Өсімдік-- тірі ағза. 3 сынып дүниетану

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өсімдік - тірі ағза


Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің тірі табиғат екенін түсіндіру, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту. Күтілетін нәтиже: Өсімдіктер туралы білімдері қалыптасады. Өсімдік мүшелерін және олардың атқаратын қызметтерін атай алады. Өсімдік тірі ағза екенін дәлелдей алады. Сілтеме: Дүниетану, «Атамұра» 2013 Түйінді идеясы: Өсімдік - тірі ағза екенін саналы түрде түсіну Іс-әрекет түрлері: «Сиқырлы сандықша» ойыны, видеофильм, оқулықпен жұмыс,постермен жұмыс, « Джигсо» тәсілі, диалог,өзін-өзі бағалау критерийлері Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: Оқушылар өлең жолдарын айтады.

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! Үй тапсырмасын тексеру: «Сиқырлы сандықша» ойыны: Оқушылар сандықшадан өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтарды алып, жауап береді. Топқа бөлу: Оқушыларды өсімдіктің мүшелері бойынша топтастыру. 1-топ: жапырақ 2-топ: сабақ 3-топ: тамыр 1-тапсырма: «Өсімдіктің тіршілігі» (өнуі, өсуі, қоректенуі) атты фильм көрсету және талдау. Оқушылар жаңа сабақты аудио-визуалды қабылдап, топта талқылайды. 2-тапсырма: Көрсетілген видеофильм бойынша сұрақтарға жауап беру. 1. Өсімдік туралы не білеміз? 2. Өсімдік тіршілігіндегі өзгерістер қалай жүреді? 3. Өсімдік тірі ағза ма? Постермен жұмыс: Әр топ өсімдік тіршілігіндегі өзгерістер жайлы мазмұнды сызба құрады. Жапырақ, сабақ, тамырдың атқаратын қызметтерін және өсімдіктің өсуіне қандай ықпалын тигізетінін талқылайды. Берілген тапсырма бойынша әр топ постермен жұмыс жасап, жобаларын қорғайды. 3-тапсырма: Оқулықпен жұмыс: Тақырыпты өздері түсініп оқиды. Суретті қарастырады. Өсімдік топтарын анықтап, сызбаға салады. 4-тапсырма: «Джигсо» әдісі Басқа топтардың ұсынған сызбасындағы өсімдіктердің атауларын толықтырып жазады. Сергіту сәті: «Ағаштар биі» Оқушылар көңілді ағаштармен қосыла билеп, ойлары да, денелері де сергиді. 5-тапсырма: Диалог әдісі Сұрақтарға жауап бере отырып, берілген тапсырмада мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы болып диалогқа түседі. 1. Өсімдік неден өнеді? 2. Өсімдік жақсы өніп-өсу үшін не қажет? 3.Өсімдік мүшелері және олардың атқаратын қызметтері қандай? 4.Өсімдіктің адамға қандай пайдасы бар? 6-тапсырма: Ой жинақтау Әр топ «өсімдік» сөзіне ассоциациялық қатар құрады. Кері байланыс. «Білім ағашы» Жаңа сабақтан алған білімдерін ағаштың бөліктерін бояп, салыстырып көрсетеді. Барлығы түсінікті- ағаштың жоғары бөлігі Толық түсіне алмадым-ағаштың діңі Түсінбедім-ағаштың тамыры
Бағалау: Бағалау парақшалары таратылады, оқушылар өз-өздерін бағалайды.


критерийлер

2

3

4

5

1

Тақырыпта берілген ұғымдарды түсіне аламын

2

Тақырып бойынша өз ойымды айта аламын

3

Тақырып бойынша сұрақтар қоя аламын

4

Өз-өзімді бағалауда әділмін


Үйге тапсырма: Тақырып бойынша 5 сұрақ дайындау.


Алматы облысы

Қаратал ауданы

Кемел Тоқаев атындағы орта мектеп



Өсімдік - тірі ағза

Бастауыш сынып мұғалімі: Тоқаева Ш.М.



2015-2016 оқу жылы


© 2010-2022