Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады? Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы: Жануарлар қалай қыстап шығады?

Мұғалімнің аты-жөні:Мусагалиева Ж.Ш

Сынып: 1 в

Күні: 08.12.2015ж

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1.2.2.6 Жыл мезгілінің ауысуына қарай жануарлардың дайындығын түсіндіру; жыл мезгілінің ауысуына жануарлар қалай дайындалатынын түсіндіру, кейбір жануарлар қыста неге ұйқыға кетеді, құстардың күзде оңтүстікке ұшып кетуі, ал жануарлардың кейбіреулері қысқа азық қорын дайындауы сияқты түсініктерді қалыптастыру; зерттеу дағдыларын белсендендіру,

Табыс критерийлері:

Барлық оқушылар орындай алады:

• жануарлардың тіршілігіне қажет жағдайларды атауды;

• ұйқыға кететін жануарларды атауды.

Көпшілік оқушылар орындай алады:

• құстардың жылы жаққа неге ұшып кететінін түсіндіреді;

• жануарлардың қысқа қалай бейімделетінін айтады;

• түлеу дегеннің не екенін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар ғана орындай алады:

• жануарлардың мекендейтін жерін неге ауыстыратынын дəлелдейді;

• орманшының мамандығы туралы айтып береді.

Дағдыларды дамыту.

«4 бұрыштың стратегиясы (сынау тұрғысынан ойлауды дамыту)» технологиялық тəсілі шегінде болжамлар ұсыну.

Болжамлар ұсыну үшін тіректер пайдалану.

Жануарлар мен өсімдіктерге өмір сүру үшін не қажет екенін салыстыру. Жануарлар мен құстар қысқа қалай бейімделетіні туралы əңгіме.

Тілдік мақсат:

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

ауа, су, тағам, болжам, фенология, бейімделу, түлеу, ұйқыға кету; тұратын жері, мекендейтін ортасы, жыл құстары, ұйқыға кететіндер. Сабақта диалог/хат үшін қолданылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар.

Жануарлар ауа -райының өзгеруіне қалай бейімделеді?

Қандай себеппен құстар жылы жаққа ұшып кетеді?

Алдыңғы оқу:

Жануарлардың жүріс-тұрысы туралы қарапайым түсініктер; жыл мезгілдерін білуі, жануарлар тіршілігінің жыл маусымдарына біршама тəуелділігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы (1-6 мин)

Ширату.

(Ұ) Тағы сабақ басталды,

«Бес» алуға аз қалды.

Бəрін айтып жасқанбай,

Риза қылғын басқаны.

Үлгілі де бола біл, Жақсыны сен көре біл!

Таңдандырып үй-ішін Жақсылық сыйлап, өсе біл!. (Б)Барлық оқушылар сынып ішінде жайылып қойылған суреттерді жинайды Суретте бейнеленгендерді бір сөзбен атап берулерін сұрайды. (Жануарлар). -Жануарлар қалай өмір сүреді ?

-Олардың қалай тіршілік ететінін білгіміз келе ме?

• үлестірмелі парақшалар: орман, үй;

• белгілі үй жануарлары,

Интернет-ресурстар:

• ферманың күнделікті тіршілігі туралы

бейнефильм, мысалы, youtube.com/

watch?v=j-OB5q7ZxcY

Ортасы (7-25мин)

Әлемде жануарлардың орасан көп түрі бар. Алғашында олардың барлығы жабайы болған, бірақ адам кейбірін қолға үйретті. Адамдар үй

жануарларына қамқорлық көрсетеді. Қамқорлық көрсету деген, оларды тамақтандыру, емдеу, баспана жасау, олардың ұрпақтарына қамқорлық

көрсету болып табылады. Үй жануарлары үшін адам мал қора жасайды.

Сиырға арналған мал қора - сиырқора деп аталады. Бұл үлкен, жылы сарай, онда әр сиырға арналған су ішетін науа, жем салатын оттық болады.

Электронды оқулық

Мұғалім "Сендер бұл қай жануар екенін

білесіңдер ме? Қазақстанның қандай жануарларын

білесіңдер?" деп сұрайды. Жануарлар әлемінде.

-Жануарларға тіршілік ету үшін ауа, су, қорек керек шығар.

- Жануарлар мекендейтін жерлерін қорек жетіспейтіндіктен ауыстыратын шығар.

- Құстар да жылы жаққа сол себептен ұшып кететін болар.

Қандай дереккөзден біз мұны біле аламыз? Кітаптардан. (Ұ) жұмыс. -Жылдың қай маусымында жануарлардың қорегі азаяды? -Неліктен?

