С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/С дыбысы мен әрпі сабақ /1сынып/


Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: с дыбысы және әрпімен таныстыру. С дыбысы бар сөздерді оқыту, сөз, сөйлем құрауға үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасату, буын туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Тіл байлығын арттыра отырып сөздерді байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

Тәрбиелігі: балалардың оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,талдау жинақтау.

Көрнектілігі: кеспе әріп кассасы,суреттер, жұмбақтар, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам!

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

- Балалар, өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық? - (Б б)

- Б дыбысы қандай дыбыс?

- Сөздің қай жерінде кездеседі?

- Б дыбысы кездесетін қандай сөздерді білеміз?- (Бақа, арба, бақша,балға,бесік т.б.)
- Дұрыс айтасыңдар. Енді біз бүгінгі сабағымызда тағы жаңа бір дыбыспен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

1.Сыртылдайды күнімен

Сыртылдайды түнімен

Білгің келсе уақытты

Көрсетеді тілімен.

Бұл не? (сағат)

2.Кіруге адам батпайды,

Аман-есен сақтайды. (сандық)

- Сағат,сандық сөздері қандай дыбыстан басталады?

- С дыбысы.

- Олай болса, бүгін біз С дыбысымен танысамыз.

1.С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.

2.Әріп элементін, баспа және жазба түрін таныту.

3.С дыбысы- дауыссыз дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

Сағат сөзін буынға бөлгізу арқылы с дыбысы қай буында тұрғанын тапқызу, дыбыстық талдау жасату.Хормен оқыту.

С- дауыссыз дыбыс, көк текше;

А- дауысты дыбыс, қызыл текше;

Ғ- дауыссыз дыбыс, көк текше;

А- дауысты дыбыс, қызыл текше;

Т- дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгілейміз.

ІV. Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі буындарды, сөздерді оқыту.

Са, сана, сақ

Со,сона сал

Дос, Айдос, Досан

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш.

Жинап алдық күш.

Төрт, бес,алты

Бой жазамыз мықты.

Дәптерімізді ашайық ,

Салақтықтан қашайық.

Көрсетілген үлгіге,

Әдемі етіп жазайық.

а) С әрпінің бас және кіші әрпін тақтаға жазып көрсету

ә) Ауада жазу

б) Дәптерге жазу

V. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны.

С дыбысына қатысты сөздер ойлап, буынға бөлу,сөйлем құрату.

VІ. Ой толғаныс. Топтастыру.
«Ойлан тап» ойыны
Барлық балаға әр түрлі сөздер жазылған карточкалар таратылып беріледі.
Сөздерді оқып с дыбысы бар сөздерді тақтадағы С әрпінің айналасына топтастыру

C

VІ. Сабақты қорытындылау.

Сақинаны салғызды,

Сарымсақты, сәбізді.

Бастап тұрған қай әріп

Сапсыз орақ тәрізді? (С)

- Дұрыс, айтасыңдар, балалар.

- Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?
- С әрпі қандай дыбыс?

- С әрпін қандай текшемен белгілейміз?
- С дыбысы кездесетін қандай сөздер білеміз?

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтай отырып сабақты аяқтау.



2013-2014 оқу жылы

Сс дыбысы мен әрпі



© 2010-2022