Логика факультатив сабақтан Логикалық ойлауды дамыту

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Логика әлемі

Уақыты: 12.12.2015ж

Тақырыбы: Логикалық ойлауды дамыту
Мақсаты: Логикалық ойлауды дамыту жаттығуларын орындата отырып, оқушыларды тапқырлыққа баулу.
Міндеттері: Бірлесіп жұмыс нәтижесіне жетуге баулу.
Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Әдіс - тәсілдер: Көрнекілік, сөздік, түсіндіру, әңгімелесу.
Көрнекіліктер: «Логика әлемі» жұмыс дәптері, жемістер суреттері
Оқушыларды топқа бөлу (Топқа бөлу әдісі күз мезгіліне байланысты жемістер бойынша топтау)
Психологиялық ахуал.
Балалар, бүгін айдың нешесі?

І. Ширату (тез жауап бер) Әр топқа екі сұрақтан беріледі.
1. Бес тышқанның құлағы - 10
2. Жеті сиырдың мүйізі - 14
3. Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны - 8
4. Есту мүшесі - құлақ
5. Жаз айларын ата - маусым, шілде, тамыз
6. Ағзаның қорғаныс мүшесі - тері
7. Қан айналымының негізгі мүшесі - жүрек
8. Ауаның қозғалысы - жел
Тапсырма №1.(көзіңмен қадағала) Қолмен емес, көзбен жүргізіп, цифрлар мен әріптердің байланысын тап. Жасырын сөзді жаз.
Жауабы: көкөніс, жаңалық.
Ми гимнастикасы «Жалқау сегіздіктер» Ауада сегіз санын алдымен оң қолыңмен, сосын сол қолыңмен сегіз санын сал, одан кейін екі қолыңмен үш рет қайтала.
Тапсырма №2. (Сана!) Бесбұрыштарды сана, санын торкөзге жаз. Бесбұрыштарды сана. Санын торкөзге жаз.
Жауабы: тоғыз бесбұрыш.

Логикалық есептер

*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?

*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді?

*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?

*2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма?

*Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?

*Бір айда 5 жексенбі бола ма?

*Үш ат жегілген арба 30 км жүрді. Бір аттың жылдамдығы қандай?

ІІ. Көңілді үзіліс.

Тапсырма №4. Ойла, есепте, жауап бер!
Тапсырма №5. (Ойлан, есепте, жауап бер!)
Геометриялық фигуралар қатары беріледі, оқушылар 1 минуттай қарайды, келесі суретте осы фигуралардың біреуі алынып тасталады, оқушылар соны табуы керек.
Сабақты қорытындылау.

© 2010-2022