Конспекты мектепалды даярлық топе

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мазмұны



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  3. Қорытынды

  4. Қосымша

V. Қолданылған әдебиеттер




























Кіріспе Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды танитындығы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген екен.

Балалардың мінез -құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін бағдамалық тәрбие міндетеріне олардын күші мен мүмкіндіне сәйкестенды пайдалану мен оларды күтіп үстаудың ,сақтаудың берік тәртібін оранту.Балабақшадағы ұйымшылдық,ретілік,тәртіптілік оларды жақсы дағдыларға тез қалыптастырады.Балаларға мінез- құлық, тәртіп қоғамдық құбылыс, адамдардың еңбегі, еңбек қатынас, бір - бірімен өзара қатынас,адалдық, шыншылдық,батылдық, ерлік сияқты адамгершілік қасиеттер, балалалрдың өз- өзін алып жүру ережелері жайында айтып отыру қажет. Бұл білімдердің қайнар көзі - өмірдің өзі,ал оларды меңгертудің жолы- ойын, еңбек, оқу - тәртіп үстінде таныстыру.Балалардың мінез -құлқының, тәртібінің,білімдігінің негізгі- балалардың өз істері мен үлкендерден қолданатын негізгі талаптардың дұрыстығы. Балаларда өзін бақылаудан гөрі басқаларды бақылау әдеті бұрын туады. Кейін бірте- бірте ғана өз тәртібіне саналы қарайтын болады.

Тәрбиешінің міндеті- балаға адамгершілік жайында білім берумен қатар, оны дұрыс тәртіпке, іс- әрекетке, басқа балалардың тәртібіндегі, өз басындағы кемшіліктерді саналы сезінуге үйрету.



Негізгі бөлім Мектеп жасына дейінгі балларды рухани- адамгершілікке тәрбиелеу мектепке дейінгі педагогика төмендегі әдістерді белгілейді:

  1. Тәрбиеші мен ата- аналардың үлгісі, күнделікті өмірден үлгі мысалдар келтіру;
  2. балаларға жақсы мінез құлық пен адамгершілік ережелерін үйрету соған сай балалардың іс - әрекеттерін ұйымдастыру;
  3. Сендіру, түсіндіру;
  4. мадақтау,кіналау,айыптау, жазалау;
  5. бағалау.
Үлгі ету - адамгершілік тәрбиесінің негізгі әдісі. Үлгінің тәрбиелік күші баланың еліктегішіне негізделеді. Әсіресе мектеп жасын дейінгі балалаға үлгі ерекше сенімді ықпал етеді. Өйткені олар өзін қоршаған құбылыстарға, адамның іс - әрекетіне сын көзбен қарауды білмейді. Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді әдісі ретінде үлгі етуді қолдана білу бала ойының нақтылығы мен көрнектігіне сүйенеді. Үлгіге еліктеу балалардың белсенді іс - әрекетіне тудырады, ал іс - әрекет - рухани - адамгершілік, тәртіп нормаларын меңгерудің негізі. Балалар көбінесе ата - анасы мен тәрбиешісіне, жақсы көретін, құрметтейтін адамдарға, бір- біріне еліктейді. Тәрбиеші оларды саналы еліктеуге бағыттауға тисті. Мысалы, дәрі еккенде жылаған Арманды Үсен жұбатып, көзінің жасын сүртті. Оны көрген тәрбиеші « Үсен қандай мейірімді бала!» - дейді.Оны естіген балалардың бәрі де сәбилерді жұбатуға кіріседі. Тәрбиеші оларды мақтап: « Біздің балалар осындай, сәбилерге қамқорлық жасайды», - дейді содан соң балалар « Мен Бақыттың бәтеңкесінің бауын байлап бердім», тағы басқа да істегендерін тәрбиешіге келіп айтып беріп отырды. Түсіндіру арқылы балалардың тәртібіне қойылатын талаптарды, олардың қажеттігінің себебін, оны орындаудың жолдарын ұғындырады. Балалаға түсіндіру ,үйрету, тікелей нұсқау беру түрінде өтеді. Мысалы « Ойыншықты сындыруға болмайда , себебі ойнайтын ойыншық болмай қалады»,- « Серуенге шыққанды кішкентайлары адасып жылап қалмауы үшін қамқорлық жасау керек». Сендіру әдісі - түсіндіру, үйрету,кеңес беру,әңгімелесу, үлгіні пайдалану сияқты әдістермен бірлікте жүргізілгенде ғана пайдалы болады. Сөзбен түсіндіруді жаттығу әдістерімен жалғастыру қажет. Жаттығу әдістері балалардың меңгерген адамгершілік жөніндегі бімі мен көрген - білген үлгісінің күнделікті тәртіп нормасына айналуына мүмкіндік жасайды. Ол үшін жағымды әрекеттерді бірнеше рет қайталап, жаттыққан жөн. Тәрбиеші әр түрілі себептер тауып, жақсы әдеттерге жаттығуды өзі ұйымдастырады. Кімге қамқорлық жасау, көмектесу керек екенін айтып, қолайлы жағдай тудырады. Үлкендерге жол беру, есіктен алдымен кішкентайларды шығару және сол сияқтыларжы жүйелі қайталау жаттығуы процессінде бірте - бірте әдетке айналады. Рухани- адамгершілік тәрбиені жинақтау жүйелі үш кезеңнен тұрады;
  1. ненің жақсы, ненің жаман әдет екені жайлы түсініктерді меңгерту;
  2. оларды күнделікті мінез құлқында, тәртібінде бекіту;
  3. Жақсылыққа талпыну қабілетін дамыту Н.Г Чернышевский: «Жақсы нәрселер істеуге талпынудың өзі адамды адамгершілікке тәрбиелеудің жемісі, адам тек өзінің қимылдарының әрекетін сезе бастаған күннен бастап жүргізілген тәрбиенің қажеттілігі, міне осындай»,- деген болатын
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеуде баланың іс - әрекетін мақұлдау немесе кінәлау әдістері де қолданлуда.Басқаларының жақсы іс - әрекетінің мақұлдау баланың мінез құлқын, тәртібіне қойылатын талаптарды терең меңгеруге үйретеді, мұнда педагогиканың « Адамға барынша талап қою және оны барынша құметтеу» сияқты жалпы принципіне сүйенеді. Кінәлау - ықпалды әдіс. Кіналау әділ болмаса, баланы ренжітіп, жасытады. Бұл да мақұлдау сияқты дер кезінде қолданылмаса, балада нашар мінез құлықтың әдетке айналуына себеп болады. Кінәлаудың түрлері- ескерту,сақтандыру, сөгу Ата-аналармен жұмыс жылдық жоспары:
  • Қыркүйек Ата- аналарман танысу
  • Қазан Балалардың жалпы жағдайымен таныстырып ата- анамен тәрбие саласында келісімдер, ұсыныстар, пікірлер алмасу.
  • Қараша Трениг сабақ
  • Желтоқсан жаңа жылдық ертеңгілік
  • Қаңтар ашық сабаққа шақыру
  • Ақпан Жалпы үлгерім,тәрбие жөнінде пікірлермен ұсыныстар
  • Наурыз «Наурызым жыл басы» ертеңгілік
  • Сәуір Баяндама оқу
  • Мамыр «Бәз мектепке барамыз» іс- шаралар





