Үндістер күні Лагерьге арналған іс-шара

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үндістер күні Лагерьге арналған іс-шара



Жазғы сауықтыру лагері

Тақырыбы: Үндістер күні









Тақырыбы: Үндістер күні

Мақсаты: Балаларды үндістердің тарихымен, салт-дәстүрімен таныстыру. Олардың физикалық қасиеттерін дамыта отырып, ұжымда, топта жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Оқушылардың жазғы демалысын қызықты өткізуіне жағдай жасау.

Жабдықталуы: шар, үнтаспа, құс қауырсындары, ақ беттер, түрлі-түсті қарандаштар, картон қайық,шелек, теннис доптары,

Қатысушылар: «Қыран», «Мерген», «Самрұқ», «Сұңқар» топтары.

Жүру барысы:

900 -930 - Таңғы лездеме

Сәлеметсіңдерме балалар! Көңіл-күйіміз қалай? Көтеріңкі көңіл-күйде таңғы лездемені бастасақ. («Қыран», «Мерген», «Самрұқ», «Сұңқар» топ басшыларының рапортын тыңдау.)

  • Балалар, біздің бүгінгі күніміз ерекше болмақ. Себебі, біз бүгін үндістер боламыз. Үндіс тайпасының салт-дәстүрімен, ойындарымен, билерімен танысамыз. Біз үндістер болғандықтан киімімізде, ажарымызда, есімімізде, үндіске сай болуы керек. Менің қолымдағы үрленген шардың ішінде үндіс халқының есімдері жазылған қағаздар бар. Мен шарды жарғанда қолымызға қай қағаз келсе, сол қағазды ашып, сол қағазда жазылған есіммен бүгінгі күн барысында бір-бірімізді солай атап шақырамыз. Осы есімдерді бейджикке әдемілеп жазып тағып аламыз.

Есімдер:

  1. Кьёнтрай

  2. Гоуана

  3. Гаджидженойа

  4. Биг Маунтин

  5. Мисикито

  6. Тарихумара

  7. Тепехуан

  8. Уитото

  9. Пенути

  10. Какчикель

  11. Цимишан

  12. Шошон

  13. Макро-чибча

  14. Чинантек

  15. Кечуа

  16. Отоми

  17. Оджибве

  18. Арапахо

  19. Вичити

  20. Иникочи

930 -1000 - Таңғы жаттығу

Біз бәріміз бірге топ басшысымен берге дөңгелене тұрып Үндістердің Заңын қайталаймыз.





    1. Үдістер ұраны: «Бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін».

    2. Үндістер - бір-біріне дос және барлығына қорған.

    3. Үндістер - ешқандай жағдайда жалқаулық танытпайды.

    4. Үндістер - қиындықтан қорықпайды.

    5. Үндістер - тәртіп пен тазалықты сақтайды.

    6. Үндістер - жарты жолда тоқтамайды. Осы заңды орындамаған үндіс жауынгері тайпадан қуылады.







Үндіс музыкасы қосылады:

  • Балалар, музыка ырғағымын дөңгелене жүріп мына би қимылдарымен жаттығуларды орындайық:

  • Қолымызды кезектесе білекті бүкпей жоғары-төмен, оң және сол тіземізді кезек - кезек бүгіп би қимылында дөңгелене жүріп орындаймыз.

  • Барлығымыз қолымызды ұстасып жоғары- төмен көтеріп шеңбердің ортасына би қимылында жиналып қайта орынымызға келіп орындаймыз.

  • Қолымызды жоғары бір рет, жанымызға бір рет, төменге бір рет сермейміз. Басымызды алға, артқа, оңға, солға иеміз. Оң және сол аяқты кезек-кезек көтеріп шеңбер бойымен жүреміз.



  • Балалар, үндіс жаттығуын жасап болсақ. Үндістер туралы қызықты мәліметтер жазылған «чироки» тайпасының көсемінің менде ескі хаты бар еді. Сол хатты сіздердің топ басшыларыңыз кезек-кезек оқып береді. Барлығымыз мұқият тыңдаймыз. Себебі, қызықты командалық ойындарда үндістер жайлы сұрақтар болады.

15 50-16 00 - Үйге қайтару.

Сау болыңдар балалар! Кездескенше! Жолда абай болыңдар!


© 2010-2022