Жумагулова А. Ж Аққу, шортан һәм шаян Әдебиеттік оқу 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақ №

Сабақтың тақырыбы:

Мысалдар.

Ахмет Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан һәм Шаян.

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру.Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.

2.Оқушылардың ауызша сөйлеуін,мәнерлеп оқуын,түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып,мысалдың мазмұнын айқындай келе ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Сайыс сабақ

Сабақтың типі:

.Жаңа білімді игеру

Сабақтың жабдықтары:

А.Байтұрсынұлы, И.А.Крылов портреттері. Мысал бойынша салынған сюжетті суреттер.

Сабақта қолданылатын әдістер.

Аквариум әдісі (топтық жұмыс), түсіндіру әдісі, іздендіру,өздігінен білім алу.

Сабақтың өту барысы:

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша тапсырмалар

Ұйым-

дастыру-

шылық

кезең

1мин

Сабақ мақсатымен таныстыру.

-Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың көрнекті ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз. Әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.

Сабағымыз сайыс түрінде өтеді.

Балалар топқа бөлінеді.

Топқа бөлу шарты:

Төртбұрышты қағазға салынған аққудың,шортанның, шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бир топқа отырады.

Топ тапсыр-малары:

1-топ: А.Байтұрсынұлының өмірі.

2-топ: А.Байтұрсынұлының мысалдары.

3-топ: А.Байтұрсынұлының өлеңдері,

Қысқаша деректер:

А.Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, ірі-ғалым-лингвист,ақын,аудармашы,оқулық авторы. Туған жері - қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылы. А.Б.алғашқы «Әліпби » оқулығын жазған. Оның Қырық мысал, Маса деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған оны «Халық жауы» деп жала жауып, жазықсыз құрбан етті. А.Байтұрсынұлы Крыловтың қырық мысалын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарды.Соның бірі -бүгінгі Аққу, Шортан һәм Шаян мысалы. А.Құнанбаев пен А. Байтұрсынұлы мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы- ақындар.

Миға шабуыл

5 мин

-Сендердің араларыңда аққуды көргендерің бар ма?

-Шаян қалай жүретінін білесіңдер ме?

-Шортан жайлы білетіндеріңдер бар ма?

Сөздікпен жұмыс:

Һәм - және

Ғибрат - үлгі, өнеге.

Оқулықпен жұмыс:

Мұғалім мысалды жатқа айтады. Осы мысал бойынша талдау сұрақтары қойылады.

Балалар мысал кейіпкерлері қайда өмір сүреді?

-Олар не істемек болды?

-Олардың жүк тиелген арбасы неге қозғалмады?

-Неліктен құстың, жәндіктің аттары бас әріппен жазылып тұр?

-Бұл кейіпкерлер әрекеті қандай адамдарда кездеседі?

-Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?

-Ақынның түйінді ойы қай жерде жазылған?

-Мысал бізді неге үйретеді?

Сергіту жаттығуы:

Ал,балалар, тұрайық,

Қане,қанат жазайық.

Аққу болып ұшайық,

Көлде жүзген балықтай.

Жүзіп-жүзіп алайық.

Шаянға ұқсап,былпылдап,

Қане айналып,қарайық.

Топтық жұмыс 5мин

1-топ: Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы мақал жазу.

2-топ:Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау.

Мұнда кейіпкерлер сөзін қара сөзбен жеткізу керек.

3-топ: Бес жолды өлең құрастыру (Аққуға бөлек,шаянға бөлек, шортанға бөлек)

Сабаты бекіту

Сабақты қортындылап, уйге тапсырма беру.



© 2010-2022