Мемлекеттік рәміздер

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан - жақты сарапқа салады, олар мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғынады, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін сезінеді.

2. Дамытушылық: Ой - өрісі, танымдық қабілеті, жеке дара тұлға ретінде дамиды.
3. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиеленеді.
Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал - мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
Ұғымталдыққа, ұйымшылдыққа, зейін қоя білуге, өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді.
Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
Көрнекілігі: компьютер, теледидар, суреттер, парақшалар, жалаушалар, стикерлер
Пән аралық байланыс: музыка, бейнелеу.
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: жеке, жұппен, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу.

Ақпараттық және көрнекі құралдар: компьютер, қоржын, асық.

Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңберіне» шақыру
Сәлем саған, күн нұры,
Сәлем саған , жер - ана.
Сәлем саған, достарым,
Сәлеметсіз бе, мұғалім!

Сәлеметсіз бе, қонақтар!

- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

Сыныпты 5топқа бөлу:

Ал, енді балалар қазір мен сендерді 5 топқа бөлемін.(қоржыннан асық алып, көрсетілген түске байланысты әр топқа бөлінеді)

Үй тапсырмасын тексеру

Көрсетілген түске байланысты әр топ сол сұрақтар бойынша жұмыс істейді

  • Қала мен ауылдың айырмашылығы қандай?

  • Қалалықтар мен ауылдықтар өз өнімдерін кімге арнап шығарады?

  • Қала үйі мен ауылдағы үйдің қандай айырмашылықтары бар?

  • Фермер қожалығы мен шағын кәсіпорын не шығарады?

  • Қалада және ауылда қандай салт-дәстүр сақталады?

  • Кәсіби мерекелерді ата.

  • Сақ патшасының қабірі қай жерден табылды? Онда нелер болды?

  • Ежелгі қалалар мен ескерткіштерді ата.

  • Қандай ежелгі құрылыстар Әлемдік құнды мұра тізіміне енгізілді?

  • Қазақстан қашан тәуелсіз мемлекетке айналды?

  • Егемен елдің қандай белгілері болуы керек?

  • Сен қандай құқықтарды пайдаланасың?

  • Қандай міндеттерді орындауың керек?

  • Мемлекетті кім басқарады?

  • Қазақстанның тұңғыш Президенті қашан сайланды?

  • Парламент пен Үкімет қандай жұмыстар атқарады?

Сергіту сәті

- Егер сіз мектепке қуана-қуана барсаңыз, оң қолыңызбен бұлғаңыз;

- Егер өз күшіңізге сенсеңіз, орныңызда секіріңіз;

- Егер өзіңізді патриот санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;

- Егер біздің мемлекетіміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз;

- Егер еліміздің болашағы сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, өолдарыңызды ұстаңыз.

Ой қозғау сатысы

Ал, енді оқушылар теледидарға назар аударамыз. Сендерге ребус берілген.Қане, барлығымыз мұқият ойланып, шешейік...

Елтаңба, Байрақ, Әнұран

Қызығушылықты ояту сатысы

Қазір біз «Мемлекеттік рәміздер» туралы оқимыз. Алдымен не білетіндеріңіз туралы ойланыңыздар (1 минут). Талқылау үшін өзіңізге жұп таңдап алыңыз. Сонан соң бес минут ішінде жұбыңызбен рәміздер туралы не білетініңіз туралы тізім жасаңыз. Мемлекеттік рәміздер туралы білетіндеріңізді көбірек жазғандарыңыз маңызды. Топта талқылайды.

Мағынаны тани білу сатысы

Оқулықтан «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбын оқу.

I - Рәміздегі бейнеленген күн, қыран,шаңырақ, уық , тұлпарлар нені білдіреді?

II - Мемлекеттік елтаңба туралы

III - Мемлекеттік ту туралы

IV - Мемлекеттік елтаңба туралы

V - Менің қиялымдағы рәміз (сурет салу)

Шет елден келген қонақтарға өз еліміздің рәмізімен таныстыру. Әр топ қорғайды.

Бағалау.

Үйге 141-143 бет қайталау, Отан туралы мақалдар жазу, білу.

Рефлексия. Үш суреттің біреуіне жүрекшені апарып жабыстырады.

Күн нұрын шашып тұр-сабақ ұнаса.

Бұлтты күн - сабақ көңілінен шықпаса.

Жаңбырлы күн - сабақ мүлде ұнамаса.

Сабағымызды «Көк тудың желбірегені» атты әнімен аяқтаймыз.









