Ойлы болсаң, озып көр

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр. Сабақтың мақсаты: Пәндер бойынша өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру. Өтілген материалдар бойынша оқушының білім, біліктерін пысықтау. Оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін молайту. Оқушыларды ана тілін сүюге, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, алғырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп, өнер тап,
Түнді күндей ашатын.

Сыныпты 2 топқа бөлу.

І-тур.

а)Мақал-мәтелдер сайысы.

2 топ мақал-мәтелдер айтып жарысады.

Мақал-мәтелдер қайталанбауы тиіс.

ә) Мақалдарды толықтыру.

1. ... саусақ бірдей емес.
2. Жігітке ... өнерде де аз.
3. Сегіз қырлы, ... сырлы.
4. ... жақсы дос, ... туыстан артық.
5. ... ай аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа.
6. Өтірік - ..., шын төртеу.
7. ... елі ауызға, екі елі қақпақ.
8. ... ала болса ауыздағы кетеді,
... түгел болса төбедегі келеді.

ІОйлы болсаң, озып көрІ-тур. «Геометриялық конструктор». 2 топқа ұшбұрыштардан сурет бейнесін құрастыру. Бірінші біткен топ жеңіске жетеді.

Ойлы болсаң, озып көр

ІІІ-тур."Сөз құра, тез құра" Берілген сөздер бойынша 2 дұрыс сөйлем құрастыру.

а)жер, Керік,ең, жануар, бетіндегі, биік.

ә) бойы, метрдей, Оның, болады, алты.

IV-тур. «Ұшқыр ой». Топбасшылар сайысы.

  1. Шөлге шыдамды жануар. (түйе)

  2. Шығыс елдерінің жаңа жылы.(наурыз)

  3. Сентябрь айының қазақша аты.(қыркүйек)

  4. Ұлы жүздің биі.(Төле би)

  5. Ұя салмайтын құс.(Көкек)

  6. Ақжолтай аталған қазақ батыры.(Ағыбай)

  7. Екі ақынның өлең жарысы. (Айтыс)

  8. «Алтын адам» табылған жер. (Есік қаласы, Алматы қаласы)

  9. Аптаның қасиетті күні.(жұма)

10. Абылайдың шын аты.(Әбілмансұр)

11. Жылқының пірі.

12. Тірі табиғатты ата. (адам, өсімдік, жануар)

13. 6 * 8 қаншаға тең.

14. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір,мамыр)

15. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер.(Т.Әубәкіров)

V-тур. «Арқан тарту». Топ аралық жұмыс.

1. Басты байлық - (денсаулық)

2. Қабанбай батырдың шын аты. (Ерасыл)

3. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын айт. ИТ ӨЛГЕН ЖЕР - (алыс)

4. Сәулелі жұлдыз іздеген адам.(Ыбырай Алтынсарин)

5. Жұмбақ

Бесікте тентек бала шырылдайды,

Көтерсең құлағыңа сыбырлайды. (телефон)

6. Не істеді? Неғылды? Қайтті? сұрағына жауап беретін сөз табы.

7. 1 тоннада неше кг бар?

8. Адам денесінде қанша сүйек бар.(200 ге жуық)

9. Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер.(Өзбекстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түркменстан)

VІ-тур. «Баспалдақ»

20*5 20*5

17+3 28-8

7+10 25+3

70:10 5*5

72-2 40:8

9*8 60-20

45:5 50+10

Жеңімпаз топты анықтау. Марапаттау

© 2010-2022