірпі бізге үйрене бастады. Аяғы да жазылды. Аз күнде далаға жібереміз.

-мәтінді оқымай тұрып, ол не туралы екенін кім айтады?(кірпі туралы)

-оны қайдан білдіңдер?(тақырыбыныа)

-мәтін неше абзацтан тұр? (үш абзацтан)

Үш абзацты жеке-жеке оқытып, әр абзацқа ат қойдырылады. Оларды тақтаға жазып қою керек. Әртүрлі нұсқалар болуы мүмкін. Жоспар қысқа сөйлемдерден тұратынындығы айтылады.

1) жаралы кірпі.

2) балалардың қамқорлығы.

3) қолға үйренген кірпі.

ІҮ. Тақырыпты түсіндіру.

Мәтін оқытылады.

Жұмахан атасын алма ағашының көлеңкесіне ертіп келді. Атасы қолымен ағашты ұстады. Бұтаны сипап, әденені айтқандай болды. Жұмахан құлағын тосты. Атасы өлең оқып отыр. Жамбыл Жабаевтың өлеңі. Бұл алма ағашын Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты.

Мәтін - дегеніміз жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.

Ү. Сабақты бекіту.

1-жаттығу. Оқы. Қай санның тұсында жазылғандардан толық мәлімет алуға болады деп ойлайсың?

О

Отан

Отан оттан да ыстық.

Осы кең байтақ жерде әрбір адамның ауылы, көшесі, үйі бар. Ол - оның кішкентай Отаны. Осындай кішкентай жерлерден үлкен Отан құралады. Сен осы жердің қай бұрышында тусаың да, бүкіл жер - сенің Отаның, туған елің. Сен оны мақтанышпен: - Менің елім - Қазақстан Республикасы! - дейсің.

3-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінде не туралы айтылған?

Данияр мектептен келді. Үйдің алдына қар үйіліп қалыпты. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кірісті. Бірақ қар таусылар емес.

Осы кезде оған көрші үйдегі досы Нариман келді. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты. Екеуі екі шанамен қарды тез тасып бітірді.

4-жаттығу. Оқып шығып, мәтінді тап және дәлелде. Мәтінді көшіріп жаз.

Бір күні мектепте спорт ойыны өтті. Астанада жаңа үйлер көбеюде. Су бетінде мұз қатты. Нұрлыбкек жарыста екінші орынды иеленді.

Тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оны тақтасы өзгешелеу болады. Ертеде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнай беретін болған.

Тоғызқұмалақ - математикалық ойын.

Нан - дастарқанның берекесі.

ҮІ.Сабақты қорытындылау.

Не үйрендік? Не білдік?

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

62-бет. 2-жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау.












2-сынып, қазақ тілі. Тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты: мәтін және мәтіннің түрлері туралы алған білімдерін пысықтау

1. мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.

2. оқушылардың шығармашылығын арттыру.

3. оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Көрнекілігі:суреттер.

Әдісі: сүрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мәтін және мәтіннің түрлері туралы алған білімдерін пысықтау

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

62-бет 2-жаттығу.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып.


-әңгіме құрастырп,әңгімеге ат қойдық ат қойдық

ІҮ. Тақырыпты түсіндіру.

Боксшы.

Қашаннан -ақ шаршы алаң

Кіл мықтыны таңддайды

Тамашалар барша адам-

Бокс десе қалмайды

Ұпай жиып алғансың

Құлап қалмай оқыста

асырса кім айласын

жеңіп шығар бокста

Келсең келші үміт қып

Әркім жетпес өресі-

Сынға түсер жігіттің

Бокс - спорт төресі

-Өлең неліктен «Боксшы» деп аталады? (өйткені оның тақырыбы жазылған)

  • Мәтін атауы тақырып деп аталады. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.

  • Мәтін бірнеше бөлімнен құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады және жаңа жолдан бастап жазылады.


