Маймыл мен көзілдірік 3-сынып әдебиеттік оқуынан сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: әдебиеттік оқу

Күні: 23.01.

Сабақтың тақырыбы: Маймыл мен көзілдірік. Ахмет Байтұрсынов
Сабақтың мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығымен таныстыру

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: иысалмен таныса отырып, мысал жанрымен танысып, оның мәнін ұғынуға тырысады, мысалда келеке етілетін жағымсыз, күлкілі әрекеттерді сынайды, байқайды, бұл шығармаларды жазатын адамды мысалшы дейтінін, мысалдың басқа жанрлардан басты ерекшелігін ұғынады.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: мысалды оқу арқылы мәнерлі оқу дағдысы, мәнін түсіну арқылы негізгі идеяны алып шығуы, қорытынды ойды мысалдан іздеп табу, маймылдың сөзін тауып оқу сияқты әрекеттер орындау арқылы автор мен кейіпкер сөздерін ажырата алады

Тұлғалық нәтиже: мысал мазмұны мен идеясы арқылы баланың ашуланшақтықтан, ақымақтықтан аулақ болуға, әрдайым ақылды серік ете білуге, пайдалы затты орнымен қолдануға, надан болмауға тырысуға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест, қайталау, хат жазу, оқулықпен жұмыс, топтастыру
Көрнекілігі: портрет, сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Менің атым Қожа » мазмұндау

Сұрақтарға жауап беру.

Өткенді пысықтау.

Сөзжұмбақ шешу.

Жаңа сабақ.

Ахмет Байтұрсынұлы туралы мәліметті оқи отырып, топтастыру орындайды.

Мысал жанрының теориялық мәліметімен танысамыз. Дәптерге жазып аламыз.

Мысал - аң, хайуанат, заттарды кейіпкер етіп, солардың әрекеті арқылы адам бойындағы мін, кемшілікті келеке етеді. Ал жақсы мінез-қылықтарды үлгі етіп көрсетеді.

Мысал кейіпкерлері күлкі тудырады. Бірақ бізге кейіпкерлердің өздері емес, олардың ақымақтық, өзімшілдік, қызғаншақтық, тағы басқа әрекеттері күлкілі.

Мысал өсиет, ақыл айтуға құрылады. Бұл шығармаларды жазатын адамды мысалшы дейді.

Жұмбақ шешу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мысалды іштей оқыту.

Мысалды шумақтап оқи отырып, мағынасын ашып талдау.

Сөздік жұмысы. Мәжнүн - ессіз - ақылсыз

Тізбектей дауыстап оқыту.

Рөлге бөліп оқыту.

  • Қартая келе маймыл қандай қиындыққа кездесті?

  • Осы мәселеге байланысты қандай сөз естіді?

  • Маймыл неше көзілдірік тапты?

  • Табылған көзілдіріктермен не істеді?

  • Адамға көзілдірік жараса да, маймылға көзілдірік неге ем болмады?

  • Маймылдың сөздерін тауып оқы.

  • Дегенмен, маймылды қорғап сөйлейтіндей мысал ішінен бірер сөз ізде, қайталап оқы.

  • Көзілдіріктен пайда болмаған соң маймылдың әрекеті қандай болды?

  • Көзілдірікті тасқа ұрудың себебі не?

  • Жарымдық деген сөзді қалай түсінесің?мысалдың қорытынды ойы қайсы?

  • Ахмет Байтұрсынұлының тағы қандай аударма мысалын білесің?

  • Құмысрқа, Шегрітке туралы мысалдың мазмұнын айтып бере аласың ба?

  • Хат жазудың ережелері қандай?

Ойтолғау. Дәптермен жұмыс.

Мысалдағы оқиғадан шығатын қорытынды ойды оқып, Маймылға хат жаз.

Мысал тақырыбына сай боямақ бояйды.

Сабақты қорытындылау.

  • Мен бүгінгі сабақтан білдім, түйдім, білгім келеді.

Үй тапсырмасы: (19-20 бет) түсініп, мәнерлі оқу. Сұрақтар даярлайды.

Бағалау



© 2010-2022