Мен және менің отбасым (Көркем әдебиет)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мен және менің отбасым

Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты:
1. Халқымыздың салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Балабақшамен ата-ана бірлігін нығайту.
3. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу
Барысы: І. Ұйымдастыру
Жүргізуші: Жиналыппыз бүгін міне бәріміз де,
Үлкен - кіші, жасымыз, кәріміз де
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтар,
Гүл жайнаған біздің мына төрімізге.
1-бала: Тыңданыздар! Тыңданыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар.
« Отбасы» тойы басталды.
Қызықтан тыс қалманыздар!
2-бала: Қастерлейміз халық боп,
Салт дәстүрді дәріптеп
Айтып кеткен бабалар,
Дәстүрінді таныт деп!
Жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ата-аналар, ұстаздар!
«Мен және менің отбасым» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Осы отбасыларымыздың қадамдары құтты болып, мәртебесі биік болсын, мәре төрінен көріне берулеріне тілектестік білдіре отырып,ортаға отбасы мүшелерін шақырайық.
1. Жұмысты терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Отбасы тұр құлшынып,
Қалмайын деп сендерден
(Ортаға ____________________отбасын шақырамыз)
2. Әділдік іздеп талпынып,
Тынбайтұғын шарқ ұрып
Бұл отбасы жарыста
Озам дейді талпынып.
(ортаға _____________________отбасы шақырылады)
3. Мінезге бай салмақты,
Байыптайтын жан-жақты.
Мерейлі бүгін сайыста
Жеңімпаз боп қалмақшы.
(ортаға ____________________отбасы шақырылады)
Отбасыларды ортаға шақырамыз.
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
Сайыс 6 кезеңнен тұрады
Ақыл-көрік бойлырыңа жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға ізетпен,
Отбасылар таныстырып өтеді.


1-ші кезен . «Тегімді менің сұрасаң» (Ортаға отбасылар шығып,өздерін таныстырады)
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында
дей келе

2-ші кезең «Өнерлінің өрісі кең» кезеңі (Топтың өнерін тамашалау ән ,би т.б)
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықта танытар.
Бұл сыннан де өтсең егер сүрінбей
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде-деп,


3-ші кезең «Ата мұраң-асыл қазынаң» қазақтың салт-дәстүрлері байланысты сұрақтар қойылады


1-сұрақ. «Қонақ-Құдай елшісі», «Қонақ келсе құт» деген қазақтың мақалдарынан халқымыздың қонақжайлылығын көреміз. Осы қонақ жөн-жолағысына қарай неше түрі болады?
/1. Құдайы қонақ-көлік күтіп, кеш болып кеткенде келген қонақ. Ондай қонақты үй иесінің қабылдамауға хақы жоқ.
2.Сый қонақ-арнайы шақырылған қонақ.
3.Қыдырма қонақ-ауыл үйдің қонағы/


2-сұрақ. . «Жасау», «Енші» салт дәстүрі, айырмашылығы


3-сұрақ.Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,үлкен азамат болғанға дейін жасалатын салт -жоралардың түрлері қандай?


4-сұрақ.Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз


5-сұрақ.Малайсары қария Сырымға «Кеудең тола бауыр болсын, арқаң қара нардай жауыр болсын, үйіңнің сыртынан дүбір, құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін» деп бата беріпті. Осы батаны қалай түсінесіз?/ кеудең тола бауыр болсын-өкпешіл болма, кешірімді бол дегені, арқаң қара нардай нардай жауыр болсын- ел жүгін арқала, шыдамды бол дегені, жора жолдасың көп болсын дегені/


6-сұрақ. «Домбыра сенде мін бар ма,
Мінсіз болсаң- тіл бар ма.
Тіл жоқ деуге бола ма,
Тілден артық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда»,-
деп дүлдүл ақын, күйші І. Жансүгіров айтқандай, күйді тыңдағанда жаныңды қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек бояуын табады. Олай болса, бірге күй тыңдап, сіз сол күйдің атын табыңыз, мүмкін болса авторымен (күй қойылады)


4-ші кезең .
Өнерлінің өнерін
Тағыда байқап көрейік
Жүйрік аттай желейік
Ептілерге кезек берейік «Ептілер сайысы»
Ойын шарты: Әжесі қиып дайындайды, немересі оны жапсырады. Қай топ ұқыпты қиып, тез жапсырса сол отбасы жеңген болып есептеледі.

5-ші кезең «Тіл өнері»
Шарты: Жұмбақ жасырылып, жауабын екі тілде айту керек: қазақша және орысша. 1 тілде жауап-5 ұпай, 2 тілдегі жауап 10 ұпай болып есептеледі.
Жұмбақтар:
Жұпар исі еседі, жайнап бақта өседі, аты не, кім шешеді? /гүл-цветок/
Суда қалқиды, жылыда балқиды /мұз-лед/
Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен /су-вода/
Ашылып жабылады, әр үйден табылады /есік-дверь/
Желден желігеді, судан шегінеді /от-огонь/



Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айталық төрелігін соңынан,- деп әжелеріміздің қолөнерін тамашалаймыз.

-Біз немерелерінің білімін сынап көрелік


6-шы кезең «Үй тапсырмасы» ( сайыскерлер өз шығармашылықтары бойынша жасалған жұмыстарын көрсетеді,таныстырады.)

Қорытынды: ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ АНЫҚТАУ
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес,жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын.
Кезекті әділқазалар алқасына береміз.


Қорытындылау
Ата салтым-асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірін,
Өткенімді бүгініммен жалғадым!


Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Сіздер бүгін отбасы тақырыбына арналған тәрбие сағатымызды көріп тамашаладыңыздар. Балабақша тәрбиеленушілерінің, өз ұл-қыздарыңыздың білімі мен өнерін аңғардаңыздар. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілей отырып, отбасыларыңызға береке , ынтымақ тілеймін. Балабақшамен жиі байланыста болыңыздар!





© 2010-2022