Жазбаша қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Поурочный план

The plan of the lesson

Күні/дата/date: 30.04.13

Сынып/класс/class: 2 «Б»

Пән/предмет/subject: Математика

Тақырып/тема/Theme: Жазбаша қосу және азайту

Сабақтың үлгіс/тип урока/type of lesson: қайталау

Сабақтың түрі/вид урока/king of the lesson:дәстүрлі

Сабақтың әдісі/методы: түсіндіру, сұрақ - жауап, тест.

Сабақтың мақсаты/цели урока/objectives:

А) білімділік/образовательная/educational: Ондықтан аттап жазбаша

қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру.

Ә)дамытушылық/развивающая/developing: Математикалық ұғымдарды

меңгерту: оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту.

Б) тәрбиелік/воспитательная/ bringing - up: Өз әрекетіне саналы

көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін

күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/оборудование/recourses: презентация, сандық сызбалар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздерме оқушылар!

II.Психологиялық дайындық: Қане, барлығымыз орнымыздан тұрып, бойымызды тіктеп алайықшы! Енді бәріміз бірге:

  • Амансың ба, алтын күн!

  • Амансың ба, көк аспан!

  • Амансың ба, достарым!

  • Амансыздар ма, қонақтар!

  • Сабағымызды бастайық

  • Жамандықты тастайық!

Жарайсыңдар! Енді орнымызға отырайық.

III. Үй тапсырмасы: Балалар өткен сабақта біз « Жазбаша қосу мен азайту» деген тақырыппен таныс болғанбыз. Бүгін сол тақырыпты нақтылап қорытындылаймыз.

IV. Сабаққа кіріспе: Ол үшін біз сабағымызды Қостанай өңірінің тумасы Ақылбек Шаяхмет ағамыздың сөзімен бастасақ. Балалар Ақылбек Шаяхмет ағамызды танитындарымыз бар ма?! Ол кісі жазушы, ақын, аудармашы. 1951 жылы 17 маусымда Қостанай облысының Жітіқара ауданында дүниеге келді. Ол кісі «Әлемде тек білімділер ғана жеңіске жетеді» дейді. Не үшін тек қана білімділер жеңіске жетеді деп ойлайсыңдар? Сонымен балалар бүгін алған білімдерімізді тексеруге бізге көп қонақ келіпті. Мұқият тыңдаймыз. Ертеде шал мен кемпір болыпты. Олар өте кедей тұрыпты. Бір күні шал теңізге балық аулауға барса қармағына алтын балық ілініпті. Сонда алтын балық шалға айтыпты: «мені босатшы», - деп. Шал айтады егер сен менің тапсырмамды орындасан мен сені жіберемін дейді. Қане балалар алтын балыққа көмектесейік. Ол үшін мына тапсырмаларға тез, әрі нақты жауап беруіміз керек. Сонымен

1 - ші тапсырма«Жылдам сұрақ, тез жауап» деп аталады.

Мында бізде өлшем бірліктері берілген. Қане,ки балалар өлшем бірліктерін есімізге түсірейік. Тез әрі жылдам жауап берулеріңіз керек.

  1. 1м = 100см

  2. 10см = 1дм

  3. 1м = 10дм

  4. 1000м = 1км

  5. 1000г = 1кг

  6. 1ц = 100кг

  7. 10ц = 1т

  8. 1т = 1000кг

  9. 1мии = 60с

  10. 1сағ = 60мин

  11. 24сағ = 1тәул.

  12. 100жыл = 1ғасыр

2- ші тапсырма «Білім қақпасы».

V. Оқулықпен жұмыс. №1 есеп. Баған түрінде жазып орында. Ондықтарды ондықтардың астына, ал бірліктерді бірліктердің астына жазып орындаймыз.

43+26=69 243+ 526=769 69- 26=43 769- 526=243

VI. Тақтамен жұмыс.

№2 есеп

А) 43см+26см = 69см 4дм 3см + 2дм 6см = 6дм 9см

243см+526см =769см 2м 4дм 3см+5м 2дм 6см = 7м 6дм 9см

№3есеп

650+300-20 = 930 650+30-20 = 660 640-240+400 = 800 780-240+400 = 940

№4есеп

870-х = 570 300+х = 870 х-300 = 570

х= 870-570 х= 870-300 х= 570+300

х=300 х=570 х=870

870-300 = 570 300+570 = 870 870-300 = 570

570 = 570 870=870 570=570

VII. Сергіту сәті

VIII. Дәптермен жұмыс.

№5есеп

Барлығы-596л

Май айыруға-234л 1) 234+252 = 486

Қаймақ айыруға-252л 2) 596-486 = 110

Қалғаны ірімшік-? Жауабы: Ірімшік жасауға 110 литр сүт жұмсалды.

№7 есеп

4 м 3 дм = 43дм 1тәул. 6 сағ = 30сағ

9 м 60 см = 960см 2 мин 1 с = 121с

5 дм 1 см = 51см 1 сағ 30 мин = 90мин

3 - ші тапсырма «Ойланып ойға түйейік». Соңында балалар ата өзінің есімін жасырыпты. Ол кісінің есімін табу үшін мына есептерді тез әрі жылдам шығарып, жауаптарын кему ретімен қою қажет. Сонда ғана ол кісінің есімін таба аламыз.

754- 20 (А) 580- 200 (Ғ) 531+ 8 (Ы) 960- 500 (Б) 620- 20 (А) 125+ 201 (Й)

Өте жақсы балалар! Ағыбай атадан алтын балықты құтқарып алдық. Алтын балық сендерге өз ризашылығын білдіруде.

IX. Қорытынды . Балалар енді бүгінгі сабақты қорытындылай келе мен қазір тест жүргіземін. Тестті белгілеуге 3 минут беріледі.Жақсы.

X. Бағалау. Осы тест арқылы бағалаймын.

XI.Үй тапсырмасы

Кітаптағы №2 (ә), 6 есеп.

Пән мұғалімі: Токушева А. Ж______

Әдіскер: Жакетова С. Б______

© 2010-2022