Тақырыбы: Әрқашан дос біргеміз

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Әрқашан дос біргеміз

Мақсаты: Балалардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, «достық »ұғымын ұғындыру,адамгершілікке,кіщіпейілділікке тәрбиелеу,еліміздің болашығын айқын таныстыру,болашақ ұрпақ балғын бөбектердң денсаулығын сақтау.

-Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар,кішкентай менің бүлдіршіндерім! Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

-Қош келдіңіз бүгін бізге бәріңіз,

Қош келдіңізз,көңіл-күйге сеніңіз

Қош келдіңіз, өткен күнге өкінбе,

Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз.

«Достық »адам баласының бір-біріне деген сүйіспеншілігінің болуы мүмкін емес,достық адамды кішіпейілділікке,адалдыққа ,кешірімділікке тәрбиелейді. «Доссыз өмір - тұл » деп бекер айтпаса керек,осы мақсатта ұйымдастырылған ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.

Асылжан: -Армысыздар халайық,

Әсем әнге салайық.

Айтпас бұрын ән-жырды

Сәлемдесіп алайық.

Барлығы;-Саламатсыздар ма,қонақтар!

Есік қағылады

Күтпеген сәт; -Саламатсыздар ма балалар,бұнда қандай жиын болып жатыр?

- «Әрқашан дос біргеміз »атты ертеңгілік болып жатыр.

- «Достық » деген маған ұнамайды,менің ешқандай досым жоқ,жалғыз жүргенім өзіме қатты ұнайды,балалар сендерге менің ойым ұнай ма?

- Жоооқ.

- Сонда сендерге дос болған ұнай ма?

Жүргізуші: -Қасқыр,неге саған достық ұнамайды, «досты көпті жау алмайды » деген бар,досың көп болса еш нәрседен қорықпайсың,қйналған кезде досың көмектеседі,сен бізбен бірге дос болсайшы,мүмкін бүлдіршіндердің доттық туралы ертеңгілігінен кейін ойың озгерп, бізбен дос болып кетерсің.

Қасқыр; -Ендеше тамашалап көрейін.

Жүргізуші: -Болашақтың иесі ғой бүлдіршін

Туған жерін түрлендірген күлкімен

Алтын бесік ұлан - байтақ елінде

Жарқын болсын шырқап айтқан әніде

Ән: «Атамекен»

Жүргізуші: --Достық жырын жырлаған

Бала бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі сәні әлемнің.

Әмйна;- Жан қйыспас дос болсаң

Сыйласумен жүресің

Шашылып жатса сыртыңнан

Жинасумен жүресің

Перизат;--Біз балдырған баламыз

Дос құшағын бірге ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсын көк аспан.

Мерей:-- Бейбітшілік әніміз

Доспыз енді бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз

Шахназ:-- Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша

Қуанышқа бөленген

Достар қандай тамаша.

Нұрдәулет; -Достарым бар қуанып

Тамашалап кештерді

Ән салып би,билеген

Достарыммен қуанып

Жүргізуші:-- Көгершінді бейбітшілік құсы дейміз

Қарлығашты адамның досы дейміз

Ән салып ,бй-билеген бүлдіршінді

Тобымыздың әншісімен бишісі дейміз.

«Қуыршақ»биі.Орындайтын:Шахназ,Еркеназ,Ділназ,Наргиза,Әмина,Қарақат.

Жүргізуші: - Дос дегеің асыл жан ғой ардақты

Дос дегенің асыл сөз ғой ардақты

Доссыз өмір мүмкін емес жалғанда

Достық жыры бітпеген ғой қашанда

Қарақат: -Біз ертеңгі батырмыз

Біз ертеңгі ақынбыз

Бір анадан туғандай

Біз біріміз татаумыз.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін.»

Ернат: --Жаудан елді қорғайтын

Батыр болам мен ертең

Достың антын сақтайтын

Жігіт болам мен ертең.

Ділназ:--Достар бірге жүреміз

Бірге ойнап күлеміз

Бірге ойыншық ойнаймыз

Міне біздер қандаймыз.

Жүргізуші:Мың бұралып билеген,

Қыздарды кім сүймеген

Күміс көмей қыздарға

Кімдер басын имеген

Испан биі:Асылжан,Перизат,Еркежан,Мерей.

-Балалар денсаулығымыз жақсы болу үшін адамдар далада ұзақ серуендеу керек,таңғы және кешкі ауа рай таза болады, бұл адам денсаулығына өте пайдалы.Қане таза ауада демалу бұл саябақ, орман ағаштары, көшеде , үйдің жанында ағаштарды көп егу керек және қорғау керек.

Наргиза:-Орман - көлге, шыңға біз

Саяхатқа шығамыз

Бөлінбейді іргеміз

Әрқашанда біргеміз.

Еркежан:- Қыста шаңғы тебеміз

Думандатып өңірді

Жазда гүлдер тереміз

Достармен бірге жүреміз.

Жүргізуші:- Бала,бала жоқ олардың еш жаманы,

Үлкендерге,сын аттаған қадамы.

Сөзің емес,өзің үлгі бол оған,

Көргендерін өзі-ақ ұғып алады.

Ән: «Әрқашан дос біргеміз.»

Қасқыр:--рахмет,балалар,бүгін мен үшін өмірмде өзгеріс болды, «достық»деген ұлы сөзді ұғындырдыңдар,сендермен енді дос боламын,ешкімді ренжітпеймін,сендерге мына жемістрді сыйға тартып кетейін,енді орманға барып өзіме адал дос іздейін.сау болыңыздар.

Жүргізуші;- Жан қйыспас дос болсаң

Сыйласумен жүресің,

Шашылып жатса сыртыңнан

Жинасумен жүресің.

Жан достықтың қадірін

Ұғынсаң ғана білесің,

Денсаулықтың қадірін,

Ауырғанда білерсің- дей еліміз тыныш,деніміз сау болсын деп бір - бірімізге жақсы тілек тілеп, бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды .Қош сау болыңыздар!







© 2010-2022