-Аштықтан сақтану үшін жануарлар не істейді? (Т) «Бұрыштар» сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. Қыстың келуі жақсы ма, жаман ба? Топтарда түсіндіріңдер: 1-топ - жақсы, 2-топ - жаман. (Не үшін? Неге?). Педагог балалардың назарын болжамдар ұсынуды үйренуіне аударады. Балалар бұл кезде осы тіректі пайдалануына болатындығын ескертеміз: ықтимал... болжамдайық...

мүмкін... солай дейік... егер…

Тапсырма.

(Ұ) Динамикалық үзіліс. (Ұ, Т) Зерттеу.

Мұғалім балаларға тіршілік үшін əрбір жануарға не қажет екені туралы БОЛЖАМДАР ұсынуды сұрайды (Тағам. Сөз жазылған карточка тақтаға бекітіледі). Мүмкін бəріне бірдей тағам қажет шығар? Тағы да не? (Су. Сөз жазылған карточка тақтаға бекітіледі). Жануарлар суды қай жерден алатынын болжамдаңыз. Ал жануарларға үйшік салудың қажеті не? (Ұрпағын өмірге əкелу, жинаған қорын сақтау əрі жылы). Сонымен жануарларға тіршілік үшін тағы не керек екен? (Жылу. Сөз жазылған карточка тақтаға бекітіледі.) Əрбір тірі организмге тағы да не керек? (Ауа, жарық. Сөздер жазылған карточкалар тақтаға бекітіледі.).

Тағам, су, ауа, жылу сөздері жазылған карточкалар. Жануарлар қысқа қалай бейімделеді?

• Қоянның ішігімен (тонымен) не болады? Қоянға ішігін ауыстырудың қажеті не? (ОТ) Өзекті мəселе.

Біздің құстарымызға қыста тоңып қалмауларына не көмектеседі? (Балалардың болжамлары: олар ұшады, жылынады, олардың қауырсындары жылы, адамдар оларға жем береді…)

Құстардың пайдасы туралы малұмат беру (Ө) Дəптермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Бірінші деңгей. Балалар Қуанышқа аңдарды жазғы тондарына бояуға көмектесіп жатыр. Ал қыздар Айсұлуға олардың қысқы тондарын бояуға көмектесуде. Екінші деңгей. Қыста ұйқыға кететін жануарларды анықтайды.

Үшінші деңгей. Оқушылар қыста қандай құстар сенің көмегіңе мұқтаж екенін анықтайды. Оларды айналдыра сызады. Оларды немен қоректендіруге болады? Суретті аяғына дейін салады

Зерттейік.

Мұғалім алдын ала әзірленіп қойған белгілі үй жануарларының, олардың баспаналарының, жемдерінің, бағып -күтуге арналған құралдардың суреттерін таратады. Мысалы, сиыр, түйе, ит, жылқы, шөп, қырғыш, оттық, сүйектер, сиыр қора, үйшік, қойқора, атқора.

Топтық жұмыс.

Оқушылар топпен талдап, адам әр үй жануарлары

үшін не істей алатыныдығын сәйкестендіреді және

таныстырылым әзірлейді. Әр топқа бір жануарды

таңдап алып, ол туралы мәлімет дайындауға ұсыныс

жасауға болады.

Ойлан!

-Ит қандай әрекеттер жасайды?

-Қасқыр ше?

-Олар несімен ұқсайды?

-Негізгі ерекшеліктері не?

Соңы (26-35 мин)

(Ө, Қ) Жануарларға тіршілік үшін жылу, тамақ, су жəне ауа керек. Күздің келуімен тамақ азаяды, өйткені майда кеміргіштер ұяларына, жəндіктер ағаштар қабығына тығылады, саңырауқұлақтар мен жемістер өспейді, қар бүкіл жер бетін жауып қалады. Сондықтан жануарлар əртүрлі қыстап шығуға бейімделген.

-Жануарлар қандай топқа бөлінеді? Рефлексивті бағалау.

-Үй жануарларына нелер жатады?

-Жабайы жануарларға ше?Жануарларды топтастыр.

Үй жануарлары: сиыр, қой, ат,ит,

Жабайы жануарлар: қоян, аю,құлан, арқар, қасқыр. Рефлексивті бағалау.

Мұғалім балаларды бой өлшегішті кез келген түсті қарындашпен бояп шығуға ұсыныс жасайды:

1 (бір) деңгей - ештеңе түсінбедім.

1 жəне 2 (екі) деңгейлер - түсіндім, бірақ түсіндіріп бере алмаймын.

