Жоба ң мен ндыбысы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, №1 Егіндікөл орта мектебі

Қазақ тілі пәніндегі

«Ң» дыбысы

Жоба ң мен ндыбысы Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті

Жетекшісі: Балшых Ақмарал,

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Егіндікөл, 2012 жыл
Мазмұны:

І. Кіріспе.............................................................................................................3

1.1 Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.............................................................4-5

ІІ. Негізгі бөлім.................................................................................................6-13

2.1 «Ң» дыбысының қолданылуы...................................................................6-7

2.2 Фонетикалық жаттығулар. 7 әдісі.................................................... .........8-10

2.3 Бақылау диктанттар....................................................................................11-13

ІІІ. Қорытынды...............................................................................................14

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..................................................................15

Жобаның тұжырымдамасы:

Жобаның аты: қазақ тілі пәнінің даму бағдарламасы
Өту мекемесі: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы,№1 Егіндікөл орта мектебі
Жобаның мақсаты:
Қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету. Міндеттері:

  • Фонетика жүйесін зерттеу
  • «Ң» дыбысының айтылу мен жазылудағы ерекшелігін қалыптастыру.
  • Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру
  • Көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым-қатынастан «ң» дыбысы кездесетін мысалдар теріп, талдау;

Зерттеу пәні: қазақ тілі
Зерттеу нысаны: «Ң» дыбысы Зерттеу әдістері:

  • Көркем әдебиеттерді зерделеу.
  • Интернет көздерінен ақпарат жинау.
  • СТО элементтері
  • Ойын технологиясы
  • Талдау, салыстыру, қорытындылау
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.

Жобаның өзектілігі: Даму бағдарламасының негізгі бағыты - сын тұрғысынан ойлау стратегиясын пайдалана отырып оқушыларға білім беру. Қазақ елінде өмір сүретіндіктен өз төл дыбыстарымызды білмеу, оларды орыс әріптерімен шатастыру бүгінгі өскелең ұрпақ үшін кешіірілмес күнә сынды. Сондықтан қазақ елінің бір азаматшасы ретінде осы мәселені қозғау менің міндетім деп санадым. Сол үшін қазақтың төл дыбыстарының ішінде ең күрделі мәселе болып отырған «Ң» дыбысын орыстанып кеткен ортада біртіндеп болса да меңгертуді жөн көрдім. Өз ана тілімізде еркін сөйлеп, ұлттық нышандар мен дыбыстарды бағалай білгенде ғана «Қазақ» атты ел болады деп сенімдемін. Бұл мен сияқты тіл мамандарының қайсысын болса да алаңдатады деген ойдамын. Болжам: Менің ойымша, біз солтүстік аумақта өмір сүретіндіктен көпшілік қауым орыстанып кеткен. Яғни, өз төл дыбыстарымызды білмейді. Сондай дыбыстардың бірі «Ң» дыбысы. Осы жоба арқылы өз сыныбым яғни 5 «а» сыныбы алдағы 3 жылдың ішінде аталмыш дыбысты меңгеріп, жазба жұмыстарын сауатты жазуға және өз тілін құрметтеуге үйренеді.
Жобаны іске асырушы:
Балшых Ақмарал, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жобаның өту мерзімі: 2012 - 2015жж.

І - кезең Жобалау 2012 - 2013 оқу жылы

  • Дыбыстың өмірде қолданыс аясын зерделеу.
  • Дыбысты меңгеру болғандықтан алдымен фонетика саласын зерттей отырып, қазақ әліппиіндегі дыбыс орынын анықтау.
  • Тақырып негізінде еңбектер мен көркем әдебиеттер жинақтау.

ІІ - кезең Қолдану 2013 - 2014 оқу жылы
  • Қазақ тілі сабақтарын СТО бойынша жүйелі түрде ұйымдастыру
  • Бақылау жұмыстарын жүргізу
  • Ойын технологиясы арқылы әр сабақты түрлендіру.

