Фигуралар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты:5-6 жастағы балалардың пішіндер туралы білімдерін дамыту, пішіндерді бір-бірінен ажыратуға үйрету, жинақтау, топтастыру, даралау, өздеріне таныс заттарды пішіндер арқылы құрастыру. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын молайту.

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші: Балалар сендер өздеріңді таныстыруға дайынсындар ма?

Балалар: Дайынбыз. 1) Мен ақылдымын ; 2) Мен мейірімдімін; 3) Мен әдемімін; 4) Мен әдептімін, т.б.

Тәрбиеші: Сендер әдемі, мейірімді де ақылды балаларсыңдар. Балалар, сендер «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келеді ме? (Иә) Ендеше, қазір біз поезға мінеміз. Поезд неге ұқсайды? Қандай пішіндерден тұрады? (үлгі көрсетіледі) (Балалар: үлгі бойынша поезд бөлшектерін ажыратып пішіндерін атайды.)

Енді, барлығымыз поезға отырайық. (музыка әуенімен балалар «сиқырлы пішіндер әлемін» аралайды) Ой, балалар қараңдаршы, бұл не? (Бұл - aққала.) Аққала қандай пішіндерден тұрады екен? (Дөңгелек.) Балалар, ал мынау не? (Бұл - кеме.) Ал кеме қандай пішінге ұқсайды? (Ол сопақшаға ұқсайды.) Дұрыс айтасыңдар балалар, ал мынау ше? (Бұл - үйшік.) Үйшіктің төбесі (шатыр) қандай пішінге ұқсайды? (Үшбұрышқа.)

Өте жақсы балалар, сендерге сиқырлы пішіндер әлемі ұнады ма? (Ия, ұнады.) Ендеше барлығымыз орнымызға отырайық. (сол сәтте есік қағылады, топқа пішіндерден құралған көйлегі бар, басына үшбұрыш белгісі бар тәж киген математика елінің ханшайымы кіреді.)

Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар: ж-о-о-о-қ.

Ханшайым: мен математика елінің ханшайымымын! Сендердің ақылды, әдемі де, алғыр екендеріңді көруге келдім. Мен, бос келмедім балалар, сендерге ойын ала келдім.

Дидактикалық ойын: «Пішіндердің бөлігін тап!»

Шарты: екі қорапшаға бөлінген пішіндер бөліктерінен пішіндерді құрастыру. Бір қорапша жерде жатады, ойынға қатысушы бала екінші қорапшаны лақтырады. Қорапшадан түскен пішіннің бөлігін, бірінші қорапшадан тауып құрастыру керек.

Тәрбиеші: Ханшайым, жайғасыңыз! Біздің балалардың ақылдылығын, алғырлығын бақылаңыз.

Санамақ:

Дәулет: Бір дегенім - бесік,

Шықтым одан өсіп.

Екі дегенім - елім,

Далам, тауым, көгім.

Данияр: Үш дегенім - үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім - төзім,

Төзе білем өзім.

Ердан: Бес дегенім - бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Тәрбиеші: Балалар енді орнымыздан тұрып серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Балалардың тақпақтары:

Аққу: Пішіндерді үйрендім,

Қабырғасы тік сайлы.

Үшбұрыш - бұл үйлерің,

Шатырына ұқсайды.

Томирис: Бөлініп ап екіге,

Отырған сәт шетіне

Төртбұрышты ұқсаттым,

Парталардың бетіне.

Тәрбиеші: Жақсы балалар, сендер сиқырлы пішіндердің түрлерін ажыратып, төртбұрыш, үшбұрыш, шеңберге байланысты тақпақтарыңды айттыңдар. Менің қолымда төртбұрыш пішіні бар, бұл пішінді домалатсам домаламайды. Неліктен домаламайды екен?

Балалар: Себебі, оның бұрыштары бар.

Тәрбиеші: Дұрыс айттыңдар, ендеше бұның неше бұрышы бар екен?

Балалар: Төрт бұрышы.

Тәрбиеші: Ал, мына пішіннің ше?

Балалар: Үш бұрышы бар.

Тәрбиеші: Дұрыс, сондықтан да бұл пішінді үшбұрыш деп атайды. Бұл пішінді де, үстелдің үстіне койып домалатсақ домаламайды, өйткенін бұның да бұрыштары кедергі жасайды.

Ал, мына дөңгелек шеңберді домалатсақ домалайды ма?

Балалар: иә, дөңгелек домалайды.

Тәрбиеші: Дұрыс, дөңгелектің беті тегіс, бұрыштары жоқ. Сондықтан да, ол домалайды.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы пішіндер сыры!»

Шарты: алдын-ала дайындалған пішіндерден балалар өздеріне таныс заттарды үлгі бойынша құрастырады. Балалар аққала, гүл, балық, қоян, киіз үй құрастырады.

Қорытынды бөлім:

Ханшайым: Ал енді, балалар менің де қайтатын уақытым таяды. Ақылды, тапқыр, алғыр екендеріңе риза болдым. Қош болыңдар! (Ханшайым топтан шығып кетеді)

Тәрбиеші балалардың құрастырған заттарын бағалап, мадақтайды.


© 2010-2022