Ү. Сабақты бекіту. Оқушылар бірнеше сюжетті суреттер таратылып, мәтін құрастырады және ат қояды. 2-жаттығу. Мәтінді оқы. Ол не туралы айтылған? Мәтінді қалай айтар едің? 3-жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтін неше абзацтан құралған? Мәтінге ат қой. Мәтіннің бірінші бөлімін көшіріп жаз. Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау. Сабақты қорытындылау. 1. Мәтін дегеніміз не? 2. Абзац дегеніміз не? ҮІ. Сабақты қорыту. Сабақты қорытындылау. ҮІІ. үйге тапсырма беру, оны түсіндіру. ҮІІ. Бағалау.







2-сынып, қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: бақылау диктанты.

Сабақтың мақсаты:

1. дауыссыз дыбыстар туралы алған теориялык білімдерін бекіту.

2. қатаң, үяң, үнді дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

3. оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білімдерін анықтау.

Көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, жазба жұмысы


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты дауыссыз дыбыстар туралы алған теориялык білімдерін бекіту. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

65-бет 4-жаттығу.

ІІІ. Тақырыпты түсіндіру.

Диктант тақырыбы: «Медеу».

Тақырып екі -үш рет оқылады. Түсіндіріп беру. Екі-үш балаға әңгімелету.Қиын сөздермен жұмыс жасау. Талдау жасау. Диктант жазу кезіндегі ережелерді еске түсіру.

Мұрат таудан төмен қарай шаңғы теуіп келе жатқан. Шаңғының тура жолында өздері соққан аққала тұрған болатын. Мұрат оны қағып өте шықты. Аққаланың басындағы шелек Мұраттың басына киіліп қалды. Сыпырғыш та желөкпе баланың қолында кетті. Аққала қатты ренжіді. (36 сөз)

ІҮ. Өткен сабақтарда алған білімдерін бекіту.

Диктан жазу барысы. Жазылған диктантты іштей оқушылардың өздеріне оқыту. Мұғалім оқығанда қатесін бірге көз жүгірте отырып тексерту. Диктант дәптерлерін тапсырады.

Ү. Сабақты қорытындылау.

Төмендегі үлгідей тест тапсырмаларын алуға болады:

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет.

а) к, қ, п, с, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

ә) б, в, г, ғ, д, ж, з.

б) л, м, н, ң, р, й, (у).

2. Қатесіз жазылған сөздер қатарын көрсет.

а) Танғы, түңгі, таншы.

ә) Таңғы, түнгі, тамшы.

б) таңғы, түңғі, таңшы.

3. Жауап сөзіне ы дыбысын қосып айтқанда шығатын сөзді белгіле.

а) жауабы

ә) жауапы

б) жауабы

4. Б дыбысы қандай дауыссыз дыбыс?

а) Қатаң

ә) Үнді

б) Ұяң

Қатесіз жазылған сөзді көрсет.

а)ілеген

ә) ылеген

б) леген

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

ҮІІ. Бағалау.




2-сынып, қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

1. өткен тақырыптар бойынша алаған білімдерін пысықтау.

2. оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

3. оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау.

Көрнекілігі: кесте, карточкалар, суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, жазба жұмысы


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты өткен тақырыптар бойынша алаған білімдерін пысықтау. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Қайталау.

ІІІ. Тақырыптарды еске түсіру.

«Адасқан дауыссыздар» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға дауыссыз дыбыстардың бөлінуі көрсетілген кесте ілінеді. Кестеде қатаң, үяң, үнді дауыссыздардың орындары ауыстырылып беріледі. Оқушылар дауыссыздардың бөлінуіне қарай дұрыс орналастырады.

Қатаң дауыссыз дыбыстар: ғ, д, ж, з, (у), ң, р, й.

Үяң дауыссыз дабыстар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, м, в,

Үнді дауыссыз дыбыстар: б, г, н, л, ш, щ, ц, ч.

- Мәтін дегеніміз не? - Абзац дегеніміз не? -тақырып дегеніміз не? ІҮ. Сабақты бекіту. (Тест парақшаларымен жұмыс)

Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып.Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып.

Ү. Сабақты қорыту.

Не білдік? Не үйрендік?