ІІІ - кезең Қорытындылау 2014 - 2015 оқу жылы
  • Жазба жұмыстарына сараптама жүргізу
  • Нәтиже шығару, тиянақтау, талдау
  • Оқушылардың білім деңгейінің мониторингісін құрастыру
  • Тақырып төңірегінде пікірталас өткізіп, нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылдау.

Күтілетін нәтиже:
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады
- Шығармашылық қабілеттері жоғарылайды
- Мұғалімнің шығармашылық деңгейінің өсуі;
- Дарынды балалармен жұмысты дамыту;
- Дарынды балаларды анықтау, қолдау, олимпиада, байқау, ғылыми практикалық конференцияларға қатыстыру.
- Шығармашылық ізденістерді толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі талап деңгейіне көтеру

Мықты жағы:

  • Сынып оқушыларының жалпы білім деңгейлері жақсы

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы жоғары

  • Ата - анамен тығыз байланыстың болуы

  • Оқушылармен достық қарым - қатынас пен сыйластықтың орын алуы

  • Төл дыбыстарымыздың болашағының жарқындығы

Әлсіз жағы:

  • Бес саусақтың бірдей еместігі

  • Ата - аналардың орыс тілінде сөйлеуі

  • Орысша ойлап, орысша жазатындығы


Кіріспе

Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі.
Фонетика (грек. phônçtіkуs -дыбыстық, дауыстық) - тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да - дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау (артикуляция) жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын (акустикасын), естілімін (перцепциясын) қарастырады.Осыған байланысты қазіргі фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік (функционалдық), жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығады, бормен тақтаға жазсақ та дыбыс шығады. Бұл - зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретіні - тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Адам баласы бірімен-бірі сөйлесу арқылы қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстардан, сөз буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады, ол - тіл дыбыстары.

Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
1) дыбыс шығаратын дене;
2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш;
3) ауа толқырлық кеңістік.

Тілдің барлығында да дыбыстар дауыстылар мен дауыссыздар деп екі топқа бөлінеді.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым.
Физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа біріншіден, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екіншіден, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшіншіден, ауа баяу шығады (а,о,у).

Сонымен, дауыссыз дыбыстар үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар болып екі топқа бөлінеді. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген екі топқа бөлінеді. Дауыссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады.

Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны - ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда - үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде ― бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы - таза салдырдан тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше - көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.

1. Қатаң дауыссыздар
Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш

2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.

3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.

4. Ерін дауыссыздары
Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз. Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у.

5. Тіл дауыссыздары
Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз.
Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді:
- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш;
- тіл ортасы: г, к;
- тіл арты: ғ, қ, ң.
6. Шұғыл дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз .Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, н, ң, п, т.
7. Ызың дауыссыздар
Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) дауыссыздар деп атаймыз .Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш.


ІІ ТАРАУ. «Ң» ДЫБЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Әр тілдің өзіне ғана тән төл дыбыстары болатынын қарапайым түрде былай түсіндірсек: бір тілдің дыбысталуы өте жағымды (қазақ, француз) болса, енді бір тілдікі мысалы қытай тілі шаң-шұң еткен өңкей ащы дыбыстар жүйесінен түзілген, алтай, якут тілдері дауыссыздар жүйесіне негізделгендіктен құлаққа түрпідей тиеді. Әр дыбыстың артикуляциялық, акустикалық, генетикалық сипаттамасы болады. Мысалы, қазақ тіліндегі дыбыстардың барлығы дерлік ауыз қуысынан шығады. Тіліміздегі кез келген дыбысты айту кезінде өкпеден шыққан ауаны ауыз қуысында еш кедергіге ұшыратпай, не мұрын жолымен айтып көріңізші. Тілдегі әр дыбыстың айтылуы құлаққа жағымды саздылыққа ие болуы да тілдің ұзақ даму жолын көрсетеді. Дыбыстардың саздылығынан тіліміздегі кез-келген сөзді бағындырып тұрған буын үндестігі мен дыбыс үндестігі келіп шығады.
Қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты мәселелерді жылдар бойы ғалымдар мен әдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бір қатары терең зерттелінгенімен зерттеуді одан әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей түсетін тұстары да баршылық. Сол сияқты қазақ тіл білімінің саласында да зерттеуді қажет ететін тұстары жеткілікті дегенге ешкім де дау айта алмас. Сол құбылыстардың бірі -ң дыбысының дұрыс айтылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, ң дыбысы мүлдем қарастырылмаған, не зерттелінбеген құбылыстар деп айта алмаймыз, бірақ оның толық зерттелінбегенін және әлі де болса қанағаттандыра алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді.

Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық және мағыналық табиғаты мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда.

Ендеше, қазақ тілінің төл «ң» дыбысына назар аударайық: ң-үнді (мұрын жолды),тіл арты,шұғыл дауыссыз. Біріншіден, «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді (алайда,1-сыныпқа арналған «Әліппе» оқулығында ң әрпінің бас әрпі неліктен көрсетіліп тұрғаны түсініксіз жайт), екіншіден, «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін түрлі әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, «н» дыбысын созып айту, ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы: ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, ұн-ұң. Ұқсас буындарды кезекпен айтқызу әдісімен басқа да дыбыстарды айтуға болады. Түбірдің соңғы н дыбысы к, қ, г, ғ дыбыстарының алдынан келсе, айтуда н дыбысы өзгеріп, ң дыбысына айналады. Жазуда оны елемейміз. Мысалы: бір күнгі (бір күңгі), Аманкүл (Амаңкүл), сән қой (сәңқой), Дүйсен-қали (Дүйсеңқали). Сөз ішінде немесе сөз аралығында н дыбысы мен қ дыбысы қатар келсе, айтуда н дыбысы ң-ға, қ дыбысы ғ дыбысына айналады. Мысалы: Қазан-қап (Қазаңғап), Жылан-қарағы (Жылаңқарағы), Есен-келді (Есеңгелді).

Тілдің тірегі―сөз. Ал тілдің сөз байлығын танытатын―көркем шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Сол себептен балаларға арналған ертегілерден біраз мысалдар келтірсек. Мәселен, «ң» дыбысы сөздің бірінші буынында кездесетінін көруге болады: «Кемпір-шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де, Төстік жолға шығады.»( «Ер Төстік» ертегісінен) ; «Қысқасы өзің - күң, балаң - құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер бастарың алынады, - депті.» («Сыбызғы сыры» ертегісінен) ; «Бұрын, бұрын, бұрында Қаң-бақ шал деген шал болыпты.» («Қаңбақ шал» ертегісінен ). Екінші және үшінші буында да кездеседі: «Та-ңер-тең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер,-дейді.» («Алдар көсе мен Шығайбай» ертегісінен) немесе «Тұруға мұршасы келмей жатқан шал ша-ңы-раққа қараса, ша-ңырақ-тың күлдіруішінде керулі тұрған кер бие-нің төстігі көзіне түседі» ( «Ер Төстік» ертегісінен).
Ң әрпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды.Бұл дыбысты н дыбысымен шатастырып жазуы жиі кездеседі.Оны сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынасының өзгеретіндігіне көз жеткізу керек. Және н- тіл ұшы дыбысы,ң тіл арты дыбысы екенін үнемі тілмен жаттығу жасау арқылы үйрету керек. «Дұрысын жаз» Мені (н,ң), бізді (н,ң),оларды(н,ң).Қайсысы мағыналы. Қай уақытта дауысты и мен дауыссыз и-дің жазылатынына байланысты ереже жиі еске түсірілуі қажет.
Әділін айту керек, «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше қасиетінің бірі - осы «ң».
Қазақ баласы «іңгәлап» туады, өмірге іңкәр болады, ыңылдап әндете бастайды, дүниеге таңдана қарайды, ыңғайлы кәсіппен айналысады, сұңқар баулып, аңға салады, қалың беріп, келін алады, бір-біріне жеңіс тілеп, «оң болсын» айтады. Қысқасы, «тең-құрбымен тебісіп» өскен қазақтың шаруасы «ың-шыңсыз» бітпеген.

ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

1-ЖАТТЫҒУ
Төмендегі ң дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқанға дейін оқы. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады.
аң - даң - жаң - заң - ұң - қаң- лаң - маң - оң - паң - раң - саң - таң - шаң - ең - бең - жең - зең - кең - лең - мең - пең - рең - сең - тең - шең - мың - тың
2-ЖАТТЫҒУ
Жоғарыда берілген сөздерді диктофонға жазып ал да, сол сөздерді жатқа жаз.
3-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, бір буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.
Аң-заң-лаң-маң-оң-паң-таң-шаң-ең-жең-кең-мең-рең-сең-тең-көң-өң -мың-тың.
4-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, көп буынды сөздерді оқы, жазылуын есте сақта.
Аңға - даңғаза - жаңа - жаңбыр - заңдар - ұңғы - қаңғыбас - лаңкес - маңдай оңқай - паңданба - саңырауқұлақ - таңданба - шаңырақ - еңіреме - жеңесің- зеңбірек - кеңірек - леңгір - меңіреу - реңк - сеңгір - теңбіл - шеңбер - маңай- тыңдарман - мыңдаған - шыңға - оңға - тоңба - мұңайма - сыңай-кеңейт.

1. Сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Сабақ жүргізілуде көрнекіліктің маңызы зор. Көрнекі құрал арқылы түсіндірілген дәріс баланың жадында берік және ұзақ сақталады. Әсіресе, балаға басқа бір тілді үйреткенде көрнекіліктің бір түрі - сурет бойынша жүргізілетін жұмыстың орны ерекше. Орыс әліпбиінде жоқ, қазақ тіліне тән дыбыстар оқулықта қандай тәртіппен берілсе, оқушыларға сондай тәртіппен таныстырылады.

Мысалы, құрамында « ә » дыбысы бар төрт сөздің суреті салынып астына олардың аттары жазылады.

Бұл сөздерді алдымен мұғалім мәнерлеп оқып шығады. Оқушылар суретке қарап іштей аттарын атап танысады.

-Мынау не?

-Мынау - әтеш. Мен осы жолмен 3 - 4 баладан жауап аламын. Сөздерді 2 - 3 бала оқығаннан кейін, алдымен сөзді, содан кейін суретті тасалап, қайталату керек.

Мақсат - оқушы суретті көріп, түсініп қана қоймай, қалай жазылады, қалай айтылады, соған оқушының көзін үйрету, тілін жаттықтыру. Тақтадағы суретті оқушылар сөздік дәптерлеріне көшіріп, жанына суретін салу керек, яғни оқушының суретті сөздігі болады. Әр сабақта 4 - 5 сөздің суреті салынып үйретілсе, жаңа сөздер оқушының естерінде жақсы сақталады.

2. Сөз ішіндегі жаңа дыбысты бөліп үйрету.

Тақтада жаңа сөздер жазылған көрнекі құрал ілулі тұрады. Мұғалім сөздерді буынға бөліп, жаңа дыбыстарды басқа дыбыстардан ерекшелеп, жеке үйретеді.

Мысалы:

-Ерік деген сөзде неше буын бар?

-Екі буын бар.

-Бірінші буында неше дыбыс бар?

-«Е» деген бір дыбыс бар.

-Екінші буында «рік» деген 3 дыбыс бар.

-Жаңа «і» дыбысы қай буында?

-Екінші буында.

-«І» дыбысын созып айтуға бола ма?

-Иә, «І» дыбысын созып айтуға болады.

-Демек, «І» дыбысы буын құрайтын дауысты дыбыс болғаны, - деп мұғалім ой қорытады.

Сөз ішіндегі жаңа дыбысты бөліп үйретудегі мақсат: оқушылардың тілін жаттықтыру, дыбыстың айтылуына, естілуіне оқушының құлағын дағдыландыру, әр сөз сайын қайталатып сөйлетуге үйрету, сөздік қорын байыту.

3. Қазақ тіліне тән әріптердің жазылуымен таныстыру.

