Ана тили Абылай хан

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: ана тілі

Тақырыбы:Абылай хан. 141 - жаттығу.

Мақсаты:

Білімділік: заттың санын білдіретін сөздерді таба білуді,сұрақ қоюды қайталау.

Балалардың мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуына, сұрақтарға толық

жауап беруіне мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, әдемі жазу дағдысын, сөздік қорын

және байланыстырып сөйлеуін дамыту, шығармашылықпен жұмыс

істеуге қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: ұлы адамдардың өмірін үлгі етуге,олардан өнеге алуға тәрбиелеу Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Әдіс-тәсілі: «Миға шабуыл», «Топтастыру», «Ой қозғау» әдістері

Көрнекілігі: шарлар, қоржын, суреттер, сызбалар

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз!

«Миға шабуыл» әдісі. «Кім жылдам?» ойыны. Санға 2-ні қосу арқылы 10 көлеміндегі қосу кестесін пысықтау.

1. Қызығушылығын ояту.

- Балалар, қолдарыңдағы қаламдарыңды санаңдар.

- Қанша екен? Қанша, неше сұрақтары жайлы не айта аласыңдар? /ереже/

«Тез ойлан!» ойыны

- Тақтада неше текше тұр? /3/

- Текшелерді ашып көрейік, әр топ 1 сұрақтан жауап берсін.

Біз бүгін заттың санын білдіретін сөздер тақырыбын жалғастырамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау» әдісі

1. Текше артындағы сұрақтарға жауап алу.

-Тергеуші Махамбетті не үшін іздеді?

-Махамбет тергеушімен қалай сөйлесті?

-Ауыл адамдары Махамбетті қалай сипаттады?

2.Қорытындылау. Тергеуші неге қайтып кетті?

Жаңа сабақ.

- Балалар, сендер білесіңдер ме биыл қандай жыл?

- Иә, 2013 жыл - жылан жылы. Жылан қалай дыбыстайды? -С-с-с-с

- С дыбысы қалай дыбысталып жатыр?

- Иә, с-дыбысы тістің арасынан кедергімен шығады, ендеше ол дауыссыз дыбыс.

Дәптерімізді ашып, күн ретін жазып, бүгінгі көркем жазуға Сс әріптерін жазайық.

Электронды оқулықтан С әрпін жазылуы бойынша бірге жазайық.

Ребус шешу. Жауабы: мерекелер

- Cуреттерге қарап, қандай мерекелер бейнелегенін кім тез табар екен?

141-жаттығу. «Кім тапқыр?» ойыны

1.Қызылмен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.

2.Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздер мен ай аттарын жазыңдар.

Үлгі: бірінші қаңтар, он алтыншы желтоқсан.

І топ: 8 наурыз, 22 наурыз

ІІ топ: 1 мамыр, 9 мамыр

ІІІ топ: 30 тамыз, 25 қазан

- Мереке күндерін есте сақтаңдар.

Сергіту сәті

Кіріспе әңгіме жүргізу. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. Ал осы тәуелсіздікті біздің ата-бабаларымыз баяғыдан аңсаған еді. Тәуелсіздік жолында Абылай ханның еңбегі зор.

Абылай хан- Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері. Жиырма жасында хан болып сайланған. Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен атқарған. Ол саясаткер, білімдар, дарынды қолбасшы. Оның көздеген мақсаты мемлекетті нығайту еді. Ол сыртқы жаулардан қорғану үшін үш жүздің күшін біріктіруді жүзеге асырған. Ол билік құрған кезде қазақ халқы қалмақтаран елін жерін азат етіп, тәуелсіздігін сақтаған. Абылай хан Төле би,Қазыбек,Әйтеке бидің ақылына, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Наурызбай бабалардың қаһарман ерлігіне сүйенген. Болашақ ісіне солардан бағдар алып отырған.

Мәтінді мәнерлеп оқу, талдау.Сұрақтарға жауап алу.

Сөздік жұмысын жүргізу.

тәуелсіз - егемен ел

қаһарман - ер жүрек

«Жалғасын тап!» ойыны. Мақалдарды талдау.

1.Жер таусыз болмайды,

Халық хансыз болмайды.

2.Ханда қырық кісінің ақылы бар.

Оқулықпен жұмыс.

а) Іштей оқу

ә) Тізбектей оқу

«Топтастыру» әдісі. Тапсырмалармен жұмыс.

І топ. Абылай хан сөзіне ассосациялық топтама жасаңдар

ІІ топ. Сан есімдерге ВЕНН диаграммасын құрыңдар

ІІІ топ. Әңгіме кестесін құрыңдар

ІҮ. Қорытынды. Біз бүгін қандай нәтижеге жеттік?

Мәтін оқыдық, мақал-мәтел айттық, ребус шештік, өткенді пысықтадық, білімімізді шыңдадық, өзімізді жақсы қасиеттерге баулыдық.

- Сендердің бүгінгі сабаққа белсене араласқандарың үшін ата-аналарыңа мынадай хабарлама жіберемін.


Қуанышты хабарлама

Құрметті ата-ана!

Бүгін сіздің балаңыз ________________ ана тілі сабағында белсенділік көрсетті. Сабақ барысында берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты. Рахмет! Катя апай

Ү. Үйге тапсырма. Абылай хан -мәтінін оқу, мазмұндау. Мақалдарды жазу

ҮІ. Бағалау.


© 2010-2022