Уорк на тему Құбылыстар

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1.Дүниетану : 25/02/2015ж

Сабақтың тақырыбы: Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар

Сабақтың мақсаты: 1 Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру 2 Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.3 Бір затпен екінші затты ажырата білу.Табиғатқа деген құштарлығын арттыру.Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:Сыныпты сабаққа дайындау. Оқушылардмен амандасу, түгендеу.

ІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.Өтілген материалдарды еске түсіру, сұрақтар қою.

ІІІ Жаңа сабақ: - Балалар,табиғат құбылыстарына нелер жатады? -Адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады? - Олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?Ендеше балалар, бүгін біз сендермен «Айнала дүниедегі денелер мен құбылыстар» а) Табиғат, табиғат құбылыстары, табиғат заттары туралы.Адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік береміз.Сергіту сәті:Дәптермен жұмыс

ІҮ. Қорытындылау:Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік? -Табиғат дегеніміз не?-Табиғат құбылыстары деген не? -Табиғат заттарына нелер жатады?-Табиғи нешеге бөлінеді?Оларды ата.-Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:

Ү Бекіту кезеңі: біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.Табиғаттың екіге бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.

ҮІ. Үйге тапсырма: Бүгінгі тақырыпқа сай сурет салып келу

2.ДүниетануСабақтың тақырыбы: Күндіз, түн, түн тынысы.

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға айналадағы дүние туралы түсініктерін кеңейте түсу 2. Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауын, сөздік қорын қалыптасу.3. Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үйге берілген тапсырмаларға дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, үйге қандай тапсырмалар берілді? Кім айтады?- Табиғат құбылыстары туралы кім, не айтады?- Табиғи заттар мен адам қолымен жасайтын заттарға нелер жатады?

ІІІ Өткен сабақты пысықтау:а) -Табиғатты нелер құрайды?- Табиғат құбылыстарына нелер жатады?-Табиғат нешеге бөлінеді?-Тірі табиғатты ата.-Өлі табиғатты ата.-Суреттегі табиғат заттарын ата.-Адам қолымен жасалатын заттарды ата.-Күн қай сағатта шығады? Күн қай сағатта батады?ә) Күннің шыққан кездегі, күннің батардағы көрінісін әңгімелеу.«Күн жарық, жылы. Түн қараңғы салқын.»

ІҮ Жаңа сабақ:Оқулықтағы, «Күндіз», «Түн», «Түн тынысы » тақырыптарымен таныстыру. -Балалар, осы тақырыптар бойынша кім, өз ойын айтады? Күндізгі тіршілік, Түн, түн тынысы тақырыптарын кім қалай түсінеді? Және оларды қалай сипаттауға болады? -Күн мен түннің ерекшелігі неде?Сергіту сәті: «Күн және түн» ойынын ойнату.

Ү Оқушы білімін бекіту:Біз сіздермен «Күн. Түн. Түн тынысы» тақырыптарын оқи отырып, оның қасиеиттерімен таныстық. Енді сол тақырыптарды суретпен бейнелесек қайтеді?

ҮІ Қорытындылау;-Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?Нені бейнеледік? Күн мен түннің ерекшелігін кім айтады

VII . Үйге тапсырма,бағалау:


© 2010-2022