Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті»

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми жұмыс

Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті»

Жұмысты орындаған: «Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта

мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесінің

3-сынып оқушысы Хусайн Тоғжан Талғатқызы

Бағыты: Дүниетану

Секциясы: «Жас зерттеуші»

Жоба жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі Акимбаева Айкумус

Отегеновна


Мақтарал ауданы,

Кетебай елді мекені

2014-2015 оқу жылы

«Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті»




Жетекші: Бастауыш сынып мұғалімі

Акимбаева Айкумус








Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті»

Ғылыми жобаның авторы:

3 «Ә» сынып оқушысы Хусайн Тоғжан

Бағыты: Дүниетану

Секция: «Жас зерттеуші»



2014-2015 оқу жылы

Аннотация

Зерттеудің мақсаты: Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінде қандай өсімдіктер өсетіндігін, олардың қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін біліп, одан сабақ алуы тиіс. Зерттеу жұмыста Қазақстан өңірінің дәрілік өсімдіктері сипатталады. Оның ішінде жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті туралы толық мағлұмат беріледі. Біздің жұмыс осы өңірде осы бағытта жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі. Далалық зерттеу жұмысы барысында жолжелкен өсімдігінің қандай ауруларға ем екендігі анықталды. Зерттеудің болжамы: Жолжелкен өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады. Жолжелкеннің адам денаулығына, халық медицинасына қажетті құндылық екенін дәлелдеу. Өзектілігі: Қазақстанда кедесетін өсімдіктердісоның соның ішінде емдік қасиеттері бар шөптерді зерттей отырып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және мақтан тұту.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

Жинақтау,салыстыру, әңгімелесу, пікірлесу, қорытынды жасау.

  • Жолжелкеннің емдік ерекшеліктеріне жан-жақты сипаттама берілді.

  • Жолжелкеннің емдік қасиеттерін тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.

Зерттеу жұмысымыздың ғылыми-теориялық жаңалығының мәні:

Қазақстандағы өсімдіктердің пайдасы, маңызы туралы біле отырып олдардың көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым. Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім. Жұмыс барысында жолжелкенді ем ретінде көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап, пайдалану мүмкіндігі, қолжетімділігі жұмыстың практикалық мәні болып табылады.

Жұмыстың нәтижесі:

Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы бүгінгі таңдағы оқыту үрдісінің тиімді жолдарын табуға және білім сапасын арттыруда, заман талабына сай тұлғасын қалыптастыруда да ерекше маңызға ие.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мазмұны:


I. Кіріспе

Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер

II. Негізгі бөлім

а) Жолжелкен өсімдігінің сипаттамасы

ә) Жолжелкеннің емдік қасиеті

б) Жолжелкеннен жасалатын дәрілер

в) Шөптерден дәрі жасау жолдары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті»

І. Кіріспе.

Мың теңге тұратын дәрі дәл

шарбағыңның түбінде өсіп тұр

Халық даналығы

Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай - ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз. Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктер де жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл-күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады. Сондай-ақ біздің бау- бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы. І. Негізігі бөлім.Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті»Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті»

а) Жолжелкен өсімдігіне сипаттама

Жолжелкен (Psyllіostachys) - қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар. Олардың биіктігі 5 - 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 - 4-тен масақ гүлшоғырына топталған.

Жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатың жолжелкен (Подорожник большой) - көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 - 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады. Мамырдан бастап тамызға дейін гүлдейді. Жемістері шілдеден күзге дейін піседі. Батпақты, сазды жерлерде көп өседі. Республикамыздың барлық өңіріне кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады. Қазақстанда жолжелкенің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі үлкен жолжелкен. Жолжелкен қазақстанның барлық жерінде өседі. Негізінен орманның жол жиектерінде, шалғынды алқаптарда кездеседі.Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған. Жолжелкеннің халық медецинасында жапырақтарын дене сыртындағы аққан қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады. Ол үшін кептірілген және ұнтақталған жапырақтың ұнтағын жараланған жерге қан біржола тоқтағанға дейін себеді. Жуылған жас жапырағын жараға, ірінді ісікке, шиқанға сорғыш дәрі ретінде жапсырады. Сол сияқты жапырақтарынан сығылып алынған шырынын жәндіктер шаққан жерге және іріңді жараға жағады. Жолжелкен тамырын іштің қан аралас өтуіне қарсы, қан қақырғанда қайнатпа түрінде, ал ұрығын дизентерия мен іш өткенде пайдаланады. Жолжелкен шырыны қарын бездерінің секрециясын күшейтеді. Жолжелкен ұнтағына фармакологиялық сынақ жүргізген кезде ол туберкулезді, қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Жолжелкеннің кептірелген жапырақтары мен сабағынан жасалған сығындысы терінің барлық қабатын регенерациялауға көмек береді. Жолжелкенді кәдімгі ақбас жусанмен, адыраспанмен, шайқураймен қосып, ас қорыту органдарының ауруларына: қарын (әлсіздігінде), асқазан шырынының жеткіліксіздігіне, асқазан қыжылдағанға, жүрек айнығанға қарсы қолданылады.

