Қазақ тіліне тән әріптің баспа түрін жазба түрімен қатар таныстыру арқылы олардың жазылуын үйрету қажет. Мұғалім оқушыларға әріптің баспа түрін кітаптан көрсетеді. Әріптің жазылуын тақтаға жазып көрсетумен бірге оның қандай элементтерден тұратынын түсіндіремін. Бас әріптің, кіші әріптің жазылуын көрсетумен қатар сол әріптің сөз ішінде басқа сөздермен қосылу жолдары да таныстырылады. Әріптің жазылу элементтерін оқушыларға орыс тілінде үйрету керек.

4. Кітаппен жұмыс.

Кітаппен жұмыс істеу - берілген мәтінді дұрыс оқу, жаттығу мақсатын дұрыс орындау, сөздік қорын байыту, грамматикалық ережелерді дұрыс қолдана білу деген сөз. Енді қазақ тілінің 10 әрпін үйренуге байланысты кітаппен қалай жұмыс істеу керек? Оқушылар кітаптарын ашып, мұғалімнің қалай оқитынына зейін сала тыңдап отырады.

Ең алдымен сурет астындағы сөзді, сөйлемді оқып, аудармасын сұрайды. Екінші кезекте жеке сөзді немесе буынға бөлінген сөздерді оқиды, оқушыларға оқытады, орыс тіліне аудартады. Үшінші кезекте сұрақ - жауапқа құрылған тест оқылады. Осы кезде олардың әрбір буынды, сөзді дұрыс оқуын қадағалап отырамын. Оқушылардың көпшілігі сөздерді бұрмалап оқиды.

Мысалы: кельди, барди, минау. Бұл кемишілікті дер кезінде түзеп отырмаса, олар қазақ сөздерін өз ыңғайына бейімдеп, оны түзету қиынға түседі.

5. Сөз ішіндегі жаңа дыбыстарды тану.

Сөз ішіндегі жаңа дыбыстарды тану жұмыстары белгілі бір әріпті пысықтайтын екінші сабақта жүргізіледі. Өткен сабақта танысқан құрамында «Ә» дыбысы бар сөздердің біреуін оқушылардан сұрап алады да, тақтаға жаздырады. «Қасық» деген сөздің қай буынында жаңа дыбыс бар, - деп сұраймын. «Қ» дыбысының дұрыс айтылуын жасалуын қадағалап сұрап, қате жері болса түзеймін. Сонан кейін бұл сөз тақтаға жазылады. Сөз ішіндегі жаңа дыбысты тану үшін жүргізетін жұмыстың екінші түрі - жазбаша және ауызша жаттығу жұмыстары. Ауызша жаттығу жұмысын қалай жүргізу керек. Сөздің не қысқа сөйлемнің жаңа дыбысын жасырып басқа сөздерді айтамын. Мысалы: қағазды көрсетіп оны үстелге қоямын да, « үстелде не жатыр? » - деймін. Үстелде қағаз жатыр деп жауап береді. Осы сөйлемдегі жаңа дыбысы бар сөзді табу.

Мұғалім алдын ала бірнеше сөйлем құрап, жаңа дыбыс орнына көп нүкте қояды.

Мысалы: Қыз орнынан т...рды.

6. Мазмұнды суретпен жұмыс.

Қазақ тілінің дыбыстарын таныстыратын алғашқы сабақтан бастап - ақ көрнекі құрал қолданамыз дедік. Мазмұнды суретпен жұмыс өткен әріпті қайталайтын, пысықтайтын сабақта жүргізіледі. Яғни алған білімді тиянақтап, бекітудің ұтымды әдісі болып саналады. Алдымен тақтаға көрнекі құрал ілінеді, оның астына жазылған сөйлемді оқимын, содан соң оқушылардың қатысуымен орыс тіліне аударамын. Осы сөйлемнің ішіндегі қай сөздерде біз өткен жаңа дыбыс бар - деп сұраймын.

Мысалы: «Түлкі әтешті әкетті» деген сөйлем жазылған көрнекі құрал.

