Математика 7 санын қосу 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпСабақтың тақырыбы: 7- санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 7-ні қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру.

Логикалық, есте сақтау қабілеттерін, бағыт-бағдар бере отырып,өздігінен жұмыс істеуге,өзіндік талдау және шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру.

Күтілетін нәтижесі: 7-ні қосу және азайту тәсілдерімен танысады, оқушылар шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.Тез шешім қабылдауға үйреніп, халықтың болжам, қағидаларының мағынасын түсінуге,7 санының қасиетті сан екенін білуге үйренеді..

Ізденіс негіздегі тапсырмалар; Топпен тапсырманы талқылау,ойларын ортаға салу, топқа бейімделу;

Оқулықпен жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

Оқушыларға арналған дереккөздер тапсырмалар: кесте, суреттер, қималы карточкаларды пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: Постерлер, Бор , тақта, маркер, плакат, түсті суреттер, кесте.

Сабақта орындалатын тәсілдер: Топқа бөліну, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сергіту сәті, өткенге шолу жасау, өмірмен байланыс, елестету әдісі, көңіл - күйлерін көтеру сәті, жеке,сұрақ-жауап,түсіндіру, қорытынды шығару.

Жұмыстың белсенді формалары: СТО, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Жаңа сабақты меңгертуде Power Point таныстырылымы.

Оқытудың түрлері: топтық, өзіндік жұмыстар арқылы өткізу.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Топқа бөлу. Топ ережесін еске түсіру.

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

-Балалар бүгін бізде математикадан ашық сабақ.Бұл сабағымызда әрқайсымыз математикадан бүгінгі күнге дейін не үйреніп, не білгенімізді ортаға салуымыз керек.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (4 слайд)

-Алдымен үй тапсырмасын

«Кезбе тілші» әдісі арқылы оқып шығайық.

Сабағымызды бастамас бұрын мен сендердің математика сабағын қаншалықты жақсы білетіндеріңді байқайын. Ол үшін барлығымыз бірігіп, «Кім көп сөз айта алады» ойынын ойнайық.Ойынның шарты бойынша

тақтаға жазылған математика сөзіндегі әріптерден бірнеше жаңа сөздер ойлап айтайық.(Ат,ем,мата,ата,ит,атам,мама) (5 слайд)

Сұрақтар шеңбері

«Форум» әдісі арқылы өткенге шолу жасайық (6 слайд)

-Бір аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның нешінші күні?

-Сандарды немен белгілейміз?

-Кесінді деген не, оның өлшем бірлігі қалай аталады?

-Қосудың компоненттерін ата?

-Азайтудың компоненттерін ата?

-Заттарды бір-біріне біріктіргенді қандай амал қолданамыз?

-Заттарды бөліп алғанда қандай амал қолданамыз?

-Сандар және қосу таңбасы бар мысалды не дейміз?

- Қандай геометриялық фигураны білесіңдер?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ. (7 слайд)

-Балалар енді түгеліміз тақтадағы «Математикалық диктант» орындайық.
1. «Математикалық диктант» жүргізу арқылы, жаңа тақырып аты көрсетіледі.
(8 слайд)

8-бен 3-тің айырмасы,
6-мен 4-тің қосындысы

9 бен 5-тің айырмасы,

7 мен 2-нің қосындысы

10-мен 8-дің айырмасы

7 санын қосу және азайту

қарақшы

ата-Балалар жеті саны туралы не білеміз?

(9 слайд)

нан

7

қазына

күн

жұт

Балалар естисіңдер ме бір дыбыс шығады ? Бұл әнде не тұралы айтылған ?(Ертегілер әні ақырын қосылып тұрады Әйгерім Қалаубаеваның)Бүгінгі са- бағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Балалар ертегі дегеніміз не?

-Ертегі деген -ертедегі адамдардың ойынан,арманынан,қиялынан туған.Бүгін өздерін жақсы білетін «Бауырсақ» ертегісі қонаққа келіпті. (10 слайд)

Бауырсақ деген не? Ол қасиетті тағам-нан. Нан туралы не білесіңдер?(оқушы жауабы)Нан туралы тақпақ айтайықшы:

Нан қоқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспандар! Теріп алып,қастерлеп, Торғайларға тастаңдар! - Ал ертегі басталады! Бауырсақ атасы мен әжесінен орманға қашып кетеді.Алдынан кім шықты? -Қоян (11 слайд)

(12 слайд)

Қоянмен кездесуі: Қоянның қарны аш,ол бауырсақты көрген кезде,қарным бір тоятын болды,деп қуанады. -Бауырсақ,мен сені жеймін-дейді.Менің қоятын шартым бар.Оқушылар соны орындаса,мен сені босатамын. -Бауырсаққа көмектесеміз бе? Қоянның тапсырмасы мынандай

(13 слайд)

Топпен жұмыс.
Әр топ жеке қағаздар суырып, берілген тапсырманы орындаймыз.

Берілген тапсырманы топта орындап алдыға шығып бір бала айтып береді.


