Дүниетану сабағы Тіл. Мұрын. Тері

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы. Тіл, мұрын, тері

Мақсаты. Оқушыларды тіл, мұрын, терінің атқара -

тын қызметімен және маңызымен таныс-

тыру.

Оқушылардың адамның сезім мүшелері

туралы білімдерін кеңейту, тереңдету,

ойын, тілін дамыту. Тіл туралы білім-

дерін қазақ тілі пәнімен және ана тілі-

мен байланыстыруын қамту

Оқушыларды тілін, мұрнын, терілерін за-

қымданудан сақтауға, терілерін таза

ұстауға тәрбиелеу

Көрнекілік. Кесте, тірек сызба, лупа

Сабақтың түрі. Жаңа сабақ

Әдісі. Сұрақ-жауап, тірек сызба,ойын.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Дұрыс отыруларына көңіл аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

1 Жұмбақ Сөз ұққыш-

Қос тұтқыш-

Құлақ

2 Құлақ туралы білгендерін айту.

Құлақ адамның қандай мүшесі?

  1. "Дыбыстан таны" ойыны

Бір баланың көзін байлаймын. Басқа оқушылар әр

түрлі дыбыс шығарады. Көзі байлаулы бала оларды

дыбысы бойынша анықтайды

Мысалы. Ит, қасқыр, мысық, көкек, торғай қандай дыбыс шығаратынын көрсетеді.

Сабақтың тақырыбын хабарлау.

Біз қандай сезім мүшелерімен таныстық?

-Көз, Құлақ.

-Көз не үшін керек?

- Құлақ не үшін керек?

Ал енді бүгін басқа сезім мүшелерімен танысамыз

Ол үшін мына жұмбақтардың шешуін табыңдар.

Жұмбақтар.

  1. Үңгір түбінде жалбырап,

Өсіп тұр жалғыз жапырақ.

(Тіл)

  1. Алқапта бар биік тау,

Алды тік жар қиық тау,

Қос үңгірі желдетіп,

Ауа жұтар селдетіп.

(Мұрын)

Сонда бүгін біз қандай сезім мүшелерімен танысамыз?

-Тіл, мұрын, тері

Жаңа сабақ.

  1. Түсіндіру.

-Қалай ойлайсыңдар? Мұрын адамға не үшін керек?

Мұрын иіскеу және тыныс алу мүшесі Көзін жауып

оқушыға алманы, мандаринді, сарымсақты, нанды

иіскетемін Ол осы заттардың иісін иіскеп не екенін

айтады.

  • Мұрын тағы қандай қызмет атқарады? -Тыныс алу

  • Қане мұрындарыңды жабыңдаршы. Енді ашыңдар.

Не болды?

- Адам жақсы тыныс алу үшін не істеу керек.

Тіл не үшін керек? - Дәм сезу үшін.

- Кәмпиттің дәмі қандай? -Тұздың ше?

- Алманың ше? - Сарымсақтың ше?

(кәмпит, алма, сарымсақ, тұз)

Оларды не арқылы сездіңдер?

Біз тері арқылы да сеземіз. Ол суықты, ыстықты, жы-

лыны жұмсақ пен қаттыны сезеді. Тіл арқылы да

ыстық суық, жылы, жұмсақ, қаттыны айыруға болады.Дүниетану сабағы Тіл. Мұрын. Тері.

Тіл дәмді ыстық

сезеді жылы Тері

Суық

қатты

жұмсақ

Көз бен терінің ұқсастығы мен айырмашылы

Көз Тері

түрі заты

түсі пішіні салмағы

кеңістіктегі мөлшері күйі

орны температурасы

Тіл- адам қоғамының ең басты қатынас құралы, тілдің

жан иелері ішінде тек адам баласына ғана тән оның

айырылмас серігі

Мақалмен жұмыс

1 Басқа пәле тілден

2 Жақсы сөз- жарым ырыс.

3 Өнер алды- қызыл тіл

4 Сөз сүйектен өтеді.

5 Сөзге тоқтау- билер билігі

Осы мақалдардың мағынасын түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс. 108 б.- 109 б. Оқу.

Қорытынды. Адамның сезім мүшелерін ата.

(топтастыру)

Адамның сезім мүшелері

I I I I I

Көз құлақ мұрын тіл тері

Үйге. 108 б.-109 б. Оқу, мазмұнын айту.

Тілдің, мұрынның суретін салу.
























































© 2010-2022