Мемлекеттік Елтаңба

  • Туда, мөрде, металл ақшада, мемлекеттік ғимараттарда

  • Республика Президентінің жұмыс бөлмесінде, Парламент мәжілістер өтетін залда

  • Орталық және мемлекеттік мекемелерде, Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің үйіне орнатады

  • Мемлекеттің шекарасындағы бағанаға салынады

Мемлекеттік Ту

  • Республика Президентінің сарайына

  • Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына

  • Ұлттық мерекелер кезінде

  • Әскери адамдар Отанға адал ант берген кезде

  • Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің ғимараттарына орнатылады

Мемлекеттік Әнұран

  • Жиналыстар мен мәжілістерде

  • Ескерткіштер орнатылғанда

  • Шет елдердің мемлекет басшыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда орындалады

  • Әнұранды міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды































Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздері
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан - жақты сарапқа салады, олар мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғынады, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін сезінеді.
2. Тәрбиелік: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиеленеді.
Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал - мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.
Ұғымталдыққа, ұйымшылдыққа, зейін қоя білуге, өз пікірін дәлелдей білуге үйренеді.
СТО - ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
3. Дамытушылық: Ой - өрісі, танымдық қабілеті, жеке дара тұлға ретінде дамиды.
Көрнекілігі: теледидар, суреттер, парақшалар.
Пән аралық байланыс: ән - әуез, бейнелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы. «Топтастыру» стратегиясы «Ой қозғау» стратегиясы «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы «Кубизм» стратегиясы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу, оқушыларды сабаққа даярлау.

2. Психологиялық дайындық..
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі. Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру
Әр топқа «Астана» мәтінін мазмұндату. Эссе оқу.
Қызығушылықты ояту
- Сонымен біздер қандай мемлекетте тұрып жатырмыз?
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Қай жылы Астананың мерей тойы аталды?
- Ендеше балалар бәріміз мына сөзжұмбаққа көңіл аударайық

«Ой қозғау» стратегиясы
Сөзжұмбақ шешу
«РӘМІЗДЕР»
1. Астанадағы биік мұнара
2. Юнеско Астанаға қандай қала атағын берді?
3. Қазақстанның жер асты байлығы..
4. Астана қаласындағы өзен..
5. Мағжанның алғашқы ұстазы..
6. Абайдың әжесі..
7. Қазақ даласының алғаш мектеп ашқан ағартушы..
8. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Мағынаны тану
- Қандай сөз шықты?
Ендеше бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Еліміздің мемлекеттік рәміздері»
- Рәміз дегенді қалай түсінесіңдер?
«Топтастыру» стратегиясы
ТОППЕН ЖҰМЫС
Әр топ интерактивті тақтаға шығып алдын - ала дайындалған суреттермен байланыстыра отырып жұмыстарын қорғайды.
СЛАЙД

І - топ жұмысын қорғайды
Ту - бірыңғай көгілдір түс. Бұл түс төбедегі ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз аспан бейбітшілік, тыныштық пен жақсылық нышаны Көк түс - қазақ халқының бірлік ынтымақ жолында адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн - тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн қозғалыс, даму, өсіп - өркендеудің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс - елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ - ұлттық оюлармен өрнектелген. Қазақстан Республикасы мемлекеті туының авторы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

Авторға сөз беру
Алдын - ала дайындалған автор сөзін диктафоннан тыңдату.
Жаңа ту қалай жасалды? Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің мерекесіне орай ұлттық нышанымыз - Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков былай деді: « Мемлекеттік туға арналған байқауға 600 - ден астам жоба түсті. Іріктеуден өткен ең соңғы 4 жоба комиссияның шешімімен Жоғарғы кеңестің талқысына ұсынылды. Байқаудың аяқталуына 3 күн қалғанда жаңа ту жобасын жасауға кірістім. Себебі, алдыңғы жасаған жобаларыма көңілім толмаған - ды. Сонымен, соңғы жасаған жоба жұртшылықтың көңілінен шығып, мемлекетіміздің төл туына айналды. Қазақстан туы халықаралық жиындармен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында көтерілген сайын мені « біздің қазақ халқының туы» деген мақтаныш сезім билейді..

ІІ - топ жұмысын қорғайды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
- Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (1996) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі - шаңырақ. Ол - Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - мемлекеттің түп негізі - отбасының негізі. Шаңырақ - Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ - киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар - дала дүлділі, ер - азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар - қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп - өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет - бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары - Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

«ЖАҢҒЫРЫҚ» ОЙЫНЫ «ПЫРАҚ»
«Пырақ» сөзін қайталап айту арқылы сөздік қорға қосу

ІІІ - топ жұмысын қорғайды.
Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілген. Екіншіден сол ата - бабалардан қалған асыл мұрамыз - жеріміздің кең - байтақтығы орын алған. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқан. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса көрсетілген.