ҮІ. Үйге тапсырма.

ҮІІ. Бағалау.

Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып.

Оқулықтағы жаттығулар орындатылады. Жазба жұмыстары арқылы төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

• Дауыссыз дыбыстарды бөлінуіне қарай топтап жазады.

• Б дыбысына аяқталатын сөздерге мысал келтіреді. Сол сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырады.

• П, қ-ға аяқталған сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап жазады.

• 5-жаттығуда берілген сөздердің алдына бір әріп қосып, басқа сөз құрайды. Мысалы, өрік, көрік, бөрік, есік, тесік, бесік, т.б.

• Сөз басында л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, ы мен і жазылмайтындығы еске түсіріліп, 6-жаттығу орындатылады.

Ү. Сабақты қорытындылау.

Төмендегі үлгідей тест тапсырмаларын алуға болады:

1. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсет.

а) к, қ, п, с, т, с, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ.

ә) б, в, г, ғ, д, ж, з.

б) л, м, н, ң, р, й, (у).

2. Қатесіз жазылған сөздер қатарын көрсет.

а) Танғы, түңгі, таншы.

ә) Таңғы, түнгі, тамшы.

б) таңғы, түңғі, таңшы.

3. Жауап сөзіне ы дыбысын қосып айтқанда шығатын сөзді белгіле.

а) жауабы

ә) жауапы

б) жауабы

4. Б дыбысы қандай дауыссыз дыбыс?

а) Қатаң

ә) Үнді

б) Ұяң

Қатесіз жазылған сөзді көрсет.

а)ілеген

ә) ылеген

б) леген

ҮІ. Үйге тапсырма беру.

ҮІІ. Бағалау.














2-сынып, қазақ тілі. Тақырыбы: Мәтін құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

1. мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету.

2. оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

3. оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілігі: кесте, карточкалар, суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты мәтін туралы мағлұмат бере отырып, мәтінге жоспар құруды үйрету. Ал,балалар, алғашқы сабағымызды көңілді тілектерден бастайық. Бір-бірімізге қарап хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Ережелерді қайталау.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі. «Адасқан дауыссыздар» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға дауыссыз дыбыстардың бөлінуі көрсетілген кесте ілінеді. Кестеде қатаң, үяң, үнді дауыссыздардың орындары ауыстырылып беріледі. Оқушылар дауыссыздардың бөлінуіне қарай дұрыс орналастырады.

Қатаң дауыссыз дыбыстар: ғ, д, ж, з, (у), ң, р, й.

Үяң дауыссыз дабыстар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, м, в,

Үнді дауыссыз дыбыстар: б, г, н, л, ш, щ, ц, ч.

- Мәтін дегеніміз не?

- Абзац дегеніміз не?

-тақырып дегеніміз не?

ІҮ. Тақырыпты түсіндіру.

1. Тақтаға төмендегідей мәтін жазылған плакат ілінеді.

Кірпі.

Жаз айы. Ауыл маңында ойнап жүргенбіз. Бір кезде қасымызға Есімбек келді. Танауы делдиіп кетіпті. Қолында кірпі. Өзен бойынан тауып алыпты. Кірпінің аяғы жаралы екен. Жібере салуға обалсындық. Аяғы жазылғанша бағуды жөн көрдік. Түс қайта үйге қайттық. Есімбек кірпіге қағаз қораптан үйшік жасады. Мен сүт бердім. Кірпі бізге үйрене бастады. Аяғы да жазылды. Аз күнде далаға жібереміз.

- Мәтінді оқымай тұрып, ол не туралы екенін кім айтады? (Кірпі туралы).

- Оны қайдан білдіңдер? (Тақырыбынан).

- Мәтін неше абзацтан тұр? (Үш абзацтан).

Үш абзацты жеке-жеке оқытып, әр абзацқа ат қойдырылады. Оларды тақтаға жазып қою керек. Әртүрлі нұсқалар болуы мүмкін. Жоспар қысқа сейлемдерден тұратындығы айтылады.

1) Жаралы кірпі.

2) Балалардың қамқорлығы.