Қосымша Тақырыбы: Адамгершілік - асыл қасиет ақсаты: Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету; Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту; Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу; Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар. СКонспекты мектепалды даярлық топеабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2. Кіріспе Әдеп Сыйлап сәлем беремін, Көршілерді көргенде. Ізетті де білемін Үйге қонақ келгенде. Әдепсіз деп сөкпесін, Апама айтып өкпесін. К. Байзақов - Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ! Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдептілік әліппесі ( 6 бала кезекпен) 1.Бала Атам маған әманда Әдепті жан бол деген. Ата сөзі санамда - Жасы үлкенге жол берем. 2. Бала Алдын орап кісінің, Кесіп өтпей көлденең. Ізетімен кішінің - Сәлемдесіп, қол берем. 3. Бала Атам маған әманда Кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда - Мақтанбауды жөн көрем. Атам маған әманда Әділетті бол деген. Ата сөзі санамда - Жүрем тура жолменен. 4.Бала Өзгелерден өзімді Санамаймын жоғары. Конспекты мектепалды даярлық топеАртық айтып сөзімді Желпінгенім жоқ әлі. Қалдыратын ұятқа - Жалған сөзге төзбеймін. Жеткізетін мұратқа - Тек шындықты көздеймін. Көрініс: «Әдептілік» Ы. Алтынсарин Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі. Қасындағы бай: - Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды. Сонда ғалым тұрып: - Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен. Слайдпен жұмыс: Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу. Ойын «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?». - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) «Не істеу керек?» - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.) Слайдпен: 1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? 2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? 3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек? Әдептілік ережелері • Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды. • Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды. • Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді. •Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі. «Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын түсіндіру. Сынып сағатын қорытындылау: -Конспекты мектепалды даярлық топе Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік! Конспекты мектепалды даярлық топеКонспекты мектепалды даярлық топе



