Екі бала

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабактың такырыбы: Екі бала. Иван Андреевич Крылов. Аударған А. Байтұрсынұлы

Сабақтың мақсаты:

1. Мысалмен таныстыру арқылы негізгі ойды, негізгі идеяны аныктай білуге мүмкіндік туғызу.

2. Топта жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыра отырып, сыни тұрғысынан ойлау, болған жайды жан-жакты бағалай білуге, баға бере білуге үйрету.

3. Достың қадірін түсінуге, қадір тұта білуге, жамандық пен жаксылықтың ара жігін ажырата білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер. Автордың және аудармашының портреттері мен кітаптары. Мысалдың мазмұнына ұқсас сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй жұмысын қорытындылау.

Психологиялық дайындық кезеңі. («Өзін-өзі тану» пәнінің элементтерін пайдалана отырып.)

Шаттық шеңберінде үй жұмысына қорытынды жасау арқылы «достық көмек, досыңа, жақынына әрқашан қол ұшыңды бере жүр» деп, бір-біріне жаксы тілек тілеп, жаңа сабаққа қадам басу.

I. Қызығушылықты ояту.

Дос дегенді калай түсінесің? «Топтастыру» арқылы жеке орындау. Кішігірім топтарға бірігу, жұпқа қосылып топ құрау. Топта талдау. Кішігірім топтың жетекшілерін тыңдау. Әр топқа өз жұмыстарын, дос туралы өздері білетін өлең шумақтарынан үзінді оқу немесе мақал-мәтелдер айтумен толықтыруын ұсыну. (Оқушылардың жұмыстары ілініп тұруы міндетті.)

Достар қандай болады? Өз достарыңмен қандай қарым-қатынастасың? Мысалы: адал доспыз, нағыз доспыз, мәңгілік доспыз, т.с.с. атау аркылы өздерінің атаулары бойынша топтарға бөліну.

II. Мағынаны тану.

а) Мысалды алдын ала үш бөлікке бөліп, топтарға беру. «Кубизм» стратегиясы арқылы әр топқа бөлімін ұсыну арқылы, сол бөлімнің негізіне құрылган сұрақты да ұсыну.

Әр топ өз жұмыстарының қорытындысын ауызша және жазбаша түрде сарапшыларға өткізеді.

Ал 4-топ міндетті түрде сарапшылар тобы болып қалмақ. Бұл топ мысалды толығымен оқиды. Себебі олар үш топ орындаған тапсырмаларының жауаптарын тыңдап, оқып, бағалайды.

ә) Топта жұмыс.

б) Топ жұмыстарын тыңдап, бағалау. Қажет жағдайда сөздік жұмысын жүргізу.

Сыныптан балалардың жіберген басты қателігі неде екенін сұрау.

Жеке жұмыс.

Жұпта талқылау.

Топпен шешім шығару.

«Венн диаграммасына» салу арқылы Федя мен Сеняға сипаттама беру

Сыныппен орындау.

Балалардың бастапқы жұмыстарына қайта оралу.

- Дос дегенді калай түсінесің?

- Бұл жұмысқа тағы не қосар едің?

- Досты тағы кандай касиеттеріне қарап таңдар едің? Жалпы, досты таңдаған дұрыс па? Неліктен?

III. Ойтолғау.

- Жағдайды жан-жақта қарастырып көрелік. Ой қозғау. РАФТ стратегиясы бойынша.

- Бұл болған жағдайды кімдер жазуы мүмкін? Өздеріне рол таңдауды ұсыну.

- Хаттарын кімдерге арнар еді? (Формасы) Аудиторияларын таңдау. (Аудиториясы)

Такырыбы: «Адалдық», «Шыншылдық», «Өтірік айтпау», «Алдамау», т.б. тақырыптарды таңдауды ұсыну. (Тақырыбы)

Жеке жұмыс. Жұптарымен жұмыстарын алмасу. Жұпта талдау. «Автор орындығында» оқу.

- Кімнің атынан жазған оңай екен? Өз атыңнан жазған ба, әлде басқаның атынан жазған ба? Неге?

- Бұл мысалдан өз өмірлеріңе қандай сабақ алдыңдар? Қорытынды жасау.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

«Менің досым» тақырыбына шығарма жазып келу. Бүгінгі сабақтан түйген ойларын да қосу.



© 2010-2022