3) Қолға үйренген кірпі.

- Балалар, әр абзацқа ат қоя отырып, біз не құрдық?

- Мәтінге жоспар құрдық.

- Жоспар не үшін керек?

Жоспар арқылы мәтіннің негізгі мазмұны көрсетілетіні, мәтіннің мазмұны ретімен айтылатыны түсіндіріледі.

Ү. Сабақты бекіту.

Өзіндік дәптермен жұмыс

Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып.

Оқулықпен жүмыс.

1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы, мәтін аяқталған ба?осы сөйлемдердің қайсысымен мәтінді аяқтауға болады? Мәтін мазмұнын әңгімелеп айт.

Нан асықтан алынады. Астықты өсірген адам - диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады.

2-жаттығу. Мәтінді оқы, мәтіннің құрылымын анықта. Мәтінді қалай атауға болады? Мәтіндегі негізгі бөлімді көшіріп жаз.

Азамат, Ернар, Талғат көрші балалармен футбол ойнауға шықты. Азамат пен Ернар бір топта. Кішкентай Талғат йынға қатыспады.

Балалар оынды қатты беріліп ойнады. Бір кезде Ернар байқамай, допты өз қақпасына қарай теуіп жіберді. Доп қақпаға кіріп кетті.

Оқулықта берілген жаттығулар орындатылады. Мәтін туралы алған білімдері пысықталады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Не білдік? Не үйрендік?

ҮІІ. үйге тапсырма беру.

67-бет, 4-жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Мәтін түрлері. Сабақтың мақсаты: оқушыларға мәтіннің жазбаша немесе ауызша ойды жеткізетіндігін түсіндіре отырып, оның бірнеше сөйлемнен, ол сөйлемдердің мағына жағынан бір-бірімен байланысып тұратындығын білдіру. Сабақтың көрнекілігі: кесте. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, демонстрациялау. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе бөлім.

Тақтаға төмендегідей кесте ілінеді.

Бүгін сыныпта Нұржан кезекші. Асқар атасымен бірге қой бақты. Жанар бос уақытында кітап оқиды.

Мәди, Әли, Әсем, Гүлсім.

Бүгін мектепте жүгіруден жарыс болады. Жарысқа Айдын, Ілияс және Сырым қатысады. Жарысқа Әсел көрермен болып барады.

Үш бағанда берілгендерді бірнеше оқушы дауыстап оқиды.

Бірінші бағанда не берілген?

Бірінші бағанда үш сөйлем жазылған.

- Әр сөйлемде қандай ой айтылған? Олар бір-бірімен байланысты ма?

- Бірінші сөйлемде Нұржанның кезекші екені айтылған. Екінші сөйлемде Асқардың атасымен қой баққандығы, ал үшінші сөйлемде Жанардың бос уақытында кітап оқитындығы жазылған. Үш сөйлем бір-бірімен байланыспайды.

- Екінші бағанда ше?

- Екінші бағанда сөздер берілген.

- Үшінші бағанда ше?

- Үшінші бағанда сөйлемдер жазылған. Бірінші сөйлемде мектепте жарыс ететіндігі, екінші сөйлемде жарысқа кімдер қатысатындығы, үшінші сөйлемде жарысқа Әселдің көрермен болып баратындығы хабарланып тұр. Бұл сөйлемдер бір-бірімен байланысып тұр. 2. Негізгі бөлім. а) 1-жаттығу орындатылады. Сөйтіп, кестемен жұмыс және 1-жаттығудың тапсырмасын орындау арқылы оқушылар мәтіннің ауызша және жазбаша ойды жеткізетіндігін, мәтіннің бірнеше сөйлемнен құралатындығын және олардың бір-бірімен байланысып тұратындығын түсінеді. ә) Оқулықтағы ережені оқу арқылы өздерінің жауаптарының дұрыстығына көздерін жеткізеді. б) Оқушыларға ауызша мәтін құрастыруға тапсырма беріледі. Құрастырған мәтіндеріне ат қойғызуға да болады. в) Оқулықтағы 2-жаттығу жазбаша, ал 3-жаттығу ауызша орындатылады. IV. Сабақты қорытындылау Тақтаға төмендегі үлгідегідей сұрақтар жазылған плакат ілінеді. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін құрастырылады. Терек, шырша, қайың нелер? Олар нені тазартады? Сондықтан нелерді кесуге болмайды? Сабақ соңында оқушылардың жауаптары жинақталып, мәтін жайында білімдері пысықталады: 1. Мәтін дегеніміз - ойды ауызша және жазбаша жеткізу. 2. Мәтін бірнеше сөйлемнен құралады. 3. Мәтін сөйлемдері бір-бірімен мағына жағынан байланысып тұрады.































