Ана тілі пәнінен тест тапсырмалары

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АНА ТІЛІ

Тест

1.Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген кім?

А) Ахмет Байтұрсынұлы

Ә) Абай Құнанбаев

Б) Ыбырай Алтынсарин

В) Шоқан Уалиханов

2. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

А) Кел,балалар ,оқылық.

Ә) Бір аллаға сиынып

Б) Оқысаңыз ,балалар

В) Оқығанды көңілге

3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың»

сөзін басқаша қалай айтуға болады?

А)Қарызың.

Ә) Тәртібің

Б) Білімің

В)Қылығың

4.Өлең жазатын адамды қалай атайды?

А)Жыршы

Ә)Суретші

Б)Әнші

В)Ақын

5.Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім?

А) Ахмет Байтұрсынұлы

Ә) Абай Құнанбаев

Б) Ыбырай Алтынсарин

В) Шоқан Уалиханов

6. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген?

А)Ілияс Жансүгіров

Ә) Абай Құнанбаев

Б) Ахмет Байтұрсынұлы

В)Жүсіпбек Аймауытов

7.Қартқожа қай жазушының кейіпкері?

А) Ыбырай Алтынсарин

Ә) Ахмет Байтұрсынұлы

Б) Ілияс Жансүгіров

В) Жүсіпбек Аймауытов

8.Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уалиханов туралы жазған кім?

А) Ыбырай Алтынсарин

Ә) Жүсіпбек Аймауытов

Б )Сапарғали Бегалин

В) Ахмет Байтұрсынұлы

9.Абайдың нақыл сөзін аяқта

«Адам баласының ең жаманы-...»

А)Білімсіз

Ә)Ақылсыз

Б)Әдепсіз

В)Талапсыз

10.Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.

А)Өсек,өтірік,талап, еңбек,білім.

Ә) Өсек,өтірік,қанағат,ұрлық,бірлік.

Б) Өсек,өтірікмақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ.

В) Өсек,өтірік,ұрлық,салақтық,әдепсіздік.

АНА ТІЛІ

Тест 1. «Көзі моншақтай, Өзі жұп-жұмыр Құйрығы шашақтай Ерні жып-жымыр»

деген жолдарда қай төл туралы айтылған?

А)Лақ Б)Қозы

Ә) Бұзау В)Құлын

2. Қойдың төлі қалай аталады?

А)Лақ Б)Қозы

Ә) Бұзау В)Құлын

3. «Мүйізі айдай иілген

Мұрнын көкке шүйірген» не?

А) Жылқы Б)Түйе

Ә)Сиыр В) Қой

4. «Маң-маң басқан,маң басқан,

Шудаларын шаң басқан» не?

А) Жылқы Б)Түйе

Ә)Сиыр В) Қой

5.Өмірде болған адам басындағы оқиғаға құрылған әңгіме қалай аталады?

А)Жұмбақ Б)Аңыз

Ә)Жаңылтпаш В) Мысал

6. «Еңбек байлыққа жеткізер» деген негізгі ойға құрылған ертегіні ата.

А)Қасқыр мен түлкі Б)Байлық пен ақыл

Ә)Аңқау арыстан В)Ұр,тоқпақ

7. Жан-жануарлар ,аңдар жөнінде әңгімеленген ертегіні ата.

А) Байлық пен ақыл Б) Ұр,тоқпақ

Ә) Аңқау арыстан В)Шибұт,Қылмойын,Қарынбас

8. Қиял-ғажайып ертегілері тобына жататын мәтінді ата.

А)Қасқыр мен түлкі Б)Байлық пен ақыл

Ә)Аңқау арыстан В)Ұр,тоқпақ

9. Шыншыл ертегілер тобына жататын мәтінді ата.

А)Қонжық пен көжек Б)Байлық пен ақыл

Ә)Аңқау арыстан В)Ұр,тоқпақ

10. «Жаңбыр жаумаса- жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

А) Қазыбек би Б)Төле би

Ә) Әйтеке би В) Халық

11. «Алтын ұяң- Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

А) Қазыбек би Б)Төле би

Ә) Әйтеке би В) Халық

12. «Бай болсаң ,халқыңа пайдаң тисін...» деп бата берген кім?

А) Қазыбек би Б)Төле би

Ә) Әйтеке би В) Халық




© 2010-2022