Ана саған табынам

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: ____________________________________ Күні: ____________

«Ана саған табынам»


Мұғалім:

Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бір адамға берсе ана мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Ана десем шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар жаңа әні.

Ана деген тіршілікте пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Мұғалім: Құрметті әжелер, асыл аналар, қыз-қызғалдақтар, қадірлі ұстаздар сіздерді 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. 8 - наурыз - тамаша мереке, көктем мерекесі, табиғаттың оянатын мезгілі. Бұл күні ең жылы сезімдер - қайырымдылық пен кішіпейілділік, үміт пен сенім, махаббат пен адалдық бірігеді. Осы тамаша күнге орай ұйымдастырылған «Ана саған табынам» атты салтанатымызға қош келдіңіздер!

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі кешіміздің қонақтары асыл аналарымыз бен әжелерімізге құрмет көрсету - әрбір перзенттің парызы. Аналарымыз бен әжелеріміздің жүздерінен шаттық пен күлкі кетпесін.

Мұғалім:

Ақ анашым, апашым,

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге,

Бар баланың тақпағы.

(Балалардың тақпағы айтылады).

1.Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз -
Адамның
Анаға айтар лебізі.

2.Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай.

3.Үмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме
Ертеңіңіз тұр күліп.

4.Жүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.

5.Кір түсірмей жағама,
Шашымды да тарайсың.
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.

Мұғалім:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,

Қол соғып қарсы алайық «Жорға биін».

Би: «Қара жорға»

Мұғалім:

Бізді өсірген, анашым,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын, анашым,

Құтты болсын мерекең!

6.Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

7.Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

8.Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.

9.Анам менің панам ғой
Содан қорған табам ғой
Асықпа анам ертең ақ
Отын болып жанам ғой.

10.Анам менің асыл жан
Құшағы нұр шашылған
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.

Мұғалім: Сүлеймен Жанельдің орындауында «Ертегілер әлемі» әнін қабыл алыңыздар.

Би: «Зонтик»

Мұғалім: Бізге жарық өмір сыйлаған, бізді дүниеге әкелген анамыз бен әкеміз болса, сол ананың анасы, әкенің анасы бізге әже болады. Қариясы бар үйдің қазынасы бар деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді де құттықтаймыз.

11.Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

12.Аман бол деп балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегімде баулыған
Тілегім де мархабат
Анамызға мың алғыс!


13.Ана өмірдің ұуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дайым тыныштықты тіледі.

14.Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.

15.Жылылықтан жаралған
Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар мекен

Мұғалім: «Гимнастика» биін қабыл адыңыздар..

Би: «Гимнастика»

Мұғалім: Наурыз келді, Ана жан серпіліңіз,

Шуақтанып, шаттанып желпініңіз.

Кеудеңізде керемет оттар жатыр,

Сізден жылу әлемін күткеніміз.

Мұғалім: Бекмұхаммед, Аружан, Бақдаулеттің орындауында «Көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар.

16.Апатайым, анашым,
Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің
Гүлі де сен әр үйдің.

17.Айтсаң болды тіл алам
Әйбат мамам, ай мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қашанда.

18.Бар ана туған жердің гүлі дер ем,
Анажан, қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау туындай ақылың бар.
Сен барда менің әрбір күнім өлең.


19.Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым

20. Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана.
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

21. Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам.

Мұғалім: Балаларыңыздың орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Бала тілегі»

Мұғалім:

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүз жасап,

Ауырмашы анашым.

Біздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасады. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Би: «Вальс»

Мұғалім: Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі - аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық!
Құрметті аналар, әжелер мерекелеріңіз мерекеге ұлассын. Білімді де сүйкімді, өнерлі де сымбатты қыздарыңыз бен ұлдарыңыздың қуанышына тоймай, ұзақ өмір сүріңіздер!

© 2010-2022