Өсімдіктің көбеюі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін: Күні: 12.02.2014жыл

Пәні: Дүниетану Сыныбы: 2 «А»

Тақырыбы: Өсімдіктің көбеюі

Мақсаты:

Білімділігі: Өсімдіктердің жер асты бөліктерін танытып,тамырсабақ,түйнек пиязшық арқылы көбею жолдарын меңгерту

Дамытушылығы: Әр түрлі өсімдіктердің өсіп өну уақытын анықтауға оларға сипаттама беру арқылы ой өрістерін кеңейту. Өсімдік топтары мен өсу ерекшелігін құрылысын анықтап қорытынды жасауға баулу, сөйлеу, ойлау іздену қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілігі: Өсімдікті қорғауға баулу, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтық әдіс, топтастыру,өзіндік бағалау әдісі, дұрыс-бұрыс ойыны, ақпараттық, сәйкестендіру, өзіндік мысал ойыны, тест, Айрықша тапсырма ойыны

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, суреттер, видеоролик, үлестірмелер, смайликтер, плокаттар, картоп, пияз, сарымсақ.

Өтілетін орны, сыныбы, уақыты: Интерактивті кабинет, 2 «А» сыныбы, сағат 11.25-те.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.

ә) Сынып ұранымен сабақты бастау:

«Ардақта тіліңді,

Ал одан білімді,

Өз тіліңді үйретер

Өнер ғылымды»

  • Балалар бүгін біз қандай тарауды аяқтаймыз?

  • Ендеше , балалар, бүгін біз сабағымызда өсімдік әлеміне саяхатқа шығамыз.

II Білу.

1-аялдама - «Ой шақыру»

I топқа: Өсімдік сөзіне топтастыру жасау. Жауаптарын толықтыру.

II топқа: Тұқым түрлері: құрғақ тұқымды және шырынды тұқымды өсімдіктерді жіктеу.

III топқа: Өсімдік мүшелеріне топтастыру жасау.

IV топқа: «Өсімдікке не қажет?» Топтастыру жасау.

III Түсіну.

Міне, балалар, 2-ші аялдамаға да келіп жеттік.

2-аялдама - «Өсімдікті тану» деп аталады:

  • Балалар, өсімдіктер тіршілік ету ұзақтығына қарай 3 топқа бөлінеді:

  1. Бір жылдық өсімдіктер: қызғалдақ, бидай, жүгері, күнбағыс.

  2. Екі жылдық өсімдіктер: сәбіз, пияз

  3. Көпжылдық өсімдіктер: бақ-бақ гүл, итмұрын, ағаштар, т.б.

  • Балалар, барлық тірі ағзалар көбейеді.

Көбею тек тірі ағзаларға ғана тән нәрсе. Сол секілді өсімдіктер де көбейеді.Сендер өсімдіктің тұқым арқылы көбейетінін білесіңдер.

Видеоролик тамашалау (Тұқымның жетілуі)

Өсімдік сонымен қатар, тамырсабақ арқылы да көбейеді. Олар көбіне арам шөптер

болып табылады. (Сурет бойынша мысал келтіру)

Өсімдік түйнек арқылы да көбейеді. Түйнек - өсімдіктің топырақ астындағы жуандаған жері. Мысалы, картоп, жералмұрты, теңбілгүл сияқты өсімдіктер түйнек арқылы көбейеді. (Сурет арқылы түсіндіру)

Сарамандық жұмыс: Картоптың көзшелерін бір-бірден қалдырып кесіп, түйнектерін көбейтеміз.

Өсімдік пиязшық арқылы да көбейеді.Бір пиязшықтан күзге қарай бірнеше пиязшық

пайда болады. (Сурет бойынша түсіндіру)

Оқулықпен жұмыс. Берілген мәтінді топқа бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күн реті мен тақырыпты жазу.

Есте сақта!

Өсімдік тұқым, түйнек, сабақ (тамырсабақ, тамыржеміс) арқылы және пиязшық арқылы көбейеді.

Сергіту сәті. «Кім дұрыс, кім бұрыс» ойыны

Ойынның шарты : Мұғалім сөйлемдер оқиды .Егер сөйлемнің мазмұны дұрыс болса оқушылар орындарынан тқрады, бұрыс болса орындарына отырады.

IV Қолдану.

3-аялдама - «Саулнама» Тест сұрақтары: (үлестірмемен жұмыс). Жеке оқушымен жұмыс:

  1. Өсімдіктің қай мүшесі топырақтың астында жатады?
А) бұтақ Ә) жапырақ б) тамыр
  1. Өсімдік неден көбейеді?
А) тұқым Ә) гүл Б) жапырақ
  1. Жарықсыз не өсе алмайды?
А) су Ә) өсімдік Б) ауа 4. Сусыз не жоқ? А) әлем Ә) тіршілік Б) зат 5. Пияз қалай көбейеді? А) пиязшық Ә) түйнек Б) қалемше
  1. Өсімдік нешеге бөлінеді?
А) 3 Ә) 2 Б) 4
  1. Өсімдікке қажетті жағдайларды ата.
А) су Ә) жарық, су , жылу, ауа Б) топырақ
  1. Күнбағыс, бұрыш, бидай неше жыл өмір сүреді?
А) 1 Ә) 3 Б) 5 9. Картоп қалай көбейеді? А) түйнек Ә) қалемше Б) тұқым 10.Екі жылдық өсімдікті ата. А) сәбіз, пияз Ә) қызғалдақ, бәйшешек Б) итмұрын, бақбақ V Талдау. 4-аялдама - «Сәйкестендіру» Сұраққа сөздерді сәйкестендіру арқылы жауап беру. Топтық жұмыс:

1. Қай бөлігі пайдалы?
картоп жемісі
қызанақ тамыржеміс
сәбіз дәні
бидай түйнегі

2. Қалай көбейеді?
бидай туйнектен
сарымсақ тамырсабық
Інжугүл пиязшық
картоп дәннен

3. Бұл не?
өнеді гүл

өседі тұқым

қурайды сабақ

VI Жинақтау.

5-аялдама - «Өзіндік мысал»

I топқа: Өсімдіктің тұқым арқылы көбеюі туралы мысал келтіре отырып әңгімелеу.

II топқа: Өсімдіктің пиязшық арқылы көбеюі туралы мысал келтіре отырып әңгімелеу.

III топқа: Өсімдіктің түйнек арқылы көбеюі туралы мысал келтіре отырып әңгімелеу.

IV топқа: Өсімдіктің сабақ арқылы көбеюі туралы мысал келтіре отырып әңгімелеу.

  • Тамырсабақ, пиязшық.
    Тұқым, түйнек арқылы
    Көбейеді өсімдік.
    Табиғатқа сән берген,
    Адамзатқа нәр берген.
    Алуан - алуан түрлерін,
    Жүрейік біздер өсіріп. - дей отырып, саяхат сабағымызды аяқтаймыз, балалар.

VII Бағалау

  • Балалар, сендерге саяхат ұнады ма? (Оқушылар бас бармақ арқылы өз ойларын білдіреді)

  • Ал, өздерің қаншалықты саяхатқа белсенді қатыстыңдар? Бас бармақ арқылы көрсетіңдерші!

  • Қоршаған орта- табиғат

Жануар, өсімдік, адамзат

Сүю ,қорғау- парасат

Білейік мұны жамағат.

Үйге тапсырма: а) Мәтінді оқу, мазмұндау

ә) Айрықша тапсырма (4 оқушыға арналған)





№201 орта мектебі








Тақырыбы: Өсімдіктің көбеюі

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 2 «А»

Пән мұғалімі: Г Үсенова



2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022