1992 - жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының рәміздерін қабылдады
Кеше ғана Лондон жерінде өткен дүбірлі ойында Қазақстан мәртебесін отандас спортшыларымыз халқымыздың көбін рухтандырды Жат елде жалауы желбіреп, Әнұраны шарықтап Қазақстанның осал ел еместігін мойындатты

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС
Оқушылар сурет бойынша жұмыс жүргізеді.
Әнұран мәнерлеп оқу
Сергіту сәті «ЖАСА ҚАЗАҚСТАН!» әуеніне қимылды би
Дәптермен жұмыс
Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков
Шота - Аман Уалиханов
Әнұранның авторы: Жұмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Шәмші Қалдаяқов

ІҮ. Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды төрт топқа бөліп, сұрақтар қойылады)
«Кубизм» стратегиясы
•Зерттеуші: РӘМІЗДЕР ҚАНДАЙ МАҚСАТТА ЖАСАЛҒАН?
•Сөз тапқыш: Мәтін мазмұнына байланысты мақал - мәтел айтып, дәлелде.
•Сұрақ қоюшы: Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.
•Бейнелеуші: «Менің қиялымдағы рәміз» сурет салу.
Топ пікірі тыңдалады. Бүгінгі сабақта мен нені білдім? Сұрағы төңірегінде оқушы өз ойын айтады.

Үйге тапсырма.
Мазмұндау. «Менің елім» өлең құру. Авторларды жаттау.
Оқушы білімі бағаланады. Топты бағалау.
Өте жақсы, жақсы қанағаттанарлық
Жеке оқушыларды бағалау
Гимн айту.

3-сынып дүниетану пәні бойынша сабақ жоспары.

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіз елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамытады, әрбір бөлшегіндегі ұлттық белгілерді ұғынады, мемлекеттік
символиканың аса маңыздылығын анықтайды.

Күтілетін нәтиже: Мемлекеттік рәміздер жайлы толықтырған білімдеріне қорытынды жасайды. Өздігінен және уақыт үнемдей отыра, берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды. Өз деңгейлері бойынша жаттығулар, тапсырмалар орындайды. Ойларын ашық айта алады. Тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: жұппен, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар орындау, баяндау, түсінік беру (АҚТ).

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу, математика.

Ақпараттық және көрнекі құралдар: интерактивті тақта, компьютер, қоржын, асық, математикалық амалдар, бағалау парақтары, деңгейлік тапсырмалар, ватман, түрлі түсті маркерлер, стикерлер.

Кезеңдері

Тәсілі

Кететін уақыт өлшемі

Қойылатын сұрақтар

Күтілетін нәтиже

1

1. Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңберіне» шақыру
Сәлем саған күн нұры,
Сәлем саған жер - ана.
Сәлем саған достарым,
Сәлеметсіз бе мұғалім!
- Балалар бір - біріне жылы лебізді тілектер айтады.

2. Топқа бөлу (қима сөздер арқылы)

3. Сабақ мақсатымен таныстыру

Шаттық шеңбері

2 минут

сабаққа дайындық, қызығушылығын оятатын сұрақтар

жылы атмосфера ортату

2

Үй тапсырмасын тексеру

«Сиқырлы қоржын» ойыны. (қоржыннан асық алып, көсетілген сандарға байланысты әр топ сол сұрақтар бойынша жұмыс істейді)

ойын, сұрақ-жауап

7 минут

Сен қай елде тұрасың?

Қ Р қашан тәуелсіз мемлекет болды?

Мемлекеттік тіл қандай тіл?

Өткен тақырыптарды еске түсіру

3

Ой қозғау

Матемакикалық амалдар орындау арқылы жаңа тақырыпты ашу

топпен жұмыс

6 минут

математикалық амалдар

Жасырын сөз: Мемлекеттік рәміздер

жаңа ұғымға қызығушылығы артады

4

сергіту сәті Бейнеклиппен жаттығулар орындау

жаттығулар

1 минут

оқушылар сергіп қалады

5

Мәтінмен жұмыс

Шет елден келген қонақтарға өз елдерінің рәміздерін таныстыру

Постер құру

топпен жұмыс

жұппен, топпен жұмыс жасау

8 минут

8 минут

Мәтінді үш топқа бөлу, өздері мазмұнын оқу

ҚР Мемлекеттік Туы

ҚР Мемлекеттік елтаңбасы

ҚР Мемлекеттік Әнұраны

өз беттерімен мәтін мазмұнын түсінеді

Бірлесе жұмыс жасайды, ойын ашық айтады

6

Шығармашылық қабілеттерін дамыту:

1 деңгей «Менің қиялымдағы рәміз» сурет салу

2 деңгей Отан туралы мақал-мәтелдің жалғасын табу.

3 деңгей Жекелей сұрақтарға жауап беру

Деңгейлік тапсырмалар орындау

7 минут

өз деңгейлеріне байланысты жұмыс орындайды, сыни тұрғыдан ойланады

7

Үйге тапсырма

1 минут

Мәтінді оқу. Отан туралы мақал-мәтелдер тауып жазу

8

Рефлексия

жазу

3 минут

Білемін

Үйренгім келеді

Үйрендім

кері байланыс орнатылады

9

Бағалау

бағалау парақтары арқылы

2 минут

өзін бағалау







© 2010-2022