Презентация к уроку Әліппе білім бастауы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: «Әліппе - білім бастауы» Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бекіту, алған білім - білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Көрнекілігі: шарлар, әріптер, ұлттық киімдер т.б. Сабақтың барысы: І. Кіріспе: (ұйымдастыру бөлімі). (Сахнада білім патшасы уәзірлерімен ертегілер әлемін тамашалап келеді). Білім патшасы: Уа, уәзірлер бері қараңдаршы. Мұнда не болғалы жатыр? Қонақтар көп жиналған, залда әсем безендірілген. 1-уәзір: Қымбатты патшамыз, бүгін үлекен мереке, үлкен той деп естідім. 2-уәзір: Бүгін 1-сынып оқушылары 4 ай бойы білім алып, сауаттанған Әліппемен қоштасады. 1-сынып оқушылары «Рахмет, саған әліппе» ертеңгілігін оздыратынын естідім. Білім патшасы: Не дейді? (Патша ашуланып, жерді 2-3 рет ұрып қалады).
  • Бұны ұйымдастырған кім екен?
  • Кім рұқсат берді?
  • Шақырыңдар жүргізушілерді.
Уәзірлер: Құп, тақсыр! (Жүргізушіні жетектеп алып келеді). 1-жүргізуші: Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Бірақ сіз бізді тоқтата алмайсыз, біздің оқушылар сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, оқып, біліп, үйреніп, сауатты жаза алатын жағдайға жетті. Осы қуанышты дүйім жұрттың алдында паш етеміз. Одан да ашуыңызды басып 1-сынып оқушыларының әліппемен қоштасу кешін тамашалаңыз. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз. Патша: Рұқсат, рұқсат жас бүлдіршіндер! Өнерлеріңді, білімдеріңді көрсетуге қарсы емеспін. 2-жүргізуші: Рахмет, Білім патшасы! Тыңдаңыздыр, тыңдаңыздар, Естімеген естіңіздер! Қазір бізде әліппе тойы басталады, Нұрлы үмітін арқалаған, Жан сәулесін тарататын баршаға Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға. (Музыка ойналып, залға қол ұстасып, бүлдіршіндер кіреді). 1-жүргізуші: Әліппе даңғыл жол ашты, Жаңадан пәндер жалғасты. Әліппе сырын ұқтырған, Рахмет, ұстаз алғашқы, - дей отырып, Нұргүл Әжібайқызына сөз береміз. Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, қонақтар! Бала біздің болашағымыз, елдің ертеңі, ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баули отырып, Тәуелсіздігіміздің 22-жылдық тойымен тұспа - тұс келген мерекеміз құтты болсын! Барлық ғылымның атасы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз - Әліппемен қоштасқалы отырмыз. Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы, Жас балаға нұр шашқан Қандай кітап тіл ашқан? Барлығы: Ә - ліп - пе! Олай болса, «Рахмет, саған Әліппе» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз. 1-жүргізуші: Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге, халайық Не үйреніп, не білдік?! Қане ортаға салайық! 2-жүргізуші: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Өйткені алғаш қолымызға ұстап, хат танытқан, сауатымызды ашқан әліппемен қоштасамыз. Ендеше, ортамызға білім беріп, әріп үйреткен әліппені шақырамыз. Әліппе: Армысыздар, жас достар! Армысыздар қонақтар Әліппең келді ортаға Білім деген ғажаптың Әліппесін меңгерген, Келешегі қазақтың Басталады сендерден. 1-жүргізуші: Құрметті Әліппе, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы боласыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасып, бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз. 1-оқушы: Әліппе деген алтын жол, Апарар сені алысқа, Жеңіл емес, ауыр жол Тырмысып бақ, намысқа. 2-оқушы: Әліппем, менің әліппем, А деген бастап әріптен Сөз құрап, жаза бастадым, Тақылдап таңба танып мен. 3-оқушы: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені Қызығып қарай бердім әріптерді Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың, Ұстазым маған кілтін алып берді. 4-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем Жол тұсауын кестің сен Аяулы анам болып сен Айыбымды кештің сен. 5-оқушы: Білімге жолды бастаған, Әліппем саған мың алғыс. Оқы деп ұран тастаған Әліппем саған мың алғыс. 