ә) Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол болғандықтан, одан жасалынған дәріні көптеген ауру түрлеріне қолданады. Мәселен ол адамның тәбетін ашып, қандағыгемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, өқан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды. Ал тұқымның қайнатпасын қант диабетіне, дизентерия және іш өткенге ішеді. Ертеде қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп ұнтақтап, жараның аузына сеуіп қанынын тоқтатқан. Жас жапырағын түйіп жасаған қоймалжың сөлін улы жәндіктер шаққанда беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып кетірген. Жарақаттанған малдарында осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері илеуге пайдаланған. Жолжелкен гүлдеген кезде тамырын қазып алып жуып, салқын жайда кептіріп ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын жарты литр араққа салып, 10 күн қараңғы жерде ұстап ашытады. Сонан соң сүзіп, шыны ыдысқа салып салқын жерде сақтайды. Дәрі даяр болады. Мұны асқазан мен ішегінде жарасы бар адамдар күніне (ас алдынан бір сағат бұрын) бір ас қасықтан 3 мезгіл 2 ай ішсе, науқасынан айығып кетеді. Ал оның жапырағын кептіріп ұнтақтап, бір ас қасығын жарты литр қайнаған суға салып шай тәрізді демдейді.Бір күнен кейін үстіне бір шай қасық анис тұнбасын құйып, күніне 30 грамнан үш рет бозөкпе, созылмалы бронхит ауруларына ұшырағанда береді.





Ем болатын аурулары: Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие. Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді( кептірілгенінен 9 грамм) қайнатып, күніне екі рет ішеді.

Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны суға қайнатып ішеді.

Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып ішеді. Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына 90 грамм жолжелкеннің жас шөбін суға қайнатып немесе 9 грамм жолжелкен тұқымын сарғайғанша қуырып, талқандап, қайнаған күріш суына қосып ішеді.

Жас жолжелкен шөбін жаншып, асқынған сыздауық, шиқанға тартады



Жолжелкен өсімдігінен жасалатын дәрілер

Жолжелкен(подорожник) Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті»

Кешенді емдеуде профилактикалық зат ретінде қолдану көрсеткіштері: Қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын және жазатын зат ретінде асақазан- ішек ауруларына (қышқылы төмен гастриттер, колиттер, энтероколиттер, диарея) қолданады. Қақырықты түсіретін зат ретінде жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларында қолданады. Қақырықты сұйылтып, оның сыртқа шығуын жеңілдетеді. Қан тоқтататын және микробқа қарсы әсері бар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар:Өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.

Дайындау тәсілі: 10г (2ас қасық) шикізаты эмальды салып 200мл (1 стакан) ыстық қайнап тұрған су құяды, қақпағын жауып қайнатып тұрған суда (су моншасында) 30мин. Қыздырады, бөлме температурасында 10 мин. Салқындатады, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұндырманың көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге жеткізеді. Тұндырманы салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды.




б) Шөптерден дәрі жасау жолдары Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті» Мәтжанова Жұмахан әже (90 жаста) Мен шөптерден дәрі жасауды бала кезімде өз әжемнен үйрендім. Бала кезімде әжем бізді шөп теруге қасына ертіп жүретін.Ол кезде ол шөптердің қандай мақсатта жинайтынын және неге қолданатынын білмеуші едім. Бізді бала кезде жолжелкен шөбінің тұнбасын қайнатып сок деп ішкізуші еді. Өсе келе ол шөптің емдік қасиеті бар екендігін байқадым. Шөптерді қалай қайнатып, тұнба жасайтынын көріп, білгім келіп қызыға бастадым. Әжемнің қасында жүріп, көп шөптердің дәрілік қасиеттерін біле бастадым. Бері келе өзім де әжемнің дайындаған құрамы бойынша дәрі жасаудың жолдарын үйрене бастадым. Қандай ауруларға ем екенін сұрап қызыға бастадым.Қазіргі таңда Қаракеткен ауылының тұрғынымын. Бұл жолжелкен шөбін мен мектептің жанынынан жинап кептіремін. Оның тұқымы, жапырағы және тамырының да өзіндік емдік қасиеттері бар. Мен өз тәжірибемнен айтар болсам жапырағын кез -келген жараға яғни бір жеріңді жырып кетсе болмаса шеге кіріп кеткен жағдайда жолжелкен шөбінің жапырағын сол жерге таңса жараны тез емдеп жазады.Ал тұқымын қайнатып тұнбасын ішсе ішектің қабынуына және қанды қоюлтатын қасиетке ие. Бірақ көбіне үлкен кісілерге жалғыз өзін қайнатып ішуге болмайды .Өйткені үлкен адамдарда қан құрамы қою болғандықтан басқа шөп қосындыларымен бірге ішу керек.Мен өз тәжірибемнен басқа кісілергеде осы қоспаны ұсынып, дәрі ішпей -ақ шөптердің емдік қасиеті арқылы да денсаулығының жақсаратындығын айтар едім.

