На казахском языке Маңғыстау маңғаз мекенім

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Маңғыстау-маңғаз мекенім

Мақсаты:1.Жергілікті ақын жазушыларымыздың шығармаларын оқи отырып, туған жеріміз Маңғыстау тарихынан мағлұматтар алу; рухани байлығымызды ана тілімізді дамыта түсу; ақындар өлеңдерінің мағынасын түсіндіру. Туған жерін, елін, азаматын құрметтеуге, туған жер атауларын білуге үйрету; 2. Оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз туған жерін сүйетін ел азаматы етіп тәрбиелеу; 3. Туған жеріміз Маңғыстауға арналған өлең-жырларды, әндерді үйрену.

Түрі: Әдеби-сазды ашық тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: кітап, суретті плакаттар көрмесі, буклет, түрлі түсті шарлар, ленталар, слайд.Сәкен Тұрсынбековтың «Көңіл толқыны» күйі ойналып тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар! «Маңғыстау-маңғаз мекенім» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Тыңда дала, тыңда жолдас, тыңда ел! Сөйлеп тұрған Қазақстанның Оңтүстік батысында орналасқан ірі аймақтардың бірі «Ұйқыдағы ару» атанған еліміздің, мұнайы мен газдың беріп тұрған қазыналы түбегі-Маңғыстау.

1-оқушы: Маңғыстау маңғазданған биіктерің, Кеудеме тұрсың қалай сиып менің. Атағың жерді жарып шықты шыңға, Бердің-ау бар асылды құйып тегін.

2-оқушы: Маңғыстау облысы 1973 жылдың 20 наурызында құрылды. Бұған дейін бұл аймақ Атырау облысына қарады.

3-оқушы: Астанасы мұнайдың-Ақтауымсың, Ертеңгі күн төс қағар мақтауымсың. Қайда жүрсем шыңы боп арманымсың, Бүгінде негіз алар бастауымсың.

4-оқушы: Маңғыстау облысы Қазақстанның Оңтүстік батысында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 16,7 миллионға, оның 12,7 миллионы жайылымдық жер болып есептеледі.

Жүргізуші: Шөбі шүйгін, кең жайлау, асау теңіз, асқар тау, кербез дала, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел, жанға сая панамыз-Маңғыстау! Ән әдемі-қазағымның келбеті, Күмбірлеген күймен жайнап жер беті. Сазы тербеп Маңғыстау мен Арқаның, Жетісудың мұздай мұңы тарқады.

Хор: «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар».

Жүргізуші: Бүгіннің биігенен көз салып көр еліме, Бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Маңғыстау бүгін міне салтанаты жарасқан, Бір отбасы, бір туысқан, бір-біріне қарасқан. Биікте тұрып қарасаң, Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан.

5-оқушы: Ел таныған Қашаған, пір Бекетін, Дәуірі көп тарихта еленетін. Өлмейтұғын артында сөз қалдырса, Ұрпақ өзі былғар кереметін.

6-оқушы: Маңғыстау кең тынысты өр алабым, Қайдан да өзіңді іздеп ораламын. Мұнайдың иісі аңқыған бауырыңда, Қырымға келген жандай демаламын.

Жүргізуші: Маңғыстау достықтың туын тіккен жер, Мәуелі бақтай жемісін шашқан халықтың. Бір кісідей маңдай терін төккен жер! Енді кезекті «мың бұрала билеген, аяғы жерге тимеген» деп бишілерді ортаға шақырамыз.

Би: «Өзбек биі»

Билейтіндер: Айнура мен Айша

7-оқушы: Жердегі гүлім, көктегі күнім-Маңғыстау, Ақ махаббатым, мәңгілік жырым-Маңғыстау. Тебіренбей қалай-қалай шыдарсың, О, туған жер, шабыттың көзі шығарсың.

8-оқушы: Қыранды өлкем, жыр әнді өлкем-Маңғыстау, Сазды әуен қосып домбыра шертем Маңғыстау. Керуен жолдар төсінде жатқан не қилы, Бабалардың әжімді жүзі секілді.

9-оқушы: Маңғыстау! Бұл өзі басқа жұрт үшін тансықта, тылсым, аңызға толы мекен. Өзіндік тұрмыс мәдениеті мен сал-серілері, билері мен ақындары, қаймықпай халқының мүддесін қорғаған қасиетті үш жүз алпыс екі әулиелі Маңғыстау бұл!

10-оқушы: Сондай-ақ Ақтау қаласында құс фабрикасы, ет комбинаты, сүт зауыты, көкөніспен жабдықтаушы 6 гектар «Шаруа» жылыжай ұжымдық шағын кәсіпорны бар.

Жүргізушы: Табиғат тылсым, шежіре сырға берікай,- Өлкеме менің жеті жұрт кеткен, келіпай. Атойлар қаны Адайлар тұрақ тапқан жер, Маңғыстау мекен қойнауы құтты, жері бай

Ән дауыстың ырғағы, Шырқалады жыр әні. Өмір сәнді күйменен, Әсем әуен гүл бағы, дей келе. «Ана жыры» әнін тыңдайық.

Ән: «Ана жыры»

Орындайтындар:Есет, Нұрлыбек.

Жүргізуші:Сонымен балалар туған жер, отан жайында мақал-мәтелдер айтайық.

Жүргізуші: Маңғыстау деген-ақ шағыл, мекен, аппақ нұр, Ар иманыңмен ақ босағасын аттап кір. Не дегенмен тектіден туған тентектер, Ананың салтын, ананың тілін сақтап тұр.

Өнер деп соққан жүрегі, Өнерлі өрге жүзеді. Қазақтың биін билейтін, Өнерпаз ұлан біз едік.

Би: «Қара жорға»

Билейтіндер: Мадина, Нұртай, Алшын, Жанат.

Жүргізуші: Маңғыстауым! Өрге басқан қадамыңа гүл бітсін, Айдай әлемге танылар күн жақын болсын! Жас жолбарысқа жарқын болашақ, жылы жүрек, Адал ой мен еңбек, сауатты өмір тілейміз.

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет. Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Көріскенше хош сау болыңыздар!



© 2010-2022