1 - тапсырма:

І-топ

Қосылғыштарының бірі: 7 болатын қосындыны жазу, мәнін табу.
1+ 7
2 + 7
3 + 7
7 + 0

ІІ-топ
Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу, мәнін табу.
7 - 6
7 - 5
7 - 2
7 - 4
7 - 3
7 - 1

ІІІ-топ

Мәндері 7 болатын теңдік құр

6+1=7 10-3=7

4+3=7 9-2=7

5+2=7 8-1=7

-Енді бауырсақ әрі қарай келе жатып аюға кездеседі . (14 слайд)

-Аю да жемекші болады.Бауырсаққа көмектесейік.Аюдың шартын орындау керек(оқулықпен жұмыс)

(15 слайд)

2- тапсырма: Ауызша

Кесінділерді салыстыру

І-топ

9см 7см 3см

Көк және қызыл кесінділер ұзындықтарының айырмасын қызыл және жасыл кесінділер ұзындықтарының қосындысымен салыстыр.

ІІ-топ

10см 4см 6см

Жасыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысын қызыл кесіндінің ұзындығымен слыстыр.

ІІІ-топ

9см 5см 5см

Жасыл және көк кесінділердің ұзындықтардың айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр.

-Ары қарай кете береді. Алдынан қасқыр шығады. Оның 2 шарты бар екен

(16 слайд)

(17 слайд)

3- тапсырма:

Ауызша
9-3 9-4

Азайғыштарды салыстыр.Азайтқыштарды салыстыр.Осыған ұқсас тағы бірнеше айырма жаз.Олардың мәндерін салыстыр.Не байқадың.

(18 слайд)

4- тапсырма:

Есеп

І-топ ІІ-топ

Үлкен қасық-10 ? артық Бұзау-4 ? кем

Кіші қасық-7 Қозы-8

Шешуі: 10-7=3 Шешуі: 8-4=4

Жауабы: 3 үлкен қасық артық Жауабы: 4 бұзау кем

ІІІ-топ

Саз үйірмесіне-6

Би үйірмесіне-4 ? кем

Шешуі: 6-4=2

Жауабы: би үйірмесіне 2 бала кем қатысты.

-Бауырсақ келе жатып,түлкіге кезігеді.Бауырсақты түлкіден құтқарып алайық. (19 слайд) Түлкінің шарты:

5- тапсырма: (20-21-22 слайд)

-Балалар бәріміз тақтаға назар аударайық.

Суретпен жұмыс

Маймыл туралы мәлімет

Бір қарағанда ақылды көрінгенімен мешін - мінезі құбылмалы хайуан. Бірақ өзге хайуандарға қарағанда тапқырлығымен ерекшеленеді. Қытай күнтізбесі бойынша 2016 жыл қызыл маймыл жылы саналады. Ал әлемде маймылдың 200-ден астам түрі бар болса, оның 62-сі қорғауға алынған. Орманды, таулы жерлерде мекендеуіне байланысты көру, есту қабілеттері жақсы жетілгенімен иіс сезуі нашар дамыған. Әлемдегі ең үлкен маймыл - Мандрил. Ең кішкентай маймыл мармазетка

(23 слайд)

Логикалық тапсырма

Зообақта болғанда

Құмда ойнаған үшеуін,

Әткеншек тепкен екеуін,

Арқаларын қыздырып

Отырған тағы үшеуін

Көріп қалып санадым.

Қанша маймыл байқадым? (8)

(24 слайд)

Түлкінің ойыны: Түлкі сендермен ойнағысы келеді, өзі айлакер,бізді алдамақшы. «Кел ойнайық!» ()

6- тапсырма: (25 слайд)

«Кел ойнайық» ойыны

Ғарышкерлерді өз зымырандарына отырғызып ұшырайық

Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров. Одан кейін төрт жылдан кейін қазақ азаматы Т. Мұсабаев ұшты.

Біздің өмір сүретін ортамыз-Жер планетасы. Ғарыш әлемін көру үшін Зымыранмен ұшу қажет. Зымыран жер мен аспан арасындағы ең жедел транспорт.Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлеміндегі өзгерістерді суретке түсіріп, ондағы ауа мен топырақты зерттейді.Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киімдер киеді. Ол СКАФАНДР деп аталатын киім ғарышқа ұшуға лайықталған киім.

Математика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сыныпМатематика 7 санын қосу 1 сынып

(26 слайд)

Бауырсақтың үйіне қайтуы:Бауырсақты түлкіден аман-есен құтқардық.Енді бауырсақ үйге қайтамын дейді

-Өте жақсы,ата мен апа сендерге өте риза.Бауырсаққа не деп айтамыз

(ой-қозғау)

-Үлкенді сыйлау керек екені туралы өлең айтайықшы:

Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа, Үлкен болған кезінде , Сыйлы болмақ өзі де.

3.Қорытынды бөлім: -Балалалар,сендер бүгін күрделі іс атқардыңдар, бүгінгі сабақтан не үйрендік , не білдік ?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Егерде бүгінгі сабақты толық түсіндім десең жеміс ағашына қызыл алмаңды жапсыр.

-Егерде бүгінгі сабақта жартылай түсіндім десең жеміс ағашына сары алмаңды жапсыр.

-Егерде бүгінгі сабақта ештеме түсінбедім десең жеміс ағашына жасыл алмаңды жапсыр.

-Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларға , жақсы қатысқан балаларға төртбұрыш тарату арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма: 133 бет №5

7


© 2010-2022