Урок Наурыз 1 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Наурыз Сабақтың мақсаты: а) Наурыз мерекесі , оның тарихы туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың наурыз мерекесі тақырыбы барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, паш етуге тәрбиелеу Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру.

Сабақтың барысы I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау. II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз мерекесі қай кезден тойланады? -Наурыз мерекесінде ел-жұрт бір-бірімен қалай амандасады? -Қандай ақ тілектер айтылады? III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, наурыз мерекесінің ең басты асы не? -Дұрыс, Наурыз көже IV. Мақсат қою кезеңі: -Балалар, Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады? -Басқа мерекелерден ерекшелігі неде? V. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс 115-жаттығу 1. Сөздерді оқыңдар. Жаса, жина, сыз, сөйле, тасы 2. Берілген үлгі бойынша сұраққа тиісті жауап жазыңдар. Үлгі: не істеді? Не істейді? Жасады Жасайды Өлеңді жаттап алыңдар. Наурыз тойы Күн мен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді, Қуанышта ел енді. Наурыз келді-салтымыз: «Көгерсін!» деп халқымыз Көшеге тал егеді Ә.Табылдиев. Наурызда қандай игі істер атқарылады? Наурыз тойы туралы әңгімелеңдер. VI.Жаңа материалды пысықтау: 116-жаттығу. 1Өлеңді түсініп оқыңдар. Көкорайға қонғанда, Қозылар ойнар дүркіреп. Жаздың күні болғанда, Жаңбыр жауар күркіреп. Шәкәрім. 2. Қарамен жазылған сөздерге төмендегі қимылды білдіретін сөздердің тиістісін қосып жазыңдар. Керекті сөздер: ойнақтайды, жауды. VII.Бекіту кезеңі: Наурыз мерекесінің басқа меркелерден ерекшеліктерін паш ету. VIII. Үйге тапсырма, бағалау: Наурыз тойы өлеңін жаттау.



© 2010-2022