1, 2 жəне 3 (үш) деңгейлер - бəрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Дифференциация

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Кейбір жабайы жануарлар туралы білетін мәліметтерін отраға салу.

• Оқушылар жабайы аңдарды үй жануарларынан

ажырата білуі керек.

Жабайы ма, әлде үй жануары ма?

Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету.

Бақылаулар Оқытудың/сабақтың мақсаттары қолжетімді болды ма ? Оқушылар бүгін неге үйренді? Оқыту жағдайы (атмосф) қандай болды?

Оқушылар арасында жіктелу (дифф.) бойынша əрекеттер табысты болды ма? Уақытша кестені ұстандым ба? Жоспардан тыс қандай ауытқулар жасадым жəне неге? Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Сабақ барысында неғұрлым сəтті өткен екі сəтті атаңыз (оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да...)

Сабақты жақсартуға əсер етер екі сəтті атаңыз (оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да...)

Жалпы сынып пен жеке оқушы туралы жаңа не білдім жəне бұл келесі сабақтың өтуіне қалай əсер етеді?

Қалыптастырушы бағалау

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныстар

2.2 Жануарлар

1.2.2.2 Жабайы және үй жануарларын ажырата білу.

Оқушылардың жабайы және үй жануарларын тани және алу дағдысы бағаланады. Мұғалім оқушыларға түрлі үй және жабайы жануарлардың суреттерін таратып беріп, олардың қайсысы үй жануары, қайсысы жабайы жануар екендігін тауып топтастыру қажет.

Дағдылар

Жетістік критерийлері



  • жабайы және үй жануарларына мысалдар келтіре алады;

  • жабайы және үй жануарларын сипаттай алады;

  • олардың айырмашылықтарын айта алады.

Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?



4

3

2

1

Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?

6

5

7Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?

Үй жануарлары

Жабайы жануарлар

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы: Менің денемнің құрылысы қандай?

Мұғалімнің аты-жөні:Мусагалиева Ж.Ш

Сынып: 1 в

Күні: 15.12.2015ж

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.2.3.1 адамның негізгі дене мүшелері жəне олардың қызметтерін атау; зерттеу құзыреттерін атау; өзіңнің денсаулығыңа ықыласпен қарауды тəрбиелеу.

Табыс критерийлері:

Барлық оқушылар орындай алады:

• адамның дене мүшелерін жəне олардың атқаратын қызметін атайды;

• адамның кейбір органдарын атайды;

• схемадан дене мүшелерінің орналасуын көрсетеді.

Көпшілік оқушылар орындай алады:

• дене мүшелерінің жұмысын түсіндіреді, олардың маңыздылығын атайды;

• орналасуын өзіңде көрсету.

Кейбір оқушылар ғана орындай алады:

• мидың бүкіл организм жұмысын қалай басқаратынын түсіндіру;

• адам денесінің құрылысын қандай ғылымдар зерттейтінін атау.

Талқылау үшін сұрақтар:

Өзім жайында не айта аламын?

Барлық адамдар бір-біріне несімен ұқсайды?

Несімен ерекшеленеді?

Қандай дене мүшелерін сендер білесіңдер?

Қандай қызмет атқарады?

Тілдік мақсат: Оқушылар істей алады: Адам мүшелері қалай жұмыс істейтінін талқылау, қорытынды жасау - өз денсаулығыңды күшейту жəне сақтау үшін организмді білу қажет, сыныптағы балалардың ұқсас жəне ерекше белгілерін талқылау, барлық адамдардың бірдей құрылысын белгілеу. «Мен өзім» ақпарат көзін қолдану. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Дене мүшелері, анатомия, пішін мен құрылыс, организм, бірдей жəне əртүрлі, құрылысы, адам денесі. Көптілділік: адам - человек- human;

дене - тело - body.

Алдыңғы оқу:

Адам денесінің мүшелерін айырады жəне атай алады, адам құрылысы туралы қарапайым білімдер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы (1-6 мин)

Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

Ширату.

(Ұ) Мұғалім сабақтағы жұмысқа арнайы жағымды атмосфера жасайды.

«Барлықтарың амансыңдар ма !»

Əр бала белгіленген уақыт ішінде балалардың максималды санымен қол берісіп амандасып шығуы тиіс.

Мұнда басты назар қолды мейірімділікпен қысқанға, адамның көзіне қарай отырып өзіңнің атыңды атауға аударылады.

Қолдарыңды бұлғаңдар,аяқтарыңды тарсылдатыңдар,бастарыңды изеңдер

Қанша қолымыз, қанша аяғымыз, басымыз, саусағымыз бар екенін анықтау

Ортасы (7-25мин)

(Ұ) Зерттеу тақырыбына, зерттеу нысанына көңіл аудару. Назарды сұраққа аудару: бір-бірімізді не үшін зерттейміз?

