Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі (1 сынып)Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі (1 сынып)Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі

Бекітемін

Күні:

Пәні: Сауат ашу

Сыныбы: 1 «б»сынып

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Әә дыбысы мен әріп таңбасын меңгерту. Әә дыбысын сөз ішінде тауып, дұрыс оқуға, сөздерге дыбыстың талдау жасауға үйрету. Тұтас сөзді, мәтінді оқуға төселдіру.

Дамытушылық: Жеке сөздерді оқуға, сөйлемдерді тез әрі дұрыс оқуға дағдыландыру. Оқушылардың ақыл - ойын, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын жетілдіруге ықпал жасау.

Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, өзгенің еңбегін бағалай білуге, сауаттылыққа, көркем жазуға, әсемдікке баулу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру. Көрнекілігі: аңдар суреті,қима әріптер,интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.(1 - слайд) Психологиялық дайындық.

  • Қазір қай сабақ?(Әліппе)
  • Сиқырлы тақтаның көмегімен сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (2 - слайд) Дыбыстық талдау: Із,ін, тіс, бірлік, білім, кіші, тіл, кітап, ірімшік.
  • Балалар,сендер мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
  • Түлкіні.(3 - слайд)
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі (1 сынып)
  • Бұл түлкі бүгін сендерден көмек сұрап келіп тұр.
  • Қу түлкі ормандағы барлық аңдарды алдап кеткен екен, үйіне бпрайын десе барлық аңдар жолына тұрып алыпты.
  • Балалар түлкіге көмектесейік.
  • Ол үшін мына жолда тұрған аңдардың тапсырмаларын орындайық. (4 - слайд)
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі (1 сынып) ІІІ. Өткен сабаққа шолу: Аң патшасы арыстанның тапсырмасы. (5 - слайд)
  • Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
  • Өткен әріптерге байланысты сөздер айту.
  • «Сөз ойла» ойыны.
Қорбаңбай аюдың тапсырмасы. (6 - слайд)
  • Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? (і әрпі)
  • І әрпі қандай дыбыс? (дауысты,жіңішке)
IV. Жаңа сабақ: Қасқырдың тапсырмасы:(7 - слайд)
  • Таныстырар әріппен
Мынау кітап -Әліппең. «Әліппең» беген аты оның Басталған қай әріптен?(ә әрпі)
  • Қане ,бәріміз бірге айтайықшы.
  • Ә дегенде не естіліп тұр?(дыбыс)
Қорқақ қоянның тапсырмасы: (8 - слайд)
  • «Кім тапқыр?» ойыны.
  • Бұрап қойған сағаттай ,айқайлайды тай атпай.(әтеш)
  • Кім айтады әтеш қалай шақырады?
  • Біздің сыныпта есімдері Ә әрпінен басталатын оқушылар бар ма?
  • Әлішер
  • Қанекей балалар, қоянның тапсырмасын пайдаланып, Әә әрпінің баспа және жазба түрімен танысып, ауада жазып көрейік. (9 - слайд)

Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі (1 сынып)
Сергіту сәті: «Қара жорға» биіне билету. Пілдің тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс.(7-слайд) 1.Бағандағы сөздерді оқыту. 2. «Әже» мәтінін оқыту. - Балалар, ендеше біз Түлкінің үйіне тез жетуіне ешқандай кедергі болмас үшін тақтамен жұмыс жасай кетейік. Тақтамен жұмыс. (8 - слайд) Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі (1 сынып) Керіктің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс.(9 - слайд) Әә әрпінің элементтерін жазып, жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындау. Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық.
  • Жарайсыңдар,балалар!Біз жануарлардың тапсырмасын мүдірмей орындап, түлкінің үйіне жетуіне көмектесті.
V.Сабақты қорытындылау.(10 - слайд)
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі (1 сынып)
VІ. Үйге тапсырма: бағандағы сөздерді оқып келу, «Менің әжем» тақырыбына әңгіме құрастыру. VІІ.Оқушыларды бағалау.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№131 ОРТА МЕКТЕП



ТАҚЫРЫБЫ:

Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі (1 сынып)

Тереңөзек кенті, 2014ж

© 2010-2022