Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі Султаналина Куляш Боранбаевнаның дүниетану пәнінен өткізген аудандық ашық сабағы

17.03.2015

Дүниетану

4- сынып

Сабақ тақырыбы:

Кітап қайдан шығады?

Жалпы мақсат:

Кітап қайдан шығатынын білу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Дүниетану оқыту әдістемесі

4- сыныпқа арналған дүниетану оқулығы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Кітаптың маңызы, ерекшеліктері туралы түсіну

Негізгі идеялар:

Жұптық ,топтық жұмыста байқағыштыққа үйренуі.

Оқу үдерісінен оқушылардың қалыс қалмауы

Сабақта қолданылатын материалдар:

Флипчарт, стикер, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар, таратпа материалдары, бағалау парақтары.

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістері. СТО. АКТ

Оқыту мен оқудағы бағалау

Көшбасшы

Жас ерекшелігі

Дарынды оқушымен жұмыс

Дерек көздері:

Интернет, суреттер.

Тапсырмалар:

Кесте толтыру, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, рефлексия жасау

I.Психологиялық ахуал туғызу

Шаттық шеңберін құру, топқа бөлу, топ басшысын сайлау. Топ ережесін еске түсіру. Бағалау парағын беру.

Шаттық шеңберін құру,топқа бөліну, топ басшысын сайлау.

II.Үй тапсырмасын сұрау

«Ыстық орындық» арқылы үй жұмысын тексеру: - Алғашқы мұғалім адамға неге ыстық?
- Мектептен алған біліміңнің қандай пайдасын көрдің?

«Алғашқы мұғалім» тақырыбында шығарған өлеңдерін, әңгімелерін , мақал - мәтелдер оқу.


III. Жаңа тақырып





Айналамыздағы құбылыстарды, заттарды қалай жазар едің?



Оқулықпен жұмыс

Тапсырманы орындау

IV. Сергіту сәті

V. Дәптермен жұмыс

Power Point таныстырылымы арқылы сабақты қорыту



Бейнежазба

Жұмбақ жасыру
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлгісін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің.
Бұл не?
(кітап)
- Сонымен, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Кітап қайдан шығады?
- «Күш - білімде, білім неде?»
- Кітапта
- Онда, кітаптың шығу тарихы туралы сыр шертейік.
Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап - барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
- Ендеше, кітап қайдан шықты?
- Қазір сендер, өздеріңді ежелгі адамбыз деп елестетіңдер, алдарыңда қағаз жатыр, сендер оқу білмейсіңдер, ал біз айналамызда болып жатқан құбылыстарды, заттарды қалай жазар едік?
- Қане, құс деген сөзді қалай жазар едіңдер? Ағаш, бұлт, күн, көз т. б.
- Қалай жаздыңдар?
- Суретін салдық, бейнеледік, таңбаладық.
- Бұл таңбалар иероглифті жазбалар деп аталады. Ал ол кездегі жазу құралы тас көмір, күйе болған.
Алдымыздағы кітаптар бірден пайда болмаған. Алғашқы кезде кітап болмаған кезде адамдар тасқа қашап жазған. Қазақ тарихында тұңғыш кітап 1841 жылы «Боз жігіт» деген атпен Қазан қаласында басылып шықты.
- Мәтінді түсініп оқу.

1 - топ: Папирус, Пергамент туралы.
2 - топ: Балшықтан, тастан жасалған кітап туралы.
3 - топ: Компьютерлі кітап басылымы туралы.
Кітап деген не? Кітап туралы мақал-мәтелдер жазу.
● Мәтін бойынша сұрақ - жауап
- Алғашқы кітаптар қандай болған және олар не нәрселерге жазылған?
- Бұрын кітаптар неге қолмен көшірілді?
- Кітап алғаш қалай басылған, қазір қалай басылады?
- «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» дегенді қалай түсінесің?
- Кітап туралы қандай мақал - мәтелдер білесің?

Мектеп кітапханашысымен кездесу.

Оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Жұппен орындайды.

Топпен жұмыс. Әр топ берілген тапсырманы орындайды.

Әр топ мүшесі жеке жұмыс жасайды.



Топпен мүшелері бірлесіп, айналамыздағы құбылыстарды, заттарды жазып, бейнелеп, таңбалайды.



Жеке жұмыс. Әр оқушы іштерінен оқиды

Постермен жұмысты орындайды, қорғайды.

Жаңа сөздерді дәптерге жазу.

Папирус-тропикалық Африкада өзендер мен көлдердің жағалауында өсетін көпжылдық су өсімдігі.

Пергамент (Пергам қаласының атауынан) - пергамент жазу материалы ретінде б.д.д. ІІ-ғасырда жасала басталған. 1. Ірі қара малдың және шошқаның өңделген, бірақ иленбеген терісі. Музыкалық аспаптар жасауға (соқпалы-барабан), тоқыма машиналарының кейбір бөлшектерінде қолданылады; 2. Май өткізбейтін қағаз. Орама ретінде және техникалық мақсатта пайдаланады. Негізі күкірт қышқылы- мен өңделген қағаздан тұрады.

Бейнежазбаны көру

VI. Ой толғау

Сұрақтарға жауап беру. Ескі,Жаңа әлемді салыстыру арқылы кестені толтыру.

Есіңе сақта! Кітапты күтіп ұстау, кітап оқудың ережесі.

Сұрақтарға жауап береді. Қол шапалақтау ,өзін-өзі бағалау. Оқушылар ескі, жаңа әлемді салыстыру арқылы кестені толтырады.

VII. Бағалау

Оқушыларды мадақтау,қолдау, бағалау парағы.

Қол шапалақтау,өзін-өзі,топпен бағалау. Топ басшыларының бағалау парағындағы қойылған бағалар туралы айтып береді.

III. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын қағазға жазып беру.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып береді.



© 2010-2022