«Қазақ тілінен 3 сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық танымдық іс-шара»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілінен 3 сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық танымдық іс-шара»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып жауаптарын тиянақты жүйелі айта алуға топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Дамытушылық: қазақ тілі туралы мақал-мәтелдер өлең, тақпақ, нақыл сөздер, жұмбақтар айту арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығының маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.

Іс-шараның көрнекілігі: ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан қанатты сөздері, бейне таспалар , слайдтар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа сабақ

Әнұран орындалады

1-жүргізуші: Құрметті бүгінгі кешімізге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары: «Тілдің мерейі - елдің мерейі» тақырыбындағы танымдық интеллектуалдық іс-шараға қош келдіңіздер!

Ана тілің - арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте!

(Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

2-жүргізуші: Иә, иә, оның рас. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді.

Танымдық сайысқа қатысатын топтар таныстырылады.

Біздің топ - «Жасын»

Біздің топ - «Сұңқар»

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Отанға бүгінгі сайыс сабағына қатысқалы отырған «Сұңқар» мен «Жасын» тобын шақырамыз.

Танымдық сайыс әртүрлі тапсырмалардан тұрады. Бірінші бөлімде «Таныстыру»

Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді - дейді данышпан халқымыз. Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып, төс белгісін, өзінің ұранын айту керек.

1-жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие тәлім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі.

І «Бәйге» сайысымызды бастаймыз.


1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

2. Ә қандай дауысты дыбыс? (Жіңішке)

3. Ешкінің төлі қалай аталады? (лақ)

4. Бір сағатта неше минут бар? (60)

5. Тудың түсі қандай? (көгілдір)

6. Қар қай мезгілде жауады? (қыста)

7. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

8. Сиырдың төлі қалай аталады? (бұзау)

9. Аптаның бесінші күні қалай аталады? (Жұма)

10. ҚР астанасы қай қала? (Астана)

11. Сүт тағамдарын атаңдар (сүт, айран, ірімшік, құрт, кілегей, сүзбе т.б.)

12. Қыста не жауады? (қар)

13. Оқу құралдарын атаңдар

14. Алфавиттің ең бірінші әрпі (А)

15. Бір жылда неше ай бар? (12)

Шарты, орындау жолы, тапсырмасын анық жазу керек.

ІІІ

2-жүргізуші: әр адамның қаиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюмен, білумен, ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды. Кешіміздің келесі бөлімі ақындардың өлеңіне арналады.

Мәнерлеп оқу сайысы

IV

1-жүргізуші: «Тапқыр болсаң тауып көр»

Сайысымзды бастаймыз. Бұл сайыста оқушылар бір сөзден бірнеше сөйлем құрау керек.

«Қазақстан» сөзі беріледі.


Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, зат, ана, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас.

Әділқазылар алқасы сөздерді санап балл белгілейді әр топқа.

2-жүргізуші:

Мерекеге бүгін бақ күні,

Егеменді елімнің

Желбірейді көк туы

Түсіндей боп көгімнің.

«Көк тудың желбірегені»

Орындайтын 3 «Б» сынып оқушысы Ходжибергенова Аида

Адам болам десеңіз Б.Аббасова 3 «В»

Сахналық қойылым (2 «А», 3 «А»)

1-жүргізуші: Мың бұралған билейтін өнерпаз қыздарымызды ортаға шақырайық.

3 «В» сынып оқушылары Алексеева У. Сейдуалиева Л.

2-жүргізуші:

Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз. «Жеті жұрттың тілін біл» немесе «Полиглот» сайысымызды бастаймыз.


1. Қолымда бір алма

Табақта төрт алма

Барлығын қосқанда неше алма?

Бес - пять - five

2. Күн мен түннің теңелетін жыл мезгілі?

Көктем - весна - spring

3. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама.

Кітап - книга - book

4. Аң патшасы

Арыстан - лев - lion

5. Тықырлатып тақтайды

Түні бойы жатпайдыы

Тышқан - мышь - mouse

6. Адамды қорғап жүретін досы

Ит - собака - dog

7. Орақ болып туады,

Табақ болып тынады

Ай - луна - moon

V Тосын сый

(Үй тапсырмасы)

«Төрт ана» Шаханов

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,

ТУҒАН ТІЛІ - мәңгі өнеге айдыны,

ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ - тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және ТУҒАН ТАРИХЫ,

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер,

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!

VI Өз елім МузАрт

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға береміз.

«Анамызды ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді, бүкіл ата-бабмызды, тарихымызды ұмыту» - деген Б.Момыщұлы - Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік білімді, мәдениетті болуы шарт.


© 2010-2022