Математика пәнінен қысқа мерзімді жоспар Натурал және рационал сандар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Математика



Натурал және рационал сандар

Мектеп: № 10

Күні:

Мұғалім: Ибрагимова Т.С

Сынып:1Б

Қатысқаны: 22 Қатыспағаны:

Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар

1.1.1.6.Санның жаңа бірлігі-ондық туралы түсінігі болу, 100-ге дейін толық ондықтармен санау

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті:

Санның жаңа бірлігі-ондық туралы түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Санның жаңа бірлігі-ондық туралы түсінеді, ондықтармен санай алады.

Кейбір оқушылар:

Санның жаңа бірлігі-ондық туралы түсінеді, 100-ге дейін толық ондықтармен санай алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

11-ден 20-ға дейін санай алады.

Күтілетін нәтиже

Ондықтармен санай алады.

Сабақтың барысы

Уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Қызығушылығын ояту

Басы

8 мин

Ұйымдастыру кезеңі

1-ден 10-ға дейін тура, кері санау

11-ден 20-ға дейін тура ,кері санау

11-ден 16-ға дейін санау

18-ден 10-ға дейін санау

Өз санаған заттарын дәлелдеу

Сынып ішіндегі өздеріне ұнаған заттарды санату

Қосудың, азайтудың компоненттерін еске түсіру

Санның құрамын қайталату

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: санның жаңа бірлігі-ондық туралы білуіміз керек, 100-ге дейін толық ондықтармен санай алуымыз

Ортасы

19 мин

Саны көп заттарды ондықпен санау ыңғайлы болады.Бір ондықта он бірлік бар.

1 онд. ꞊10 бірл.

Ондықтармен санау.

10,20,30,40,50,60,70,80,90,100

Кері санау: 100,90,80,70,60,50,40,30,20,10

Жұмыртқа салынған ыдыстар бойынша ондықтармен санау.

«Сен білесің бе?» айдары

Нөлмен аяқталатын сандар дөңгелек сандар деп аталады.

-Неге осы сандарды дөңгелек сандар дейміз?

-Нөл дөңгелекке ұқсас болғандықтан айтамыз.

100 саны үш таңбалы сан, үш цифрдан құралған.

Сан жазылған кеспе қағаздар,жіп

Жұмыртқа салатын ыдыстар

5 мин

Шығарып көр!

Әкем екі ондық шеге сатып алды. Ол барлығы неше шеге сатып алды?

Жауабын түсіндіру

Ойлан

Бұл 10 теңгелік тиын. Сенде 100 теңге болу үшін осындай тиынның нешеуін аласың?

Тиындарды санату арқылы шығару.

Әр қатарға үлестірме қағаздар таратып беру. Жазылған сандардың ішінен дөңгелек сандарды атап беру және дәптерлеріне жазып алу.

15,20,17,80,12,50,10,16,0,5

тиындар

Соңы

3 мин

Бүгінгі сабақ мақсатымызға жеттік пе?

Дөңгелек сандар дегеніміз не?

Ондықтармен санау қай кездерде қажет?

Бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау.

бағдаршам



© 2010-2022