6-оқушы: Таныстырып 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем Сенің арқаң оқи, жаза білгенім, Сауатты адам санатына кіргенім. 7-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем Көп нәрсені үйреттің Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің! 8-оқушы: Ыстық әрбір беттерің, Жазуыңды ұғамын Ақыл бердің әліппе Ақылды сен мұғалім! 9-оқушы: Әліппем, менің Әліппем, Өмірді келем танып мен. Қайталап айтам мың рет Өзіңе көп, көп рахмет 10-оқушы: Үйретті бізді Әліппе, 42 дербес әріпке Сөз, сөйлем құрап әріптен. Лайық болдық дәріпке. Хор: «Әліппе» 2-жүргізуші: Тәуелсіз елін, оттан ыстық Отанын, елін, жерін сүйетін Тәуелсіз елдің ұрпақтарын тыңдайық. 1-оқушы: Елімнің атын айтсам - Қазақстан Жерімнің атын айтсам - Қазақстан, Қойнауы қазынаға толған мекен Байлығым атап айтсам - Қазақстан. 2-оқушы: Қазақстан - Республика мақтанышым, Мен сені жырлаймын мақтан үшін Құдайым маған кішкентай жүрек берген Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін. 3-оқушы: Менің елім - Қазақстан, Отаным Жырлап жазып өзіңді әнге қосамын. Мәңгілікке қымбатсың сен туған ел, Арта берсін абыройың, атағың. 4-оқушы: Қазағым, қара орманым байтақ елім, Жақсыны, жаманды да байқап едің Асырған мерейіңді асқақтатып, Ел басы - бойлап өскен бәйтерегің! Ән: «Отан» хор. Білім патшасы: Балалар, мен сендердің өнерлеріңді көріп отырмын. Ендеше білімдеріңді көрейін. Сендер менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. 1-тапсырма: Балапан, кітапхана, мектеп, ғарышкер сөздерін буынға бөліңдер. 2-тапсырма: Отан, дала, асық, кітап сөздеріне дыбыстық талдау жаса. 3-тапсырма: Қарға, балық, бақша, арба, сөздері қалай жазылады? Айтып берші. 4-тапсырма: Әліппе пәнінен үйренген бір тақпақты айтып берші. Білім патшасы: Рахмет, балалар! Сені әліппені жақсы меңгеріп, сауаттанған екенсіңдер. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Сендерге сәттілік тілеймін. 1-жүргізуші: Балалар сендердің әліппе достарыңмен қоштасатын сәттерің жетті, енді жаңа пәнмен достасамыз. Әліппеге не айтар едіңдер? 1-оқушы: Нұрдаулет Өтті оқу, сан сабақ, Бүгін үлкен салтанат. Басқа оқулық достаспақ Әліппемен қоштаспақ! 2-оқушы: Қарақат Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға басқа кітап аламыз Ата - аналар қуанышқа ортақ бол, Сауатты болып шықты балаңыз! Әліппе: Ризамын, жас достар! Енді сендер жаңа пән «Ана тілі» оқулығымен танысып достасасыңдар, жақсы оқитындарыңа сенемін, оқығандарың есте болсын, күнделіктерің беске толсын! Сау болыңдар, жас достар! Барлығы: Бізге оқу үйреткен, Бар уақыты бірге өткен Әліппе, саған көп рахмет! Әліппе: Ендеше, менің сүйікті досым Ана тілі пәнін қарсы алыңыздар. Ана тілі: Сәлеметсіздер ме балалар! Армысыздар халайық! Оқушылар: Сәлеметсіз бе! Ана тілі Ана тілі: Мен сендермен танысқаныма қуаныштымын. Ана тілі пәніңмін Ана тілің - ұраның Ана тілі - құралың, Ана тілің болмаса, Болмас еді Отаның. Ана тілі жұмбақ жасырады:
  1. Қабат - қабат қаптама
Ақылың болса аттама (Кітап)
  1. Есіңде ме дөңгелек
Есіңде ме әңгелек, Дөңгеленген әріпті, Тауып берер қай зерек? (О)
  1. Ас біткеннің атасы
Қасиетті «нан» осы Қайсы әріптен басталып? Аяқталған қарашы. (Н)
  1. Жазып - жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (Бор) 2-жүргізуші: Балалар, біз тек әріп танып қоймай, сонымен қатар сандар әлемімен таныстық. Ендеше, математика пәнін шақырамыз. Математика: Армысыздар, жас достар! Біздер таныспыз ғой. Мен білімдеріңді сынау үшін тапсырмалар әкелдім. Қане, тыңдайық:
  1. Аулада 4 үйрек,
Қорада 3 үйрек 2 үйрек тығылды, 1үйрек жығылды.
  1. Алдында 3 балапан,
Артында 3 балапан Ақтауық пен балапан Айтшы санын балақан.
  1. 1-ден 10-ға дейін тура сана
10-нан 1-ге дейін кері сана.
  1. 8 бен 9 сандарының құрамын айтыңдаршы.
Жарайсыңдар мен сендерге ризамын. Ән: «Үйретеді» хор. Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында, Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар. (Қонақтарға сөз беріледі, концерттік бағдарлама жалғасын табады).



© 2010-2022