Мүмкін нұсқаларды таңдау:

• Танысу үшін.

• Бақылап үйрену үшін.

• Кіммен отыруды таңдау үшін.

• Бір-бірін жақсы білу үшін.

• Өзіңді білу үшін.

Сыныптағы балалар несімен ұқсас жəне бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?

«Менің өзім»

Т) Кестемен жұмыс.

Біздің денеміз қандай мүшелерден тұрады?

Балаларға дене мүшелерінің жұмысы туралы белгілі заттарды айтқан соң, «Адам» сызбасын жасауын ұсыныңыз.

(Ұ) «Не істей алатынын айт жəне көрсет!» ойыны

Педагог дене мүшесін айтады, балалар оны көрсетеді жəне оның не үшін керек екенін айтады, етістіктерді таңдайды:

Қол - бірдеңені алады, ұстайды, жармаса ұстайды, көтереді, түсіреді, басқа жерге қояды, бірдеңені немесе біреуді көрсетеді, шапалақтайды… Аяқ - тұрады, жүреді, аттап өтеді, секіреді, тебеді…

(Ж, Ө) Оқулықпен жұмыс

Дене мүшелері не істейді?

Қорытынды жасауды ұсынады: дененің əрбір мүшесі өзінің жұмысын атқарады.

Мұғалім дене мүшелерінің қозғалысымен денені шынықтыруға ұсыныс жасайды.

• Аяқтарды түзу ұстап кім тез жүгіре алады.

• Түзу қолмен стол үстіндегі алманы ал.

• Қарындашты аяқ саусақтарының арасына қойып, сурет сал.

• Аяқтармен қолдарды кезектестіріп тапсырманы орында. Мұғалім ойлануды ұсынады («Мен өзім»): Неге дене мүшелерінің жұмысы туралы білу керек? Ұжымдық қорытынды: Денсаулықты сақтау үшін.

Алынған ақпарат негізінде қарапайым «Денсаулық ережелерін» құрастыру.

Соңы (26-35 мин) Ө, Қ) Рефлексия кезеңінде бала өзінің не білгендігін, не үйренгендігін, сабақтың басында қойылған мақсатқа қол жеткізілді ме, жоқ па, талдап жіктеуі тиіс.

Кейіннен адамды баспалдаққа орналастырады. Бала тапсырманы дұрыс орындаған сайын, оның фигурасы да баспалдақпен жоғары көтеріледі. Сөйтіп педагог бүкіл сыныптың ақпаратты қабылдауын талдайды..

Дифференциация

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Кейбір жабайы жануарлар туралы білетін мәліметтерін отраға салу.

• Оқушылар жабайы аңдарды үй жануарларынан

ажырата білуі керек.

Жабайы ма, әлде үй жануары ма?

Дүниетану. Жануарларды қолға үйрету.

Бақылаулар Оқытудың/сабақтың мақсаттары қолжетімді болды ма ? Оқушылар бүгін неге үйренді? Оқыту жағдайы (атмосф) қандай болды?

Оқушылар арасында жіктелу (дифф.) бойынша əрекеттер табысты болды ма? Уақытша кестені ұстандым ба? Жоспардан тыс қандай ауытқулар жасадым жəне неге? Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы сол жақтағы бағанада жазылған сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Сабақ барысында неғұрлым сəтті өткен екі сəтті атаңыз (оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да...)

Сабақты жақсартуға əсер етер екі сəтті атаңыз (оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да...)

Жалпы сынып пен жеке оқушы туралы жаңа не білдім жəне бұл келесі сабақтың өтуіне қалай əсер етеді?















Қалыптастырушы бағалау

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныстар

2.2 Жануарлар

1.2.2.2 Жабайы және үй жануарларын ажырата білу.

Оқушылардың жабайы және үй жануарларын тани және алу дағдысы бағаланады. Мұғалім оқушыларға түрлі үй және жабайы жануарлардың суреттерін таратып беріп, олардың қайсысы үй жануары, қайсысы жабайы жануар екендігін тауып топтастыру қажет.

Дағдылар

Жетістік критерийлері



  • жабайы және үй жануарларына мысалдар келтіре алады;

  • жабайы және үй жануарларын сипаттай алады;

  • олардың айырмашылықтарын айта алады.





Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?



4

3

2

1

Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?

6

5

7Жаратылыстану Қысқа мерзімді жоспар Жануарлар қалай қыстап шығады?

Үй жануарлары

Жабайы жануарлар



© 2010-2022