Тақырыбы: Треннг сабақ«Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі» Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру. Ата - аналардың мектеппен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету. Әдістері: пікір алмасу, сұрақ - жауап, сауалнама, психологиялық жаттығулар. Тренинг бағдарламасы: 1. «Танысу» жаттығуы. 2. Топқа бөлу. 3. Ой жинақтау. 4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы. 5. Ситуациялық сұрақтар. 6. Тест «Бала тәрбиесі». 7. «Ашық айтсам..» анкетасы. 8. Қорытынды. Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ана ролі» атты тренинг - сабағымызға қош келдіңіздер! 1. Танысу жаттығуы. Ата - аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады. Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді? 2. Топқа бөлу. Ата - аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады. 3. Ой жинақтау. Екі топқа тақырып беріледі. Ата - аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. 1 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері. 2 топ. Бала үшін тәрбиеші мен ата - ана арасында қандай байланыс болуы керек? 4. «Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы: 1. Балаңыздың туған күні? 2. Тәрбиешісінің толық аты - жөні? 3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді? 4. Балаңыздың сүйікті асы қандай? 5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді? 6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді? 7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз? 8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі? 9. Балаңыздың ең жақын досы кім? Ата - аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді. 5. Ситуациялық сұрақтар. Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді. 1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? 2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,..... деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба? 3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата - аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? 4. Кейбір ата - аналардың баласының әрбір іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? 5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз? 6. Балаңыз қандайда бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз? 6. Сауалнама: "Сіз қандай ата - анасыз?" 1. Кез келген ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба? 2. Балалардың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба? 3. Балаңызбен қарым - қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба? 4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба? 5. Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласызба? 6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба? 7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма? 8.Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба? 9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба? 10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез - құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба? 11.Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік, бересіз бе? 12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайысыз ба? 13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба? Жауабы: 1. Әрқашан жасаймын, келісемін - 3 балл 2. Кейде ғана келісемін - 2 балл 3. Келіспеймін - 1 балл Сауалнаманы бағалау өлшемдері: 0 - 16. Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз. 16 - 30. Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызға тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
30 - 39. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз. 7. «Ашығын айтсам». Ата - аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады. Менің тренинг барысында түйгенім ---------- Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады ------------- Жүргізушіге ұсыныс --------- Маған ең пайдалы, құнды болған ---------- Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер ---------------- Маған ұнамағаны -------------- Ең жақсы ұнағаны -------------- Келесі тренингте мен келесі жайттарды білгім келеді ------------------- Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?-------------- Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам ------------- Тренингті қорытындылау -------------------------- Қолы ------------------------------------ 8. Қорытынды. Ата - анаға көз қуаныш, Алдына алған еркесі, Көңіліне көп жұбаныш. ГКонспекты мектепалды даярлық топеүлденіп ой - өлкесі,- депАбай атамыз ата - ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата - аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата - бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата - ана мен балабақша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл - қыздары жан - жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Конспекты мектепалды даярлық топе






Конспекты мектепалды даярлық топе















Ата- аналармен жұмыс.

Жағдаяттарды талдау

1. Бала өте қатаң отбасында тәрбиеленді. Оған ата-анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, циркке де барып көрмеді. Ата-анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата-анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да, бірақ олардан бірауыз жылы сөз естімеді.

Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?

Сіз балаңызды осылай болып өскендігін қалайсыз ба?

2.Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп анасына қатты ренжіді. Анасының ойынша, баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі, осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам анасы болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы керек.

Анасының іс-әрекеті дұрыс деп құптайсыз ба?

Баланың қандай құқығы бұзылды деп ойлайсыз?

Сұрақтар легі:

- Отбасы тату болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

- Отбасы жарастығының сыры неде?

- Отбасы мүшесі ретінде қандай жауапкершілікті сезінесіз?

- Балаңыз бір оғаш нәрсе жасап қойды делік. Сіз мұндай жағдайдан өз тәрбиеңіздің нәтижесі екендігі жөнінде ойланып көрдіңіз бе?

- Балалар тәрбиесінде қасыңыздағы қосағыңыздың пікірімен үнемі ақылдасып отырасыз ба?

- Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

Тыныштық сәті:

- Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар. Біркелкі демалуға тарасыңыздар.






Қорытынды


Мектеп жасына дейінгі баланы рухани - адамгершілікке тәрбиелу. Ойымды қорта келе мектеп жасына дейнгі баланы адамгершілікке тәрбиелеу, Ол тек қана бір тәрбиеші не бір ата- ана ғана қолынан келетін процесс емес екені айдан анық. Сол себепті баланың тәрбиесін біріншіден іште жатқаннан бастап тәрбиеле дейдіғой, ал өмірге келгеннен кейінгі тәрбие ол жан - жақты болу керек отбасы, балабақша, қоршаған орта айта берсек бала тәрбиесіне әсері ететін факторлар өте көп. Біз ол фактордан қашып құтыла алмаймыз ол үшін не істеуге болады деген сұрақ туындайды, әрине ол үшін үнемі ,күнделікті балалаға дұрыс бағыт бағдар беріп балалмен күніне сөйлесіп оның пікірін тыңдап отыру керек. Міне рухани тәрбие жөнінде де Елбасымыз былай деген;

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі - бейбітшілікті, екіншісі - руханиятты, үшіншісі - табиғатты қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай - қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір -бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі, адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы, әлемдегі кез - келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім - тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім - тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше.














Қолданылған әдебиеттер: 1. Дүкенбаева Г. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Алматы,1992. 2. Нысанбаева Ә. Ой. Ақыл. Адамгершілік. Алматы,1994. 3. Отбасында балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы,1985. 4.Айджанова З. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бүгінгі мәселелері Ұлт тағылымы-2003-№4. 5. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж 6. Мектепке дейінгі педагогика Ф. Жұмабекова - Астана: Фолиант,2008


© 2010-2022