Ашық сабақ Ана тілі, Қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ Ана тілі,Қазақ тілі

ШКО.Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы

Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі

Зияданова Сара Нурахмановна

1сынып 3сынып

Ана тілі Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

  1. Қандай? Қай?сұрақтары. Сын есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1. Қандай? Қай? Сұрағына жауап беретін сөздерді меңгерту.

  1. Сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылығы: Жаңа тақырыпты, тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс жасай білуін, сөздік қорын арттырып , шығармашылық қабілеттерін ұштау өздіктерінен жұмыс істеуге жағдай жасау.

Тәрбиелік: Ізденпаздыққа, ұқыптылыққа , жауапкершілікті түсіне білуге, Отанын сүюге , ұлтжандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қайталау, жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіре жинақтау, проблемалы сұрақтар беру, шығармашылық жұмыстар, сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: «Алтын қақпа», кесте, топшама.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені. (Сәлеметсіңдер ме, балалар?)

  2. Психологиялық дайындық

Бізге болсын сәтті күн,

Сізге болсын сәтті күн

Көңілдерді көтерсін,

Біздің жарқын тәтті үн.

Балалар өте жақсы, отырындар. Бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр. « Ойлаумен ой толады, ойнаумен бой толады» деп алып , ойнай ойлана отырып, жауап беріп алған біліміміздің деңгейі қандай жерде екенін оны жетік меңгере алғанымызды көрсетейік.

Ендеше бүгінгі күнді жазамыз.

  • Балалар бүгін айдың нешесі?

Он екінші сәуір .

  • Қандай күн?

Ғарыш күні.

  • Балалар , өте жақсы біледі екенсіңдер.

  • Біздің мектебіміз қалай аталады?

  • Ю.Гагарин атындағы бастауыш мектеп.

  • Ол кім?

Ол тұңғыш ғарышкер.

  • Қай жылы ғарышқа ұшқан?

  • 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан ұшқан адам. Қазақстанның қандай ғарышкерлерін білесіңдер?

Т.Әубәкіров , Т.Мұсабаев.

Үй тапсырмасы:

Дәптерлерін өткізу

1с. Өзің не үшін білім алғын келеді?

Ендеше көркем жазуды бастайық.

Ғғ Ғғ

Ғарыш Ғарыш

Ғарышқа ұшты Тоқтар ғарышкер.

Қызығушылығын ояту.

Балалар сабағымыз « Алтын қақпа» ойыны түрінде өтеді. Ойын сабағының шарты , тапсырмаларды орындай отырып қақпаларды ашу. Іске сәт.

« Тас қақпа ». Мен сендерге жұмбақ жасырайын , сендер шешіңдер.

Жұмбақ

Үлкен алтын табақтан

Әлемге нұр таратқан.

Жаңа сабақ Сипаттау

« Сұлу күн»

Оқытамын

Сұраққа жауап алу.

Тас қақпа ашылды.

« Күміс қақпа »

Дәптермен жұмыс Жаңа сабақ

132- жаттығу Кітаппен жұмыс

Қызыл сиыр, күрең ат, суретке қарап әңгіме құрау

Ала бұзау, ақ лақ .

Күміс қақпа ашылды

Сергіту сәті

Түнгі аспанға қарайық, Кәне , менің жұлдызым,

Жұлдыздарды санайық. Қайда сенің нұрлы ізің?!

Биіктей түс биікте!

Жарқырайық түс жарқыра!

« Алтын қақпа »

Өздік жұмыс Дәптермен жұмыс

Сынын сипаттау ( кесте) Күн ашық ( тақтада )

Аспан көгілдір

Жапырақ сары

Алтын қақпа ашылды.

« Алтын сандық »

Тақтада Шығармашылық тапсырма

Алмұрт сопақ. « Қияр » туралы жұмбақ құрау

Қоян қорқақ.

Лимон қышқыл.

Алтын сандық ашылды.

Қорытындылау.

( Гүл құрау)

Үй тапсырмасы.

Сұлу, қызыл сөздеріне 183-бет Өлеңді мәнерлеп оқу.

Сөйлем құрау.

Бағалау.



© 2010-2022