-Түлкі мен әтеш не істеді?

-Түлкі әтешті әкетті.

-Осы сөйлемде «ү» дыбысы қай сөзде кездеседі?

-Түлкі деген сөзде.

-«Ү» дыбысы қай буында?

-«Ү» дыбысы бірінші буында.

Осылай өткен дыбыстардың жасалу жолдары қайталанады. Бұл әдіс арқылы оқушылар сөйлеуге үйренеді, сөздік қоры молаяды, фонетикалық талдау жүргізіледі.

7. Көрнекі етіп жазылған жеке буындармен жұмыс.

БЖоба ң мен ндыбысыұл әдіс алғашқы сабақтан бастап ауызша жүргізіледі. Ең алғашқы сабақта бұрын өтілген 4 - 5 сөз буынға бөлініп жазылады. Бұл сөздердің оқушыларға таныс екенін ескертемін. Жол басынан бастап бір буынды оқимын. «Са» деген буынды оқытып тұрған кезде көрсеткіш таяқпен «уын» деген екінші буынды көрсетемін, содан соң « шы » деген үшінші буынды көрсетіп оқытамын. Сонда сөз «сауыншы» болып шығады. Қалған сөздер осылай талданып, дәптерлеріне жазылады.

Жоба ң мен ндыбысыЖоба ң мен ндыбысы

БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ

Терме диктант Тілі ұғымды , өмірі таныс болғаннан ба немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектеп айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете желген әнінен бе? Бебеу қаққан қоңыр майда домбырадан ба? Қалай да болса, Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар еш нәрсе естімеген сияқты болды. Күндіз де, түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Екі ақын Ұлжан үйін барлық осы үлкен ауылға қан базардай қалың жиын үй қып жіберді. Осы жолы Абай әрі өзі ысылып, әрі шешесі арқылы салмақ салып, Барлас пен Байкөкшені дәл бір айдай жібермей ұстап еді. Бұл уақыттарда жас бала Барлас, Байкөкшемен біржолата дос, жақын боп алды. Бертін келе, түнде Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді. (М. Әуезовтен.) (108 сөз)

Түсіндірме диктант

Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса,үсті де сондай бай ғой. Мұның сыңсыған орманының өзі бір байлық емес пе жатқан! Оны нағыз Тайганың өзімен ғана теңестіруге болады. Алтай орманын аралап көргендеріңіз бар ма сіздердің? О, ғажап қой оның іші! Балуан пішінді самырсын қарағайын көріп пе едіңіздер? Жел қозғағанда, оның жасыл ине жапырақтарының ғажайып күйге ұқсайтын сыбдыр-сыбдырын естіп пе еді құлақтарыңыз? Самырсын қарағайын көрмесеңіздер,оның үнін естімесеңіздер,онда Алтай орманын аралаңыздар.Көкке тіреу болған күміс діңгекті көріп пе едіңіз? Көрмесеңіздер,Алтайдың күміс қабық қарағайына қараңыздар сүйсініп.

...Ең алдымен орман ішінің ауасын айтсаңызшы! Оған жақындай

бергенде-ақ, шөптің, шайырдың, жапырақтың топырақтың, ағаштың, гүлдің, бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрыныңды жарады.Неше түрлі нәрлі жемістің қосындысынан жасалған керемет сусын іспеттес ауаны кеуде кере, қайта-қайта жұтумен боласыз. (Ә.Нұр.) (115сөз)

Шығармашылық диктант

Күздің таңы баяулап атып келеді екен. Қос аңшы құстарын ұстап шықты да, белдеудегі аттарын кеп шешті..

Мосқал жасты, бурыл сақал қарт бүркітші Бекбол, жуан торыға жақындай бергенде, арт жағынан ат пысқырды. Сұр тонды кеспелтек денесін шапшаң бұрып, сырт айналғанда, Бекбол кезең асып келе жатқан қасқа атты жүргіншіні көрді. Мойнына мылтық асынған, мезгілсіз жүрген жолаушы асығып, жедел келеді екен.

