Конспект урока по казахскому языку Я әрпінің жазылуы

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы.

Сабақтың мақсаты: Я әрпінің қосарлы дауысты дыбыс екенін, яғни йа дыбыстары естілгенімен я әрпі жазылатындығын түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын еске түсіру.

III. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе бөлім.

Жұмбак шешіледі.

Қоянда бар,

Қайыңда жоқ.

Қиярда бар,

Қиында жоқ.

Жұмбақтың шешуі: я әрпі.

Қоян, қияр сөздеріне дыбыстық талдау жасатылады.

Қоян - екі буын, 4 әріп, 5 дыбыс.

Қ - дауыссыз дыбыс.

О - жуан дауысты дыбыс.

Я - дауысты дыбыс.

Н - дауыссыз дыбыс.

Проблемалық сұрақ: - Қоян және қияр сөздері төрт әріппен жазылады. Ал осы сөздердің айтылуында неліктен бес дыбыс болып тұр? - Қоян және қияр сездеріндегі я дыбысы екі дыбыстан тұрады, йа естілгенімен я жазылады.

2. Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Олең оқылып, мазмұны ашылады. Қарамен жазылған «оянғаны, таянғаны» деген сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады. Бұл сөздердегі я әрпінің қандай дыбыстардан құралганы айтылады. 2-жаттыгу. Мәтін оқылады. Берілген тапсырма бойынша мәтіндегі тиісті сөйлемдер кешіріліп жазылады. Я әрпінің айтылуы мен жазылуы салыстырылады. Я әрпі бар екі-үш сөздің айтылуы мен жазылуын тақтаға жаздырып, салыстыру. Мысалы:

Айтылуы Жазылуы

Айан Аян

тайау таяу

байау баяу

Оқушылар осындай жұмыстардың арқасында я дыбысының екі дыбыстан тұратындығын өздері түйіндейді. Мұғалім я дыбысының қосарлы дауысты дыбыс екенін, сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылатындығын айтып қорытындылайды. Ережені пысықтау мақсатында төмендегідей жұмыс жүргізіледі:

  1. Оқушылар я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіреді.

  2. Сол сөздердің жазылуы мен айтылуын салыстырады.

  3. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.

Оқулықтағы 3-ші және 5-жаттығулар орындатылады.

Шығармашылық тапсырма: Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана» тақырыбына өлең немесе шығарма жазғызылады. Тірек сөздер: аяулы ана, ардақты ана, қымбатсың маған, ақ сүтіңді бердің, аялайсың, мәпелейсің.

IV. Сабақты қорытындылау. а) Алған білімдерін бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Я дыбысы қандай дыбыс?

  2. Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

  3. Сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

ә) Сөздік диктанты алынады. Я әрпі кездесетін сөздердің астын сызады. Жазылуы мен айтылуын салыстырады. Баспалдақ, баян, шытырман, шаян, сыбызғы, саяз, тобылғы, таяз, жапырақ, жая.

Конспект урока по казахскому языку Я әрпінің жазылуыV. Үйге тапсырма беру.

4-жаттығу.



© 2010-2022