Қазақ тілі Үстеу 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Үстеу

Сабақтың мақсаты:
Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау,үстеу туралы ұғымдарын жетілдіру, сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге үйрету, қатесіз, көркем жазуға баулу.
Үстеуді сөйлем ішінен ажырата білуге , сауатты жазуға, іздену дағдыларын қалыптастыра отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Үстеу тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын, сыныппен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу.
Көрнекілік: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу
Армысың, алтын күн
Армысың ,көк аспан
Армысың ,достарым
Армысыздар, қонақтар!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
35- жаттығу.
Кестені толтыр
Зат есім Сын есім Сан есім Есімдік
Үйге берілген тапсырманы оқыту арқылы тексеріп шығу.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
Интерактивті тақтадағы сұраққа жауап беру:
Есімдік дегеніміз не?
2)Жіктеу есімдігі деп нені айтамыз?
Жіктеу есімдігінің септелуі?
ІV.Жаңа сабаққа дайындық :
Ертегі тамашалағанды ұнатасыңдар ма?
Олай болса ,экранға назар аударып ертегіні тамашалайық
-Ерте,ерте ертеде бір жалғыз терек өмір сүріпті.
-Ух, жаным- ай , жаным- ай! Енді не қыламын?Құрт ауруына шалдықтым, тесіп жеп барады,бұтақтарым сықырлайды,жапырақтарым сыздайды,жәрдем ете көріңдер! -деген дауысты естіген ақ көгершін .
-Терек ата,ауруыңыз жаман екен.Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін -деп ақ көгершін ұша жөнеледі.
-Балалар көгершін емші құсты тапқанша терекке біз көмек берейік.Біздің әрбір орындаған тапсырмамыз арқылы теректен бір құмырсқаны алып тастап отырамыз.
Алғашқы тапсырмамыз сөзжұмбақ.Бүгінгі өтілетін тақырыбымызды мына сөзжұмбақты шешу арқылы табамыз.Біз қай пәннен мақал-мәтелді көп пайдаланамыз? Ана тілі пәнінде.
Сөзжұмбақты мақал-мәтел арқылы шешеміз:
1) Жақсыдан ……. (Үйрен)
Жаманнан жирен.
2)Өнерлі бала ……… (сүйкімді)
3) Түлік ……….. өседі. ( төлден)
4) Жері байдың-.....бай. (елі)
5) Жыланның …. - тілінде.( уы)
ү й р е н
С ү й к і м д і
Т ө л д е н
Е к і
у ы
Тігінен қою қара түспен жазылған сөзді оқысақ үстеу деген сөз шығады.
Онда бүгінгі тақырыбымыз «Үстеу» деп аталады.
Үстеудің нені білдіретінін, қандай сұраққа жауап беретінін білу үшін мына жаттығуларды орындаймыз.
VІ.Оқулықпен жұмыс.
1- жаттығу.
Сөйлемді көшіріп жазу.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, мағынасын түсіндіру.Қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
Көгершін ұшып келе жатып ,биік төбеде отқан сауысқанды көреді де ,терекке жәрдем беруін сұрайды
-Әркімнің өз жұмысы бар,Менің де қолым бос емес,-дейді де ұша жөнеледі.
-Балалар ,сауысқанның орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
2-жаттығу.
Сөздерді оқу.Бұл сөздерді етістіктермен тіркестіріп жазу, оларға сұрақ қою.
Былтыр,күндіз,төмен,кенеттен,кезде,жорта,жоғары
Мысалы: Былтыр келді,


Мұғалім түсіндірмесі:
Үстеу - іс-әрекеттің белгісін (орнын, мезгілін, амалын,мақсат-себебін) білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп тұрады
Көгершін ұшып келе жатып ,қырғауылға жолығады.Терекке жәрдем беруін сұрайды
- Менің қолым бос емес-дейді де ұша жөнеледі.
-Балалар ,қырғауылдың орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
3-жаттығу.
Ребусты шешу.
Қазір, алда - деген сөздер шығады.Ауызша әр қатарға бір сөйлемнен құрату.
Көгершін ұшып келе жатып ән айтып тұрған бұлбұлға кездеседі.Терекке жәрдем беруін сұрайды
- Менің әнімді адамдар,орман құстары жақсы көреді.Мен соларға ән орындауым керек,қолым бос емес-дейді
-Балалар ,бұлбұлдың орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
VІІ. «Аукцион» ойыны
Шарты: Берілген сыйлықты сатып алу үшін
1-қатар: 2-қатар: 3- қатар:
(қашан?) (қайда?) ( қалай?) сұрақтарына шектеулі уақытта жауап жазыр шығу керек.Қай орталық көп жауап жазса сол орталық жеңіске жетеді.
VІІІ.Жұмбақ шешу.
4-жаттығу
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (жұлдыз)
Тапсырма: Үстеуді тауып , үстеу екенін дәлелдеу.
Дәлелдеу:
Күндіз , түнде-бұл үстеу.Өйткені-іс- әрекеттің мезгілін білдіріп тұр.
Қашан ? сұрағына жауап беріп тұр.
Көгершін ұшып келе жатып көлде қалықтар жүзген аққуларға кездеседі.Терекке жәрдем беруін сұрайды
- Мен бұл көлден алыс кете алмаймын.Сен оданда осы орманда үйсіз,күйсіз жүрген бір құс бар сол құсты тауып алда өтініп көр-дейді
-Балалар ,аққудың орнына біз көмектесеміз бе?
-Олай болса келесі жаттығуларды орындайық.
5- жаттығу.
Сөйлемдерді көшіріп жазу.Үстеулерді табу, олардың мағынасын түсіндіру.
Үстеулердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.
ХІ. «Біріктіре білейік» ойыны
- Балалар сендерге ортақ сұрақ:
-Аққу бізге қандай құс жайлы айтты?Бұны білу үшін көбейту кестесін шешіп көрейік.
-Сонда бізде шыққан қай құс екен?
-Тоқылдақ
-Енді барлығыңа тапсырма: Осы ертегіге әр орталық ойласа отырып ат қою керек
ХІ.Сабақты қортындылау.
Семантикалық картаны толтыру
Сөздер Мекен Мезгіл Сын -қимыл
Ертең
Жоғары
Ілгері
орманда
Төмен
Биыл
алда
Х. Үйге тапсырма: 6-жаттығу. «Биылғы қызық оқиғалар»
тақырыбына әңгіме құрау. Әңгімеде үстеулерді пайдалану.
ХІ.Бағалау.Әр топтағы топ басшы сабақ басында өз тобының мүшелерін бағалап отырып,соңында қорытынды жасайды.
Бағалау парағы





© 2010-2022