Тақырыбы: «Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті» б) Қымбат апайдың өзіндік қолданатын ем-домы

Қазақстанда емдік қасиеті бар көптеген шөптер өседі. Халық даналығында айтылғандай «Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңның түбінде өсіп тұр» - демекші біздің аймақта өсетін шөптердің өзіндік емдік қасиеттері бар. Ол үшін кітапты көп оқып, білімді болу қажет. Мен бала кезімнен кітап, газет- журналды көп оқитынмын. Қазіргі таңда өсімдіктер, түрлі дәрілік шөптерді жинап, кептіріп, дәрі жасаушылардың саны азайып кеткен. Барлық шөптердің өзіндік емдік қасиеттері бар. Мен өз тәжірибемнен айтар болсам: бір жылдары қолыма күбіртке шығып, қатты қиналдым сол кезде кітаптан оқыған жолжелкеннің емдік қасиеті есіме түсіп, үй іргесіндегі бақшалықта өсіп тұрған жолжелкеннің жапырағын алып, жуып, тазалап, жараға таңдым. Сол кезде таң қалғаным, тіптіқолымдағы жараның орны да қалмай жазылып кетті. Сонымен бірге мал шаруашылығымен айналыспайтын қазақ кем де кем шығар. Қорадағы 5-6 ірі-қараны шілдеде жайылымға бағып кеткен немеремнің ыстығы көтеріліп, басы ауырды. Жолжелкеннің үлкен жапырақтарын сайлап алып, күнделікті өмірде қолданатын сиырдың қатығын жолжелкеннің жапырағына жағып, басына таңып, шыт орамалмен таңып тастадым. Арада 15-20 минуттан соң баламның қызуы түсіп, беті бері қарады. Содан бері мен балаларыма да, өзіме де ешқашан дәрі қолданған емеспін. Ауырсам, кітап беттерінен және оңтүстіктен шығатын «Емші» газетін пайдаланып, көрген, оқыған білімімнің арқасында емдік шөптердің тұнбасын пайдаланамын.
III. Қорытынды

Зерттеу жұмысын орындау барысында Қазақстан өңірінде кездесетін дәрілік өсімдік жолжелкенді жинап, анықтап, олардың өсу ортасымен танысып, сипаттама берілді; оңтүстік өңірінде жиі кездесетін дәрілік өсімдіктердің тізімін жасауға талпыныс жасалды; Жолжелкен өсімдігін пайдалану жолына қарай жіктеп және түрлі өсу ортасынан жиналған өсімдіктерге сипаттама берілді. Сонымен бірге: Дәрілік өсімдік жолжелкеннің емдік қасиеті туралы анықталды. Оның ішінде кең таралған тұқымдастарға үлкен жолжелкен жатады; Зерттеу жұмысын қорыта келгенде біз қойылған гипотеза дәлелденді деп айтуға болады, себебі; көптеген өсімдіктердің дәрілік қасиеті болғанымен адамдар үнемі оларды пайдалана бермейді. Адамзатқа табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктердің саны азаймау үшін оларды күтіп-баптап, химикаты көп қазақстаннан және шет мемлекеттерде шығарылып тасымалданатын, күнделікті көгілдір экранда жарнамаланып жатқан дәрілерді қолданғанша, халықтық медицинаға сүйеніп, емдік қасиетке толы шөптер тұнбасын қолданса екен дегім келеді.


Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы

орта мектебінің 3-сынып оқушысы

Хусайн Тоғжанның «Жолжелкен

өсімдігінің емдік қасиеті» тақырыбын-

дағы ғылыми жоба жұмысына

Пікір


Оқушы Хусайн Тоғжан бұл жұмысында қазақстанда өсетін өсімдіктер туралы, соның ішінде оңтүстік өңірінде көп кездесетін емдік шөптердің бірі - жолжелкеннің қасиетін жан-жақты талқыға салған. Қазақстандағы емдік қасиеті бар өсімдікке тек қызығып қана қоймай, оның маңызына терең үңіліп, қандай ауруларға ем екендігін ашып қана қоймай, нақты деректер негізінде зерттей білген. Оқушы бұл жұмыста көп ізденіп, тың ойларды жеткізе білген.

Бастауыш сынып мұғалімі: Акимбаева Айкумус








Менің ұсынысым:


  1. Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті болғандықтан күтіп-баптау қолға алынса.


  1. Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиетін кейінгі жас ұрпақ білу мақсатында дүниетану бағдарламасына енгізілсе.










Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Қазақстанда кездесетін пайдалы емдік қасиеттер» Қажымұратов М. «Қайнар» баспасы, Алматы- 1975ж


  1. «Жасыл аптека» Л. К. Сафина Е.П. Петров Алматы Қайнар 1992ж

3.«Мен- емшімін» Саийд Юлдаш әлі Құрайыш қажы

Шымкент 2008ж

4.Қазақстанның өсімдіктер әлемі Алматы кітап 2008 ж

5. Стрижев А.Н. Лесные травы. 1979

6. Интернет материалдары.











© 2010-2022