Бекбол ерге қонбай, тор атты сулығынан тартып, жүргінші келе жатқан жаққа бұрды. Ауыр бүркіт ұстаған оң қолын ердің үстіне салып, таңырқап тосып қалды.

Жас аңшы Жәнібек Бекболдың неге аңырғанын байқаған жоқ екен. Ол сырт қарады. Бұл ұзын бойлы, сом денелі жігіттің бет ажарында тау күніне күйген қою қызылы бар. Қысқа мұрты жаңа тебіндеп келе жатқан, өткір көзді, сұлу жүзді, қара күрең жігіт еді.

(М. Әуезов) (121 сөз)

Терме диктант

Қажымұқан жас кезінен күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүріп, жұмыс істегенде, оның күшіне ел сүйсінген екен. Осы баланы бір күні екі ат жеккен арбамен отын әкелуге жіберіпті. Қыстың қақаған шағы болса керек, екі ат тиелген отынды тарта алмай, ақыры біреуі мертігіп, жүре алмай қапты. Сонда бала жігіт кешқұрым, қарлы суықта далада қалғысы келмей, мертіккен атты арбаға көтеріп сап, өзі екінші аттың қамытын мойнына іліп, бір жағын өзі сүйреп, ауылға әкелген екен. Осыдан бастап, қайраты мол жас бала жайлы алдымен ауылға, одан аймаққа тарапты. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге кетеді» емес пе! Бұған қоса Қажымұқанды жалдаған бай осындай мықты құлым бар деп мақтаныпты. Қажымұқан алдымен цирктерде күш өнерін көрсеткен. Кейін келе-келе, жекпе-жек күрестерге түскен. Ол осы өнерімен дүние жүзін аралап кеткен. Талай елде құрмет тұғырына көтерілген.

(С.Бақбергенов.) (125 сөз)

Түсіндірме диктант

Жапаның қараша үйі суат бойына орналасқан. Ер азаматтың қандай іс тындырып жүргенінде не шаруасы бар, әйелі Ұлдан мен қара домалақ ұлы Жамбыл толымсыз тіршілікпен айналысады: Жапаның орнын жоқтатпай, қолда бар малдарына бас-көз болады. Күнделікті бір сарын тіршілік Жамбылдың ішін пыстырады. Үйлеріне қонақ келсе екен деп армандайды. Бала Жамбыл үшін ол үлкен қуаныш. Әңгімелеріне құлақ түріп, сөздерінің астарын ұғуға тырысады. Көңілінде ұялағанды жадында сақтап қалуға ұмтылады. Көпті көрген ауыл ақсақалдарының әрбір сөзінен ғаламат әсер алып, тәтті қиялға беріледі,

Ана жүрегін қойсаңшы, ұлының әр қимылын көңіл зердесіне түйіп отырады. Соңғы бір-екі жылдан бері баласының ересек тартып, сөз төркінін ұғуға ынта қоя бастағанын сұңғыла ана іштей аңғарып жүрсе де, қалқан құлақ, тобылғы түс, томпақ бет баласына әзірше тіс жарып, сыр тартып көрген емес.

Шығармашылық диктант Өзі ешкімге ізденіп соқтықпайды. Ит баласына заты қастай, жібімейді. Әлі күнге бір рет жадырап ойнап көрген емес.Татулық жоқ,суық. Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса - келеді.Онда да жүгіріп келмей, құйрығын сөлектетіп қана келеді. Бұны да ашыққан уақытында істейді. Әйтпесе көбіне анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап жатып алады. Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Ауылдағы өзі құрбы күшіктерден сонша үлкен емес. Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды. Өзге көп ит те ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді. Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді.Бірақ ержете бастаған сайын бұдан иесі көз жазып қала берді. Сондай кезде Көксерекке ылғи жау иттер кездеседі.

(126 сөз)

Жоба ң мен ндыбысы

Жұмбақтар

Фонетикалық екі ұғым,

Бірімен бірі сыбайлас.

Бірі айтылады да естіледі

Екіншісі жазылады да көрінеді.

Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жемек болсаң.

Он шақтысы еркін өтеді,

Қалғандары қақтығып барып өтеді

"Жасырынған әріптер"

Мына бос торкөздерге тиісті әріптер қойсаңыздар, жерлес ақынымыздың ана тілі туралы өлеңінен үзінді оқи аласыздар.

Тапсырма: 1-2 тармағына тиісті дауысты, 2-3 тармағына тиісті дауыссыз дыбыстарды қойып, оларға сипаттама беру керек.

"Жасырынған әріптер"

І топ

...н... т...л...ң ...р...ң б...л,

...т...ң б...п т...р б...тт....

ІІ топ

Ө......е ...і......і... ...ә...і... ...і...

Ө... ...і...і.........і ...ұ......е......е!

Сиқырлы дөңгелек

"Адасқан әріптер" ойыны

І топ "Адасқан әріптерді" орнына қой және жуан дауыстылардың астын сызу.

м,д,и,н,т,е,і,т,ә,е

б,л,а,б,қ,ш,а,а,а

ұ,а,з,т,с

к,н,ф,е,т,о,и,а

ІІ топ "Адасқан әріптерді" орнына қой және жіңішке дауыстылардың астын сызу.

р,і,е,т,р,ә,п

д,у,ы,з,ы,с,с,а

з,к,і,л,е,у

а,а,т,р,м,п,с,ы ТЕСТ № Тапсырмалар Жауаптар 1 Төмендегі сөздердегі и қандай дыбыс ? Ки, имек, киім а)дауыссыз ә)дауысты 2 Дұрыс жазылған сөздерді белгіле. а)каимақ, кайрақ ә)қаыймақ,қаыйрақ б)қаймақ, қайрақ 3 Көп нүктенің орнына тиісті әріпті белгіле. А...а,қа...ын,...ық а)ұ ә)ү б)у 4 У қай кезде дауысты ? а) дауыссыздан кейін келсе, ә) дауысты дыбыстан кейін келсе, б) дауысты дыбыстан кейін , сөз басында келсе, 5 Дұрыс жазылған сөзді белгіле. а) тайақ ә) таяқ б) тайяқ 6 Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой. Қо....,о....,кү... . а)йу ә)ю б)йю 7 Үнді дауыссыз дыбыстарды тап а)б,в,г,ғ,д,ж,з, ә)л,м,н,ң,р,й,у б)а,о,ә.ұ 8 Ң қандай дыбыс ? а) қатаң ә)үнді б)ұяң 9 Дұрыс жазылған сөзді тап а)құлақы ә)құлағы б)құлагы 10 Дұрыс жазылған сөзді тап а)жанғақ ә)жамғақ б)жаңғақ Жауаптар 1) Ә 2) Б 3) Б 4) Ә 5) Ә 6) Ә 7) Ә 8) Б 9) Ә 10) Б

Қате жоқ -5 деген баға

1 қате -4 деген баға

2 қате -3 деген баға

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Терентьев М. «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская».-Книга І, СПб., 1875.
2. Радлов В.В. «Фонетика северных тюрксих языков» (Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы). Неміс тілінде жазылған. - Лейпциг, 1882.
3. Аралбаев Ж.А. «Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі жайында»// Кітап: Фонетика казахского языка. - Алматы, 1969. - 27-42 б.
4. Байтұрсынов А. «Қазақ тілінің дыбыстары»// «Жаңа мектеп» журналы, №2; «Дыбыстардың жіктелуі». «Төте оқу» 1936, желтоқсан айы, №30; «Сөз үндістігі». «Төте оқу» 1937, 5 март, №7. (Байтұрсынов А. Шығармалары, Алматы, «Жазушы», 1989; «Қазақстан әйелдері», №4, 1989).
5.Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж
6.Қазақ ертегілері
7.Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова,А.Құлажанова Әліппе, Алматы, «Атамұра», 2008 .-74 б
8. «Ана тілі» газеті «ң»-сыз сөйлейтін кімсіз?! 10-ақпан, 2009


© 2010-2022