Конспект сабақ по математике Екі таңбалы санды қосу және азайту әдісі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санды қосу және азайту әдістерін

қайталау

Сабақтың мақсаты: екі таңбалы санды қосу және азайту әдістері туралы алған білімдерін пысықтау.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік - екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың сәйкес есептеу әдістерін үйрету;

Дамытушылық - логикалы ой жүйесін, есте сақтау қабілетін дамыту үшін ауызша және есептеу дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік - бір-бірін зейін қойып тыңдауға, ұшқыр ойлап тез жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық даярлық.

Бір-біріне сәттілік тілеу:
Қайырлы күн, досым
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі бейсенбі күні
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын

XXI ғасырда Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдердің қатарына қосылуға үлкен қадамдар жасалуда. Егемендігімізді алғаннан кейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы 117- орыннан 61-орынға алға жылжыды. Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасап, алдыңғы жылдар мерзімінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуды меже тұтып отыр.
- Еңселі елулікке ену үшін біз қандай болуымыз керек? Білімді болу дегеніміз не?
- Білімді болу - бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі зәулім ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де белсенді, дарынды адамдар. Онсыз дамыған қуатты мемлекет болу мүмкін емес. XXI ғасырда әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде аттаған, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дамыған, білімді ел болу керек.
- Біз бүгінгі сабағымызда «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, «Білім шыңына» өзіміздің туымызды тігуіміз керек. Сонда біз өркениетті 30 елдің қатарына қосылуға өз үлесімізді қосқан боламыз. Баспалдақпен көтерілу үшін тапсырмалар орындаймыз.

ІІ «Қайталау - оқу анасы» өткенге шолу

Конспект сабақ по математике Екі таңбалы санды қосу және азайту әдісі

ІІІ Жаңа сабақ

Конспект сабақ по математике Екі таңбалы санды қосу және азайту әдісі

Есепті шығар

Конспект сабақ по математике Екі таңбалы санды қосу және азайту әдісі

Сергіту сәті жануарлармен бірге

ІҮ Сабақты бекіту

Оқулықтағы 130-беттегі №6 есеп

Теңдеу құр және оны шеш

Х-пен 4-тің қосындысы 31-ге тең;

31 мен Х-тің айырмасы 4-ке;

Х пен 4-тің айырмасы 27-ге тең.

Ү Сабақты қорытындылау.

Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сіздерді
Математика сырына!

ҮІ Үйге тапсырма беру.

130- бет № 4

ҮІІ Бағалау.


© 2010-2022