2-сынып, қазақ тілі.

Тақырыбы: Мәтін түрлері.

Сабақтың мақсаты:

1. оқушыларға мәтіннің жазбаша немесе ауызша ойды жеткізетіндігін түсіндіре отырып, оның бірнеше сөйлемнен, ол сөйлемдердің мағына жағынан бір-бірімен байланысып тұратындығын білдіру.

2. оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру.

3. оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Көрнекілігі: кесте, карточкалар, суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты оқушыларға мәтіннің жазбаша немесе ауызша ойды жеткізетіндігін түсіндіре отырып, оның бірнеше сөйлемнен, ол сөйлемдердің мағына жағынан бір-бірімен байланысып тұратындығын білдіру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

№1. Жұмыс дәптері. 28-29 бет.

ІІІ. Тақырыпқа көшу кезеңі.

Тақтаға төмендегідей кесте ілінеді.




Балықтың неше түрі бар. Балалар көл жағасында ойнап жүр. Әлия ағасының айтқанын бұлжытпай орындады. Жидек шілдеде піседі. Дәмі өте тәтті! Өзі бармақтың басындай, түсі бозғылт. Ауыл адамдары жидекті шелектеп жинайды. Жегенінен артылғанын қайнатады.

С. Мұқанов Өркеннің сүп-сүйкімді қо- зысы бар. Оның көзі көмірдей қап-қара. Жүні аппақ, бұйра. Бойы кішкентай. 1. Жаздың келуі. 2. Оқушылардың демалысы. 3. Лагерьде.


Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін ӘҢГІМЕЛЕУ мәтіні деп аталады. Оқушылардың назары 1-бөліктегі сөйлемдерге аударылады. Оларды оқиды. Бұлардың мәтін емес екендігі айтылады. Осылайша 2-3-бөліктегі мәтіндер оқытылып, оларды салыстырады. Екі мәтіннің қайсысы сипаттау, қайсысы әңгімелеу мәтіні екені анықталады. ІҮ. Тақырыпты түсіндіру.

Екі мәтін оқытылады.

  1. Көше жақтан аулаға әтеш кірді. Оның түсі шұбар екен. Ол ештеңеден қорықпайды.

  2. Көше жақтан аулаға кеудесін керіп шұбар әтеш кірді. Ол жан-жағына маңғаздана қарайды. Қып-қызыл айдары желп-желп етеді. Аяқтарын әскерше нық-нық басады. Ол ашуланғанда мойнын алға созады. Сол кезде оның қауырсындары үрпиіп көтеріледі. Әтеш қанаттарын жайып, қарсыласына тап береді.

Екі мәтінді салыстыру.

-Қай мәтінде әтеш қызығырақ сипатталған? Сол сөйлемдерді тауып оқы.

  • Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады.

Ү. Сабақты бекіту.

Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып.Қазақ тілі, сабақ әзірлемелері, 2-сынып.

Жануарларды сипаттап жазу.

Оқулықпен жүмыс.

2-жаттығу. Дәуреннің күшігін сипаттаған мәтінді оқы.

3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Тиінді ақын қалай сипаттаған? Осы сөздерді пайдаланып, тиін туралы сипаттау мәтінін жаз.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Не білдік? Не үйрендік?

ҮІІ. үйге тапсырма беру.

69-бет. Ережені жаттау.

ҮІІІ. Бағалау.


© 2010-2022